Өз ойым 2.09.2018 жариялады

Желтоқсан айы болса қардың иісі сезілетін емес. Қарды сағынсамда, мейлі қар жаумасыншы деп тілеудемін. Анашым ауыруынан айығып, жазылп мені алдыңғыдай еркелеп, шашымды иіскеп сары қызым десе ғой деп армандаудамын. Желтоқсан айы деймін ау бірақ , бірақ көктемнін күніндей, күн күркіреп жаңбырдың иісі сезілгендей болады. Сағат мілі 13. 00де тұр, мектепке кетейін деп киініп аяқ киімімді асыға киіп шығып бара жатырмын. Кенет...

Кенеттен жүрегім бірдеңені сезгендей кілт тоқтай қалдым. Анашым..

Анашым артымнан мұңая қарап отыр. Өзі əлсіз жаны қиналып тыныс алуда, ауырып жатқанына бір жылға жуық болып жата жата мезі болғандықтан ба, жауынға да қарамай, өзінің қалауымен сыртқа паналау жерге отырған болатын.

Анашым деп жүгіріп барып құшақтап алдым да ; Анашым мен келгенше жазылыңызшы- деп бетінен сүйіп, мектепке кеттім.

Математика сабағы өтіп жатыр, сабаққа да зауқым жоқ. Анашым жазылса ауыруынан айығып кетсе ғои деген оиғана. Бір кезде рұхсатпа деп есік ашылды, ол...

Ол əпкем Гулнара еді..

Көзінде жас. Ұстазым сезгендей маған ; қайта ғои демесі барма?

Көшеде жүгіріп келеміз; Гулнара; Апамды көре алмай қаласың жүгір бол, көміп тастайды бол деп көзінде жасымен бірге қорқыныш аралас қолымнан сүйреп барады. Мен шынымен Анашымнан айрылғанымды сездім.

Мен сол кезде дəл 10 жаста ғана едім...

Əттең сол кезде Анашымды соңғы рет көріп тұрғанымды білгенімде ғой...

Қыс айында жауған жаңбырдан, Анашымның тынысын есітемін ...

Себелеп жауған əрбір тамшы анашымның, сары қызын қимай жылап тұрған Анамның көз жасы секілді...

117,722 сұрақ
302,762 жауап
153,349 пікір
65,094 қолданушы