Мен туралы...100 факт емес 50 факт))

Мен туралы...100 факт емес 50 факт))

Ал, бастап жіберейік)))

 

  • 1. Туған жерім-ШҚО, Тарбағатай ауданы..
  • 2. Руым-Орта Жүз, Найман-Қаракерей.
  • 3. Үйдің ортаншысымын. (сонда да еркемін)
  • 4. Мектепте тәртіпті, үлгілі, оқу озаты болдым)))
  • 5. Сабақтан қашып көрмеппін…
  • 6. Ерекше өнерім жоқ))) (1-ші сыныпта «Не пайда» деген термені айтқанымды қоспағанда)))
  • 7. Мектеп кезінде «жезөкше» деген сөзді алғаш естіп, ұлт деп ойлағанмын))) Содан тарих сабағында мұғалім: -«Қандай ұлттарды білесіңдер?» дегенде, жанымдығы балаларға «жезөкше» деген ұлт бар деп айтқызып едім….
  • 8. 9-шы сыныппен колледжде оқыдым (Біз сияқтыларды о кездері «ҰБТ-дан қашқандар» дейтін, мен бірақ қашпаған сияқтымын))))
  • 9. Жатақханада тұрып көрдім, тамақ ұрлану дегеннің не екенін білемін)))
  • 10. Студенттік өмірім Семей қаласында өтті.
  • 11.Екі жыл мектепте мұғалім болып жұмыс істегенмін)))).
  • 12. Әдемі қылып қол қоя алмай-ақ қойдым… алғаш мектепте мұғалім болып істеген кезде оқушының күнделігіне баға қойып жіберсем ертеңінде ата-анасы келіп «ренжімеңіз, балалар ойнап күнделіктеріне баға қойып тастапты» деген)))
  • 13. Алматыға келгенде Оңтүстіктің сөздеріне әрең үйренгенмін…
  • 14. Білімім жоғары тек магистратураға жете алмай жүрмін… (уақыт жоқ деген сылтаумен)
  • 15. …… немесе ))))) белгілерін көп қолданамын. Оларды қолданбасам бір түрлі қызық болып тұрамын)))) (Неге екенін білмеймін))))
  • 16.  Алғаш оқыған кітабым Ж.Аймауытовтың кітабы, оның ішінде «Ақбілек» повесті қатты ұнады….
  • 17. Негізі көңілді адаммын…..
  • 18. Бірақ, адамдар түріме қарап қатал адам деп ойлайды)))
  • 19. Шыдамсыз адаммын, бәр нәрсе тез орындала қалса деймін)))
  • 20. Шет тілдеріне қатты қызығамын. Қазір ақырындап ағылшын, түрік тілдерін меңгерудемін….
  • 21. Жасым 20-дан асса да әлі күнге дейін мультик көремін))))
  • 22. Өз жасымнан жас көрінемін. Кинотеатрға барғанда жасың 20-ға толмады деп кейбір киноларға кіргізбей қойған кездері болған))
  • 23. Жылауық музыкаларды тыңдамаймын))
  • 24.Бұрынғы замандағы халық әндері мен күйлерді тыңдағанды ұнатамын...
  • 25. «Последний самурай» деген киноны ұнатамын… көбінесе детектив киноларды көрген ұнайды…
  • 26. Психологияға қызығамын. Соданда болар «психология» деген топ аштым вк әлеуметтік желісінде….
  • 27. Және нумерология ғылымына қызығамын. Өмірімде 318 деген сан көп кездеседі… (ойлап қоям 318 жас жасап жүрмейін деп))))
  • 28. Есекке мініп көрдім)) (есек біздің жақта сирек кездеседі)
  • 29. Парашютпен секіріп көргім келеді бірақ....  биіктіктен қорқамын...менің тағы бір  фобиям есіктен қорқамын (қолымды есікке қысып алатын сияқтымын немесе есікке соғылып қалатын сияқтымын)
  • 30.Көңілім түскен кездерде аспанға,жұлдыздарға қарасам өзімді жақсы сезінемін.......
  • 31. Тәттіні көп жемеймін, тәтті құмар емеспін)) есесіне қышқыл заттарды жақсы көремін (қымыз, құрт т.с.с.))
  • 32. Жүгірумен айналысқым келеді.. үш жыл болды жүгіріп келемін .. ойша)))
  • 33. Алматыда тұрып жатқаныма 5 жыл болса да Көктөбеге барып,  Алматыны алақандағыдай көре алмай жүрмін...
  • 34. А, айтпақшы, сұрақ жауап сайтының қолданушысымын...
  • 35 Ұнататын түстерім: ақ, қара, көк;
  • 36.Шыншыл, өз айтқанын істей алатын адамдарды ұнатамын..
  • 37. Мінезім ауа-райы сияқты құбылмалы..
  • 38. Бойым 157 см (өзімді бірақ ұзын сезінемін))), салмағым 50 кг...
  • 39. Бір арманым бар... корридаға қатысып, бұқаларды бағындырып, матадор болып көрсе деген))
  • 40. Теледидар көргенде тура Светлаков сияқты болып кетем, анда-санда)))
  • 41.Телефонсыз 1 апта жүре алады екенмін))
  • 42.Достарымнан гөрі жәй ғана араласатын адамдарым бар, бұрынғы достарым таныстарым болып қалған сиқты(((
  • 43. Естіген нәрсеге емес, көрген нәрсеге сенемін...
  • 44. Кейде ойлаймын Қазақстандықтар бірігіп 5 теңгеден жиналып, бірінің жағдайын бірі жақсартып алса болады ғой деп.... егер 20 миллион адам 5 теңгеден біріксе.... . охооо, қанша жиналады ия)))
  • 45. Армандау керек армандар орындалады)))
  • 46. 33 пункте айтып едім Алматыны алақандағыдай көре алмай жүрмін деп, есесіне «Ақсай нан» алақандағыдай көрінеді))) Ақсай нан жақта, 5-ші қабатта тұрамын дегенім ғой)))
  • 47. Правам бар, көлік жүргізе алмаймын((( Жақында авто көлік алсам ба деген ой бар.... бұл ескерту)))
  • 48.Велосипед тебе алмаймын...
  • 49.Анда-санда Өскеменнің 45 г аязы мен қыртылдаған қарын сағынамын...
  • 50. Асықпай, жаяу жүріспен 100-ге жеткізермін))))
Мен туралы 100 факт 22.01.2015 жариялады

12 пікір

қызық екен деген коммент жазып кетейін )))
жақсы жазғансыз,көңілді адам екеніңіз көрініп тұрды
Мұғалімдік қалды ма енді?
ия..........
Туысқан екенбіз, мен де орта жүздің найманымын)
Қызықтырып қойдыңыз ғой)
100-ге жеткенін күтеміз енді)
Біраз шыда))))
Мен де найманмын)
Мен де найманмын! аға дейін бе?
найман еместер нестейміз?
Ако приколист от бога ))
Көрген сайын күлкім келеді))
116,265 сұрақ
295,203 жауап
152,913 пікір
61,091 қолданушы