Бизнес, Идеялар 11.04.2018 жариялады

Кәсіпкерлердің басым бөлігі салық режимінің арнайы салық режимін қолданады. Оның ішінде патент, яғни оңайлатылған деклорацияны қолданады. Биылғы жылы патентке өзгерістер енді. Патенті бар кәсіпкер дегеніміз – бұл кәсіпкерлік формасында бір ғана адам – кәсіпкердің өзі ғана жұмыс істейді алады, қосымша жұмысқа ешкімді ала алмайды және бір бағытта жұмыс істейді. Патентті көбіне сауда орындарындағы, базардағы кәсіпкерлер, сондай-ақ таксистер жиі қолданады. Патенті бар кәсіпкерлер үшін биылғы жылдағы өзгеріс әлеуметтік салық қысқартылды. Себебі 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қосылуына байланысты бұл кәсіпкерлерден әлеуметтік салық алынып тасталды. Бұл кісілер (кәсіпкерлер) қолма-қол ақшамен жұмыс жасаған жағдайда бұрын жалпы табысынан 2 пайыз салық төлейтін. Сол екі пайыздың 1 пайызы табыс салығы, 1 пайызы әлеуметтік салық. Осы медициналық сақтандыруға байланысты кәсіпкерлерге берілген жеңілдік әлеуметтік салық алынып тасталды. Бірақ егер де кәсіпкерлер қолма-қол ақшамен жұмыс жасаған жағдайда 2 пайыз жеке табыс салығын төлейді. Биылғы жылға 2018 жылға жаңадан салық режимі қосылды. Бұл салық режимі бойынша 50 адамға дейін қызметкер алуға болады және табысы 300 млн.теңгеге дейін болуы қажет.

117,722 сұрақ
302,762 жауап
153,349 пікір
65,094 қолданушы