Өз ойым 28.05.2018 жариялады
Мен бұл өмірге неліктен келдім? Иә, әр адамның, бұл дүниеге шыр етіп түскен әр сәбидің   өз несібесі, өз міндеті бар. Кейде, өз өмірлік ұстанымымды, өмірлік позициямды өзім де түсінбей жатамын. Кейде, тіпті кейбір істерімнің, қабылдаған шешімдерінің өздері де маған мәнсіз болып көрінеді. Иә, ұрыс шешім қабылдау мен үшін мүлде қиын. Шешім қабылдамас бұрын мен мың рет ойланып, мың рет толғануым қажет. Бұл менің әлемімнің заңы секілді. Ал өмірлік ұстанымым ше? Әр адамның өзіндік бір ұстанымы бар емес пе?  Әйтеуір бір өмір атаулы, алып өзеннің ағысымен еркін жүзіп келе жатқандаймын. Біріншілері, өмірде әйтеуір  бір ізіңді қалдырып кетуің қажет, кез-келген саланың болсын дамуына үлесіңді қос десе, екіншілері өмір адамға екінші мәрте берілмейді. Уақытың бар да рахаттанып қал дейді. Иә, жарық әлемде қанша адам болса сонша өмірлік ұстаным бар. Жаман істерге барма, жақсылық жаса, адам бол. Кім болмасын, көмек сұраған кез-келген адамнан аянып қалма. Алайда кез - келген адам үшін өзіңді құрбан етуге асықпа. Өзіңді ойла, өзіңді жақсы көр. Алайда өзімшіл, өз қара басын ойлайтын сұмдардың бірі болма. Арманда және оларға жет. Өмірдің бар бояуын сезін, расыменде ол адамға екінші мәрте берілмейді. Міне, менің де өмірлік ұстанымым бар. Ең бастысы өз шекараларыңнан аспай, ұстанымыңа берк болу.
117,722 сұрақ
302,762 жауап
153,349 пікір
65,094 қолданушы