Қаржы мәдениеті 11.04.2018 жариялады

Шекара асқан халық

Соңғы жалдарыКолумбиядағы венесуэлалықтар саны күн санап өсуде.Колумбия– Венесуэла шекарасынан Колумбия тарапына күн сайын45 мың адам өтеді.Бүгінде олардың жалпы саны3,5 млнға жетті.Алайда боларға ешқандай босқын статусы берілмеген.Елдегі экономикалық жағдайдың күрделілігі бұл мәселелерге назар аударуға мұрша берер емес.2017 жылғы инфляция көлемі4000%құраса,2018 жылы13000% болады деп болжануда.Елде тауар жетіспеушілігі туындап,сырты қарыздар құны өсіп жатыр.Мемлекет экономикасы осымен5-ші жыл рецессияда.Осыншалық құлдыраған Венесуэла бір кездері Латын Америкасы елдері ішіндегі ең бай мемлекеттер қатарында болғанын біреу білсе, біреу біле бермейді.Ендеше, қазіргі таңда100 болливарға тек бір ғана жұмыртқа сатып алуға болатын мемлект тарихына тереңнен үңілейік.

Венесуэладағы экономикалық дағдарыс алғышарттары Уго Чавестің билік тұсынан басталады.Мемлекеттегі қаржының дұрыс бөлінбеуі,өнеркәсіпке бағытталған ақша көлемінің азайып, әлеуметтік салаларғабағытталуы ең алғашқы қателіктердің бірі.

Мемлекеттік бюджетЧавестің мұрагері Николос Мадуроныңәлемдік экономика әсеріне төтеп беруіне кепіл бола алмады.2013 жылдан басталған елдің құлдырау кезеңін2014 жылғы мұнай бағасының түсуі тіптенжылдамдатты.Венесуэланыңкөмірсутек өнімдеріне тәуелділігіел экономикасын7,5% дейін қысқартты.Экспорт3 есеге азайып , мұнай өндіру соңғы13 жыл ішіндегі ең төменгі деңгейге жетті.

Ал, бұқарапен билік арасындағы түсініспеушілікөндіріс орындарында жұмыс күшінің жетіспеушілігін туғызып отыр.Халық пен оппазитция өкілдерінің елдегі1961 жылғы конституцияға енгізілген өзгеріске, яғни бір палаталы ұлттық ассамблеяғанаразылығы бірнеше жыл бұрын басталған еді.Призидент халықты тыныштандыру мақсатында5 жыл бұрын жалақыны көтеру жайында сөз қозғағанымен, әлі уәдесін орындай алмауда.Тіптен жыл сайын жұмыссыздар көлемі артып келеді.

2015жылы ЕО елдері мен АҚШ Мадуроның ұстанып отырған саясатына қарсылығын ашық білдіріп,бірнеше экономикалық санкциялар салды және әлі күнге дейін күшін жойған жоқ.Латын Америкасы елдеріқауымдастығы да бұл шараға бей-жай қараған емес.Жыл сайынғы кездесу жиналыстарынан Венесуэланы шеттетіп, сырты қарыздарын талап етуде.Көршілес Колумбиямен де ара қатынас2015 жылғы конфликтен кейін біршама суйи түскендей.Иек артары- Қытай.Қазірде әлемдегі ең арзан бензинді саудалайтын Каракас мұнайды юаньмен нарыққа шығаруды жоспарлауда.

Быраз уақыт бұрын мемлекеттегі қолма қол ақша жетіспеушілігінен Мадуро банкоматтардан ақша алу мүмкіншілігін шектеген еді.Қазірсолтығырықтан шығуүшін криптавалюталарға ауысуда.Ең алғаш рет Венусуэла криптавалюталарды заңдастырды, және өзінің ұлттық криптавалютасы петроны шығаруды қолға алды.Призидент мәлімдемесінде бірінші сатылым күні735 млн пайда әкелген петроға АҚШ, Катар, Туркия және өзге елдерден сұраныс түскендігін айтты.Дегенмен, әлем сенімсіздікпен қарайтын бұл жүйенің сенімді қаншалықты ақтары тек уақыт еншісінде.

117,722 сұрақ
302,766 жауап
153,349 пікір
65,094 қолданушы