Өз ойым 28.05.2018 жариялады

Аса байқалмаса да, әр студентке қанша жауапкершілік, қанша сенім артылады. Әр студент болашақта білдей бір мамандықтың иесі. Оқу орынында алған білімін болашақта ақтау,таңдаған саласына кішкене болсын үлес қосу әр студенттің арманы. Біреу педагогика секілді аса маңызды салаға табан тіреп, еліміздің жас ұрпағына тәлім-тәрбие берсе, біреу мемлекетіміздің экономикасын арттырар. Ал тағы біреуінің мединицамызды биік шыңға көтеруі әбден мүмкін. Әрбір студент-еліміздің болашағы. Ең алдымен студент деген атаққа ие болуы қажет. Мен ше? Мен студент болуға лайықтымын ба? Бұл сауал санамнан әлдеқашан орын алып қойған секілді. Келешекте таңдаған мамандығыма- қиындығы мен қызығы қатар жүретін журналистика саласының дамуына өзіндік үлесімді қоса аламын ба?-деген сансыз сұрақтармен бірге терең ойға батып кетемін. Артынша бұл сұрақтарды уақыт еншісіне қалдырамын. 

117,722 сұрақ
302,762 жауап
153,349 пікір
65,094 қолданушы