Мен жайлы 100 мәлімет

1. Факт демей-ақ қояйын, ешқайсы дәлелденбеген)

2. Биологиядан сабақ берген апайды жақсы көріп қалып, сол үшін басқа сабақтың бетіне қарамасам да биологияны оқып баратынмын.

3. Средний медперсоналмын

4. Бос уақытымда үйде болғанды жақсы көремін

5. тамыз айының 11-де, таңетенгі 9 жарымда туылдым

6. Кітап ең жақын досым

7. Өмірде артық сөйлеп қоя беремін, сол үшін талай өзіме кесірі тиді

8. Жануарлардан ат пен итті жақсы көремін

9. Әрқашан осы өміріме шүкіршілік етемін

10. 5 саны өзіме жақын

11. ақ, қанық көк, қоңыр түстерды ұнатамын

12. Достарым көп, шүкір)

13. Үнемі жанымнан табылатын үш досым бар, тек сол достарыма ғана толық сене аламын

14. Клавиатураға қарамай жазамын кейде, содан қате кетіп қалады жауаптарымда

15. Осы сайт арқылы бір қызбен кездескенмін

16. 2011-жылдың басында тіркелдім осы сайтқа

17. 1 жылдай кірмей кеткенім болды, жұмысыма байланысты.

18. Қазір бос уақытым болып тұрады, бос кезде осындамын)

19. Менің жазғанымды ешкім оқымайтын сияқты, түк информация жазбадым әлі

20. Сайтта ешкім қызықтырмайды, жәй ермек үшін...

21. Осы сайттағы төртінші аккаунтым, "Еріккен қолданушы" болып жүргенмін, пароль ұмытып қалдым кірмей кеткенімде)

22. Сұрақ қандай, жауабымда солай көбіне

23. Медицинаға қатысты сұраққа ғана шынайы жауап жазғым келеді

24. Осындағы қолданушылардың жасы ең үлкендердің бірімін, бала сияқты жазғаныммен))

25. Сыйлағанды сыйлаймын

26. Кек сақтай алмаймын

27. Араласқым келген адаммен тез араласып кетемін

28. Басым бос емес (қалай түсінсендер де)

29. жүзге жетпейтін сияқты, басқа не жазарымды білмей отырымн

30. Бұрындары да жазған сияқты едім 100 факт дегенді

31. Бойым 174,5 см, салмағым шамамен 65-70 кг

32. Тез қарайып кетем, тез ағарам 1 аптада. Соныма қызығады)

33. Спиртнойлар жақпайды маған, ішкім келсе де іше алмаймын)

34. Денсаулық және махаббат))

35. Тас жүрекпін, біреуге шынайы ғашық бола алмай қалғанмын

36. Әлеуметік желіден ВК-ға жиі кіремін

37. Танымал болғым келмейді, қарапайымдылықты ұнатамын

38. Кеш жатып, ерте тұрамын

39. Өзім бірінші таныспасам, бірінші танысқысы келетіндер уже ұнамай қалады

40. Әр нәрсеге бір қызығамын, тез тастап кетемін жалығып

41. Адамдарды тез ұмыта аламын)

42. Мінезім ауа райына байланысты

43. Қатты ашуланғанымды бірденені қиратқым келеді)

44. Эгоистпін былайынша

45. Жаяу жүргенді ұнатамын

46. Адамдар көп жерді ұнатамын

47. Қатты қызғаншақпын, іштей ғана өызғанғаныммен

48. Аллаһ алдында барлық істерім үшін жауап беретінімді білген сон, ешкімге зиянымды тигізбеуге тырысамын.

49. Иманы жоқ адамдармен мүлдем араласқым келмейді

50. Кейде апта бойы сайтта белсенді болып жүргендей боламын да, жұмыстан қол тимегенде бірнеше күн кіре алмай кетемін.

51. Ең бірінші Денсаулық бөлімін міндеті түрде қарап шығамын)

52. Алдымды орап, біреу бұрын жауап жазса ашуланам)

53. Біреудің ашуына тиген ұнайды..

54. Осы сайт арқылы біреумен кездесіп, дос болдық. Кейін ол класстас қызымен таныстырды, сол қызбен қазіргі күнге дейін жақын доспыз.

55. 22-наурызға слайд іздеп отырып көрдім осы сайтты, тура сол күні біреу сайттағы біреумен таныстым, как мне странно, бір облыстан болып шықтық

56. Рок музыкалар ұнайды көбіне

57. Волейбол ойнағанды жақсы көремін

58. Түнде жүрген ұнайды, жаяу

59. Елес дегендерден қорқамын)

60. Бір рет кездестіргем..

61. Қорқынышты киноларды да ұнатпаймын

62. Боевик, исторический, комедия жанырындаға кинолар ұнайды

63. Кинотеатрға жиі барамын

64. Хоббиім - ыңғайлы жатып алып кітап оқу

65. Кефир, сүт, қатық дегенде қатты ұнайды)

66. Қыс басталса күнда мандарин сатып аламын)

67. Бұрын көп нәрсе бүлдіріп қойған сон ба, қазір қыдыруды онша ұнатпаймын

68. Күнде ертең өмірімді өзгертемін деймін де, сол қалпындамын)

69. Күткенді жек көремін как и многие

70. Негізі ойымды орысша жазған ыңғайлырақ

71. Қазақ мектебін бітірсем де, фамилиям орысшаға ұқсаған сон юа, жұмыста кейбіреулер метис деп ойлайды, негізі 100 пайыз қазақпын

72. Ұстанымым: все будет, но не сразу

73. Адамның ең ұнайтын қасиеті имандылығы

74. Екіншісі қарапайымдылығы

75. Өзін биік санайтын адамдар мен үшін ешкім емес

76. Өзімді де еш уақыты біреуден жоғарымын деп ойламаймын, бәріміз пендеміз)

77. Көп адамдар 100 факт жазса екен

78. Мен қызық емес жазған шығармын, бірақ біреудің жазғанын өзім толық оқып шығамын

79. Ұйқым келді, қанша тырыссам да ерте ұйықтай алмаймын

80. Ұйқым аз, содан ашушанмын

81. Менің біреуге көмегім тисе қуанып қаламын, жұмысым да соған ұқсайды)

82. Тупой адамдар қанымды ішеді бірақ

83. Кішкентай балаларды қатты жақсы көремін, бөле іні-қарындастарым да маған үйір)

84. Тезірек әке болғым келеді, бірақ үйленбегем де әлі

85. Қиялилар ұнамайды

86. Тұнжырап жүретіндерді түсінбеймін

87. Іштей қиналып жүрсем көп күле беремін әр нәрсеге, жасырғым келіп, содан біліп қояды достарым)

88. Достарыммен бірге жүрген ұнайды, күліп ойнап, талай қызықтар болған

89. Күнделікті бірде жазамын, бірде тастап кетемін жазуды.

90. 2 күнделік дәптерім бір қызда, өртейін деп жүргенімде сұрап алды, мен бере салыппын)

91. Қазір онымен байланыс болмаған сон (ұмытып кетіппін оның барын, жана есіме түсті)

92. Еске алып, өзімнен өзім еріксіз күлетін оқиғаларым көп болды, шүкір, әлі де болар бұйыртса)

93. Отырып емес, жүріп жүріп, адамдармен сөйлесіп, араласып жүретін жұмыстарды ұнатамын.

94. Туысқандарым жиналған жерден қалмауға тырысамын, бірақ көбіне қол тимей қалады.

95. Бірнеше жұмыста қатар алып жүрген ұнайды, ештенеге қол тимей

96. Жақын күндері, бұйыртса, солай болып кетемін)

97. Жалпы сұрақ жауаппен біргемін, кіріп тұрамын

98. Транквилизатор туралы ручкамен блакнотыма жазғаным бар, осында блог жазамын деп, жазуға зауқым болмай жүр)

99. Ұйықтағанымда көзімді жұмып жатамын)

100. Иманы жоқ адам, өмірдің мәнін ұқпайды.

Бітті, барым осы, өтірік қоспадым) Барлықтарын жазып шығындаршы, оқығым келеді басқалардың 100 фактысын)
Мен туралы 100 факт 22.01.2015 жариялады

3 пікір

Өте қызық.Аа сіз Еріккен қолданушы екенсізғой,ық ық ық дейтін,қайда екен деп жүрсем сізді

@Биология жақсы ақпарат. Мен де ертең өзім туралы 100 мәліметті жазып шығамын.
Биеке, блогыңыз ұнады. Өзім бұрындары 100 факт жазбағандықтан, осы блогты өз мінезіме қарай өзгертіп жазғым келіп отыр, аздап ұқсастықтарымыз бар екен)
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,461 қолданушы