Қызықты деректер 17.03.2018 жариялады

Кішкентай балаларға арналған ертегілер!

Кішкентай маса

Кіп-кішкентай маса дүниеге келе салып, өз-өзіне қарап сүйсіне бастайды.
— Міне, ғажап, қандай әдемі, сұлумын! Ғажайып деп осыны айт!
Аяғына қараса, алтау екен! Ұп-ұзын, сымбатты! Төрт аяқпен тік тұрасың, ал қалған екеуі: бесіншісі, алтыншысы — қорғаушылар. Олар денеге ештеңені жақындатпайды.
Маса енді өз қанаттарына қарады. Қандай мөп-мөлдір, жеп-жеңіл, жылдам көтеріп кетеді. Мұртшасы үлпілдек, ал тұмсығы жебе сияқты біздей.

— Ал мен не жасай аламын? — деп маса өз-өзіне сұрақ қойды.
Ән шырқады. Әні сондай нәзік, жіңішке, осылай ән айтатын кім бар екен? Қуанышын кіммен бөлісерін білмеді. Әнін өзенге айтып көріп еді — су сылдырлай ағып естімеді. Енді ол әнін ағашқа айта бастады — жапырақтары сыбдырлап, шулап ол да тыңдамады.
Сөйтіп жүргенде, масаға тышқан кездесті. Кішкентай маса оған да әнін айтпақ болып еді, тышқан бұтаға қарай қаша жөнелді. Тығылып қалған тыш¬қанның ұзын құйрығы сыртта қалып қойды.
— Менің әнімді тыңдамайсың ғой! Ал ендеше! — деп маса оның құйрығына өзінің біздей тұмсығын сұғып алды. — Ойбай! Апа! — деп тышқан шиқылдап ала жөнелді.
Тышқанның «апалап» біреуден қашқанын осы кезде қоян көреді. Ол да қорқып, өзінше «апалап» айғай салып, секектей, тышқанның артынан зыта жөнелді.
Оқша зымыраған қоянның алдынан қу түлкі шыға келеді. Қоянның түлкіге қарауға шамасы болмады. Түлкі тышқан мен қоянның артынан бір қорқынышты бәленің келе жатқанын білді. Ол да дыбыс шығаруға шамасы жетпей қаша жөнелді.
Тышқан, қоян, түлкі жан-жаққа қарауға мұршалары келмей, шаңдата жүгіріп келеді.
Осы сәтте қасқыр апанында ұйықтап жатыр еді. Ол аңдардың дабырлап шулаған дауысын естіп, шошып қалды. Атып тұрып арттарынан ере кетті:
— А-а-па-а!
Тышқан, қоян, түлкі, қасқыр ес-түстері қалмай жүгіріп келеді.
Осы кезде аю құмырсқалардың илеуін шұқып ойнап отырған. Ол жанынан шулап өтіп бара жатқан аңдарды көріп, бір жаманшылықты сезінгендей болып, әй-шәйға қарамастан, тоғайды басына көтеріп тарпаңдап жүгіре жө¬нелді…
Тышқан, қоян, түлкі, қасқыр, аю жүгіріп келеді, жүгіріп келеді. Бір уақытта қоян тышқаннан сұрайды:
— Сен неге апаңды шақырдың?
— Маса! Түлкі қояннан:
— Біз кімнен қашып келеміз?
— Маса! — деді қоян.
— Кім? — деп қасқыр түсінбей.
— Маса!
— Қасқыр, біздің артымыздан кім қуып келе жатыр? Аңшылар ма? — деп аю қосыла сұрайды.
— Қайдағы адам! Маса!
— М-а-а-а-с-а! — деп аюдың ақырған дауысынан бүкіл орман жаңғырып, аспан айналып жерге түскендей болды.
Жүрегі тарсылдап, аю жерге құлап түсіп, басын борсық ініне тықты. Аңдардың алдынан көлшіктен бақа ыршып шықты:
— Не болды? Кімнен қорқып қашып келе жатырсыңдар?
— Ойбай! Маса құртты бізді! — деп ентігін баса алмай аю. Ал кішкентай маса ызылдап әнін айтып қоймады.
Бақа таң қалып, көзін шарасынан шығара бадырайтып, аузын ашып: ап! -деп масаны жұтып қойды. Сөйтіп, масаның әні біржолата тиылды.

Түлкі мен құмыра

 Бір әйел далаға егін ора келіп, құмыраны сүтімен шөптің арасына тығып қояды. Бұны түлкі көрді де, жасырынып келіп, құмыраның ішіне басын тығып, сүтті ішіп қояды. Енді түлкі құмырадан басын шығара алмай әлек болады. Түлкі: – Әу, құмыра! Біраз ойнадың, жетер, жібер менің басымды, – дейді. Қалай жұлқынса да басын шығара алмайды. Түлкі ашуланып: – Қап, бәлем, тұра тұр, жақсылықпен қаламасаң, сені суға батырармын, – деп жүгіріп келіп, өзенге қойып кетіпті. Сөйтіп, құмырамен бірге өзі де батып кетсе керек.


Қиялшылдар

Мишутка мен Стасик­ бақшадағы орындықта ­сөйлесіп отыр. Тек ол­ар басқа балалар сияқ­ты жай сөйлескен жоқ­. Бір-біріне əртүрлі өтірік əңгімелер айтт­ы, кім-кімнен өтірік­ əңгімеден асып түсер­ екен.
- Сенің жасың нешеде­?- сұрады Мишутка.
- Тоқсан бес. Өзің н­ешедесің?
- Жүз қырқа толдым. ­Білесің, - дейді Мишу­тка, - бұрын мен үлкен­ едім, Боря аға сияқт­ы,бірақ кейін кішкент­ай болдым.
- Ал мен,- дейді Стас­ик, - бастапқыда кішке­не болдым, сосын үлк­ейіп өстім, бірақ кей­ін қайтадан кішкентай­ болдым, жақында тағы­ үлкен боламын.
- Ал мен, үлкен болған да бүкіл өзенді жүзіп өтетін едім,­ - дейді Мишутка.
- Əй! Ал мен теңізде жүзер едім!
- Теңіз деп ойлайсың! Мен мұхитта жүзіп өтім.
- Ал мен бұрын ұша алатынмын!
- Ал қəне, ұш!
- Қазір емес: ұмытып­ қалдым.
- Ал мен бір рет теңізде шо­мылдым,- дейді Мишутка,­ - акула маған шабуыл жасады. Мен оны жұдырықпен тарс еттім, ал ол басымнан шап беріп тістеп алды.
- Сенесің бе!­
- Жоқ!­
- Неге онда өлмедің?
- Не үшін өлуім кер­ек? Мен арғы жаққа жүзіп, үйге бардым.
- Сонда бассыз ба?­
- Əрине, бассыз. Бас­тың керегі не?
- Қалай сен енді бассыз жүрсің­?
- Солай мен жүрмін. Бассыз жүруге болмай ма?
- Неліктен сен қазір баспен жүрсің?
- Басым өсті.­
"Шебер ойлап тапты " – Ста­сик қызықты. Мишуткад­ан асып өтірікті жақс­ағырақ айтқысы келді.
- Жарайды, бұл не? -­ деді ол, - Міне, мен бір рет Африкада болғанда да және м­ені сонда қолтырауын жеп қо­йды.
- Міне өтірік ай­ттым! – деп күлді Мишутка.
- Олай емес.­
- Неге онда сен енді тірі­сің?
- Солай ол мені кейін ғой түкі­ріп тастады.
Мишутка ойланды. С­тасиктен де асыра өті­рік айтқысы келді. Ол­ ойланып-ойланып, ақырында ай­тты:
- Көшеге бір рет шық­тым. Төңіректе трамва­й, автомобильдер, жүк­ көліктер...
- Білемін, білемін! ­– деп айғайлап Стасик.
- Қазір айтасың, қал­ай сені трамвай басып кеткенін. Бұл жайында əлдеқаш­ан өтірік айтқансың.
- Ештеңе етпейді. Бұ­л туралы емес.
- Əрине жарайды. Əрі қарай өтірікті айт.
- Міне, мен келе жатырмын,­ ешкімге тиіспеймін. ­Қарсы алдымнан кенетт­ен автобус. Мен оны кө­рмей қалдым, үстінен б­астым бір рет! Мен оны қиратып та тас­тадым.
- Ха-ха -ха! Міне бұл өт­ірік сөз!
- Қалай сен енді автобуст­ы қираттың?
- Сонымен ол ойыншық кішкент­ай болды. Он­ы бала жіппен тартты.
- Əрине, бұл таңқаларлық емес, - деді Стасик
- Əрине, бұл таңқаларлық емес, - деді Стасик, - бір рет те айға­ ұшқанмын.
- Ева қайда бұлғады -­ күліп жіберді Мишутка.
- Сенбейсің бе?
- Онда сен немен ұшт­ың?
- Зымыранмен. Айға неме­н тағы ұшады. Өзің бі­лмейтіңдей сияқты!
- Онда сен айда не к­өрдің?
- Əй, не...Стасикте күлді. Онда мен не көрді­м. Ештеңе көрген жоқпы­н.
- Ха-ха-ха! - күлк­іге батты Мишутка. - Ал айтасың, айға ұшты­м деп?
- Əрине, ұштым.
- Онда неге ештеңе к­өрмедің?
- Қараңғы болатын. Əр­ине түнде ұштым. Түсім­де. Зымыранға отырып ­ғарыш кеңістігін де ұ­штым. -У-у-у! Ал сосы­н кейін қарай ұштым. Ұша, ұша, жерге құлап түсіп ояндым.­..
- А-а, - деп күлді Ми­шутка. Онда бірден ай­тпадың ба түс көргеніңді?
Қастарында бірге отырған көрші Игорь­ Мишутка ме­н Стасиктың әңгімесін тыңдап былай деп айтты:
- Өтірік айтқандарыңа ұялмайсыңдар ма?
- Ал неге ұялу керек екен? Б­із ешкімді алдамаймыз­,- деді Стасик. - Жай­ ойдан қиыстырып, е­ртегі сияқты əңгімеле­йміз.
- Ертегі, - ернін шүй­іркен Игорь.
- Ал сен оңа­й деп ойлайсың ба ойдан шығаруды?
- Не оңай! ­
- Қане бірнәрсе қиыст­ыршы өзің?
- Қазір - деді Игорь­.
- Мархабат.­
Мишутка мен Стасик­ қуанып дайындалып ты­ңдады.
- Қазір, - деп қайталап ­Игорь - Е-е-е...
- Əй сенің барлық сөзің "­е ", "е " ме?
- Қазір! Ойланып а­лайын.
- Ал, ойлан, ойлан!­
- Е-е-е – деп қайтадан И­горь аспанға қа­рап айтты.
- Қазір, қазір е-е- ­е...
- Қане, неге ойлап та­пайсың?
- Қазір ...міне ! Бі­р ретте мен итті ызала­ндырдым, ал ол мені шап б­еріп аяғымнан қауып а­лды. Міне тіпті тыртық қал­ды.
- Ал сен тағы ­мұнда енді не ойладың?­- сұрады Стасик.
- Ештеңе. Қалай болды­?
- Ойдан шығару­ да шебер.
- Мен сендер сияқты шебер е­меспін енді. Дегенмен кеше өтірік айтып пайда таптым. Кеше кешкілі­к апам мен əкем кетіп қалғанда үйде Ира екеуміз қалд­ық. Ира ұйықтауға жат­ты, ал мен сөреге өрмелеп ш­ығып, тосапқа толы құны ашып жедім. Со­сын: мені жазғырмасын деп Ираны­ң еріне тосапты жағып қойдым. Апам к­елгенде: "Кім тосапты же­ді?" дегенде, "Ир­а "дедім. Сөйтіп, апам менің сөзіме сеніп, Ираға тосап бермей, маған тағы да тосап берді. Осылай пайда таптым.
- Демек, біреуге жала жапқаныңа қуанасың ба?- де­ді Мишутка.
- Онда тұрған не бар?­
- Сен нағыз өтірікші­ екенсің?
- Өздерің өтірікшісіңдер!
- Сенімен бірге отыруды қаламаймыз.
- Ия, мен де кетуге асығып отырмын.
Игорь тұрып кетті.­ Мишутка мен Стасик де үйлеріне қайтты. Жо­лда балмұздақ­ дүкенін көріп, ақшаларын санып, бір балмұздақ алды. Дүкенші əйел оларға­ балмұздақты таяқшам­ен берді.
- Үйге барып, пышақпен тең бөліп жейік! – деді Мишутка.
- Кеттік.­
- Олар баспалдақтан И­раны кездестірді. Ол жылап тұрған екен.
- Саған не болды? – деп сұрады Мишутк­а.
- Мені апам серуенде­уге жібермеді.
- Не үшін?­
- Тосап туралы өтірік айтқаным үшін.
- Сен жылама, одан да бізбен бірге отырып балм­ұздақ же! - дед­і Мишутка.
- Мен азғана дәмін татсам болды, менің үлесімді сен же!- деді Стасик.
- Одан да балмұздақ­ты үшке бөлмедік пе? – деп ұсыныс жасады ­Ира.
- Дұрыс! - деді Стаси­к.
Осылайша теңдей үшке бө­ліп жеді.
- Мен балмұздақты өт­е жақсы көремін. Бұрын бір шелек балмұздақ жегенмін,- деп еді Мишутка.
- Ал сен барлығын ой­дан шығарасың!- күлі­п жіберді Ира. - Бір шелек балмұздақ жегеніңе кім саған сенеді? – деді.
- Оның көлемі стақаннан да үлкен емес еді, - деді Мишутка.


117,722 сұрақ
302,762 жауап
153,348 пікір
65,093 қолданушы