Өз ойым 17.10.2018 жариялады
Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «рухани жаңғыру дәлел». Көне замандағы көрікті қалаларымыз, сән салтанатты таласқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз бұртартпас айғақ болып табылады.
Рухани жаңғырусыз – жаһан көшіне ілесу әсте мүмкін емес. Бәсекелестік қабілет қазіргі таңда жеке адамға ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекеге қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Бұл Елбасының бас басылымдағы жарияланған мақаласының түп мақсаты. Қоғамды серпілтіп, ел болашағын айқындайтын аса құнды құжатта барша қазақстандықтардың арман-мұраты тоғысқандай.  Елбасымыз өткен жиындарында рухани жаңғырудың бірнеше принциптерін ұсынған болатын:
    Бәсекелестік қабілет. Ғаламданудың жаһандық жүйесіне еніп, ХХІ ғасырдың талаптарына дағдыланудың қамына кірісу сапалы табыстың кілті екенін атап айтты.
    Прагматизм. Ұлан ғайыр қазыналарымызды қалпынша қолданып, қорғау, бір мақсатпен жетелеген межеге жету арқылы түрлі саяси радикалды идеалогияларға тосқауыл болудың бағдарын ұсынды.
Ұлттық бірегейлікті сақтау. Елбасымыз үшінші қағидасында ұлттық код, яғни халқымызға тән салт-санамыз, асыл мәдениетіміз бұлардың барлығы бойымызда жалындап, үні шырқалып тұруын баса айтты, сонда ғана алға басулар болатының ескертті.
Білімнің салтанат құруы. Білім – рухани жаңғырудың басты алғышарты. Өйткені, ой жүйесі терең, алыстан пайымдап, тереңнен тамырланған дүниетанымы кең адам ғана бәсекеге төтеп береді деген ауқымды ұғымды білдіреді.  Қазіргі таңда білім бағдарламаларының елімізге ұтымды үлес қосып келе жатқанын айта келіп, табыс тізгіні – білімді болашақ жастардың қолында екеніне баса назар аударды.
    Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы. ХХ ғасыр қасіреттерін қаперімізге сақтап, одан сабақ алу және де дүрбелең туғызу экономикалық күйреуге алып келетінін қазіргі кезде болып жатқан әлемдік толқыныстарды мысалға келтірді. Ревалюциялық өзгеріс емес, эволюциялық жаңару алып келуіміз керек екеніне ой қортты.
    Ұлттық жаңғыру дегеніміз – ұлттық санамен тығыз байланысты. Оның түпкі мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтап, ел ішінде бейбітшілік пен келісім үйлесе отырып, ұлттық береке, бірлік салтанат құрған бәсекеге қабілетті, табысты ел болу. Рухани жаңғыру тұсында «Туған жер» бағдарламасының да маңыздылығы арта түседі. Қазақ елінің әр өңіріндегі сайы мен қыры, тауы мен жотасы, даласы мен қаласы терең тарихтан сыр шертеді. Ал, ел жастары олардың әрбірінен хабардар болуы тиіс. Себебі, өз тарихына терең бойлай алған ұрпақ қана Отанына адал, жауапкершілігі жоғары азамат болып өседі. Сондықтан, қазір ғалымдардың алдына зерттеу-зерделеу тұрғысында үлкен мақсат-міндеттер қойылып отыр.
     «Қазақстан – бір ел, бір халық, бір болашақ». Елбасы ұстанымы – осы. Қазақстанды мекендеген әрбір ұлт пен ұлыстың да мақсат-мүддесі осыған тоғысуы тиіс. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр.
Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс» деп тегін айтқан жоқ.
Жаңа жағдайға қарай бейімделу, жаңғыру – уақыт талабы. Бастысы, табиғи болмысымыз бен ұлттық кодымызды сақтай білсек, болғаны. Ұлт Көшбасшысының бұл игі бастамасын қолдап-қорғау барша азаматтардың басты борышы дер едік.
     Қорыта айтқанда, бұл елбасымыздың ұтымды қағидасы, халқына деген үндеу өсиеті деп білемін. Мен Елбасының осы сөздерін толық қолдай отырып, рухани мәдениеттің дамуы үшін тағылымды ұлттық тәрбиенің қайнарынан сусындап, биік адами құндылықтардың кемелдену барысында әрбір маман иесі кәсіби қызметін жоғары деңгейде жүзеге асыруы қажеттілігін түсінемін.Ішкі руханиятымыз арқылы, сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдап, жаңғырудың даңғыл жолына түсуге көшбасшымыз болашақ мына бізге дара жол көрсетті. Ол соқпақтардан қалай өту керектігін айтып, бағыт бағдар берді. Ендеше, көкжиектен ауытқымай, ұлт көшбасшысының өскелең ұрпаққа мензеген дара жолымен биік шыңдарды бағындырайық.
117,722 сұрақ
302,762 жауап
153,349 пікір
65,094 қолданушы