Өз ойым 27.09.2018 жариялады
«Елім менің аңсаған, Тас бұғаудан босаған» деген әдемі әнді бүгінде басқа да мағынансында естіп жүрміз. Он сегізге толған жас «тас бұғаудан босап», ата-анасына жырақ, шетелге кетуде. Алайда, қаншалықты «елін аңсай» қоятынына күмәніміз бар.

Бұрындары «шетелде оқып келді» дегенді жиі ести бермейтін едік. Бүгінде шекара асып, білімін жетілдіріп келгендердің қарасы қалың. Алайда таяқтың екі ұшы болатындығы секілді бұл мәселенің де оңы мен терісі бар екені айтпаса да түсінікті. Білімсіздің күні ғаріп екенін түйсінген бүгінгі жастар да, ата-аналар да жоғары білім алудың тиімді жолын іздейді.

Мектеп қабырғасынан шыға сала, шетелде білім алғысы келетін жастар да, жоғарғы оқу орнын бітірген соң, магистратура, докторантурасын сыртта оқуға құмар қыз-жігіттер де жетерлік. Шетелге құмарту тек білім іздеумен, оқу-тоқумен ғана байланысты болса жөн ғой. Соңғы кездері оқу ғана емес, жақсы өмір мен шалқыған көңіл үшін шет елдерден жұмыс іздеп кете баратын да қаншама адам бар. Оларды да айыптау орынсыз болар. Елде алған біліміне сай қызмет бұйырмай, ұлдарымыз арба итеріп, қыздардың талайы мейрамханада даяршы болып жүргені жасырын емес
Шетелге көз тігіп, сырт елдің білімін алуға аттанған қазақ жастарының алды елге келіп, қызмет етіп жатыр. Ендігілері оқуларың қайта жалғап, білімдерін толықтыруда. Қалай десек те, мұхит асқан жастардың игі мақсаты бір - сапалы білім алып, елге оралу. Осы кезге дейін әлемнің маңдайалды оқу орындарында ой тоқып келген жастардың дені шетелге барудың сырын түрлі себептермен байланыстырады. Бірі озық елдердің тәжірибесімен танысып қайтуды құп көрсе, ендігісі өз жерінде қолдау болмағандықтан сырттың білімін алуға бекінетіндерін айтады. Рас, шетелде білім алу - жауапкершілік жүгін жүктейді. Себебі қоғам тарапынан жасалатын ішкі қысым сенімнің салмағын екі еселейді.
   Қандай жағдайда да сол жастардың теория мен тәжірибені ұштастырғаннан кейін, болашақ елдің ертеңі ретінде алған білімдерін, еліміздің даму жолына жұмсаса болғаны...
117,722 сұрақ
302,762 жауап
153,349 пікір
65,094 қолданушы