Өз ойым 28.05.2018 жариялады
Киелі Торғай топырағынан түлеп ұшқан таланттар туралы айтылып та, жазылып та жүр. Солардың ішінде бірі де, бірегейі - Болат Хамзин.Мен "Торғайды тебіренткен талант" тақырыбында Болат Хамзиннің өмірі мен шығармашылығы жайында ғылыми жұмысымды қорғаған болатынмын.

Ол- қазақтың ұлтжанды ұлдарының бірі, өнерімен елін сүйіндірген, жүрегінің жарып шыққан саз әуенімен халқының өмірін өрнектеген, мәңгі өшпес махаббаты жырлаған, туған жеріне парызын өтеуге үлгі өнегесін қалдырған сазгер, домбырашы, дирижер, актёр,ұстаз, тума дарын иесі. Ол 1938жылы Торғай қаласының 13ауылында дүниеге келген. Кішкентай кезінде екі шекесі торсықтай, көзі ботаның көзіндей, кішкентай ғана қойылған кекілі бар, сүп-сүйкімді және өте сезімтал болған. Оның "Орамал", "Торғай қызы", "Жас отау", "Амангелді ұрпағы", "Қайдасың Шолпаным-жұлдызым", және т.б. әндері бар. Туған жерінде "Торғай Шәмшісі" атанған Болат Хамзин өзіндік бағыт-бағдары бар"Ғасырлар пернесі" атты фольклорлық халық ансамблін құрды. Сонымен қатар, ол Торғай халық театрының негізін қалаушылардың бірі. Болат аға үйді-үйлерде бұғып, бұйығы болып кеткен жастарды өнерге үгіттеп, тәрбиелеп, сахнаға әкеліп, мәдениет ошақтарын қайтадан құрды. Сол кезде театрды ұйымдастырып, әртісі да, режиссері де, коюшысы да және оркестрдің дирижері да жалғыз өзі болды. Торгай жерінен шыққан, үлгі тұтар аға-апаларымыз ды жадымызда сақтаиық. Оларды үлгі тұтатындай жастар бар екеніне сенімдімін.
117,722 сұрақ
302,762 жауап
153,348 пікір
65,093 қолданушы