Өз ойым 28.05.2018 жариялады
Болашаққа апарар билет бар ма? Асуларды кезіп, жаяу жүргім келмейді. Асулардың үстімен ұшақпен, оп-оңай "Жарқын болашақ" әлеміне, шексіз жерұйыққа ұшып кеткім келеді. Бірақ, шындықтың көзіне тік қарауымыз қажет. Бұл өмір. Өмірдің осыншама оңай болуы мүмкін емес. Болашаққа апарар билет жоқ. Жаяу жүресің, асуларды кезесің, белестерді бағындырасың. Басқаша болмайды, бұл өмірдің заңы, дүниенің ережесі. Қиын жол, әрине. Алайда, жеңісі не деген тәтті десеңші?! Әзірге жарқын ба, жоқ па...? Әйтеуір бір болашағыма ұласқан дара жолымның басында келемін.
117,824 сұрақ
303,596 жауап
153,363 пікір
65,473 қолданушы