Қызықты деректер 28.05.2018 жариялады

3_078Киіз үйді жылыту

Көшпелі халықтар киіз үйді тек жаздық үй ретінде ғана қолданбайды. Ол тұрғындарды қысқы боран кезінде және суық дала түнінде де жылытады. Бүгінде барлық жерде киіз үйді жылытудың заманауи технологиялары қолданылады. Олар дәстүрлі және заманауи материалдарды қолдануға негізделген.

Киіз

imagesКиіз‒көптеген көшпелі халықтар қолданатын, қой жүнінен жасалған киіз үйге арналған жылытқышты осылай аталады. Жаз мезгіліне арналған қалыңдығы 5-6 мм, ал қыс мезгіліне арналған қалыңдығы 8-9 мм кілемшелер жасалады. Қатты аяздардарға төзімді болу үшін киіз үйді табиғи киіздің екі-үш қабатымен қаптайды. Оларды сондай-ақ ағаш едендерге төсейді.

Табиғи киіздің негізгі артықшылықтары:

1. Қой жүні артық ылғалды жұтуға және оны қоршаған орта көрсеткіштерінің өзгерісіне қарай бөліп отыруға қабілетті. Бұл жағдайды жылытқыш киіз үйде оңтайлы микроклиматтық орта тудыруға қатысады.

2. Дәл осылай киіз «артық» жылуды сіңіріп алып, ауа температурасы төмендегенде жылу бөледі.

3. Материалдар уақыт өтуіне байланысты үгіліп түспейді және бастапқы қалпын өзгертпейді.

4. Қой жүні формальдегидтерді, азот пен күкірт диоксидін жұтып алатын ерекше қасиетке ие. Жылытқыш талшықтары адам ағзасына қауіпті заттардыаластайды.

5. Табиғи материал экологиялық тазалығымен ерекшеленеді. Оларда жасанды қоспалар жоқ, адам өміріне қауіпті емес.

Оқшаулағыш жұқалтыр (Фольгоизолон)

OLYMPUS digital cameraБір немесе екі жағынан металданған жұқалтырмен қапталған пенополиэтилен.Жұқалтыр инфрақызыл сәулеленуді өткізбейді. Жалпы құрылымда ИҚ-сәулелердің шығыны жылу энергиясының жартысынан көп болмайды. Электр жылытқыштарды пайдалану кезінде бұл көрсеткіш 75%-ға жетеді.

Оқшаулағыш жұқалтырдың артықшылықтары:

  1. Экологиялық және гигиеналық қауіпсіздік.
  2. Жылуөткізгіштігі төмен: 0,034Вт/мК.Қалыңдығы4мм материалдың бір қабатықалыңдығы 6 смшыны мақтаны алмастырады.
  3. Материалылғал өткізбейді. Киіз үйде бу оқшаулағыш қабат жасаудың қажеттілігі жоқ.
  4. Оқшаулағыш жұқалтыр шірімейді.Оның бетінде ылғал сүйгіш бактериялар мен саңырауқұлақтар көбеймейді.
  5. Материал‒60-тан +100 Цельсий градусқа дейінгі аралықтағы температураға шыдамды.
  6. Материал мотор майы мен бензин сияқты агрессивті сұйықтарға төзімді.
  7. Оқшаулағыш жұқалтырдың бірегейлігінің арқасында оны қабырғаларды жылытуда ғана емес, еден жылыту үшін де қолданады. Қаптама жасау өте оңай және арнайы дағдының болуын талап етпейді. Стиплер ( сұйық шегелер) және бөліктерді өңдеу үшін металдандырылған желім болса жеткілікті.

Холофайбер

catalog-hollwf-volumetricКез келген климаттық зонада киіз үйде жыл бойы қолайлы жағдайларда өмір сүруді қамтамасыз ететін жаңа кезең оқшаулағышы. Қолданыстағы холофайбер өңдеу және қалпына келтіру-реттеу жұмыстарын қажет етпейді. Оның бірегей қасиеттері тұрғын үй-жайларға арналған ҚНжЕ талаптарына сай келетін төсемдердің жылулық кедергісін қамтамасыз етеді.

Киізбен салыстырғанда холофайвердің артықшылықтары:

  1. Бөгде иістерді жұтып алмайды және өзінің де иісі жоқ.
  2. Гигроскопиялық қабілеті болмағандықтан, кептіріп отыруды қажет етпейді.
  3. Күйе көбелек және басқа да жәндіктермен бүлінбейді.
  4. Барлық бетінің қалыңдығы бірдей, ал құрылымы біртекті.
  5. Материал гсаңырауқұлақтардың көбеюі мен көгеруге қарсы тұра алады. Осы қасиетінң арқасында ұзақ қолданылу мерзіміне ие.

Сырттай синтепонға ұқсас материал 100% полиэстерден(мата өндіруде, қаптама жасауда қолданылатын синтетикалық материал) тұрады.Оның құрамында токсинді немесе аллергия тудыратын қосылыстар жоқ. Холофайбер кез келген пішінге оңай түседі және жуудан кейін өз қалпына келеді. 2010 жылы материал әлемдегі ең жақсы жылытқыш деп танылды.

Жылу оқшаулайтын қабатты жасау қиындық тудырмайды, ол ағаш негізді жылытқышпен қаптау болып табылады. Жылытқыш негізгі конструкцияға таспамен байланады немесе металл қысқыштармен бекітіледі. Жапсарлар көбінесе жабысқақ таспалармен бекітіледі. Барлық жұмыс санаулы сағаттарда ғана аяқталады, ал тәжірибелі қолданушылар бұл жұмысты 2 сағаттан аспайтын уақытта бітіре алады.

Интернет-ресурстар

http://blog.flexyheat.ru

117,722 сұрақ
302,762 жауап
153,348 пікір
65,093 қолданушы