ФотоСурет әлемі 25.02.2018 жариялады

Кім айтты өмірде таңғажайыптар мен ертегі әлеміне орын жоқ деп? Бар болғанда қандай! Төрт қызыңыз бен фотоаппаратыңыз болса, фотошопты игерсеңіз және қиялыңызға ерік берсеңіз, бәрі де мүмкін. Швейцариялық азамат Джон Вильгелм 1970 жылы 21 тамызда фотографтардың отбасында дүниеге келген. Бала кезінен фотоаппаратты серік етіп, өзі әке болған шақта қыздарының альбомын ерекше суреттермен толтыруда. Өзі түсірген қарапайым суреттерден таңғажайып туындылар жасап, ғаламтор қолданушыларын тамсандырып жатыр. IT маманы болып жұмыс жасайтын фотограф қалған уақытын отбасына арнап, әрі сүйікті ісімен айналысады. Балаларының және табиғаттың әр сәтін қызықты кадрге айналдыра білетін қамқор әкенің жұмысымен танысамын десеңіз, мархабат!

Сіз де осылай телефонға тәуелдесіз бе?..

"Аш болсаңыз, өз-өзіңізге ұқсамайсыз"

"Менің ерекше ақбозатым"

"Илья Илиннен қай жерім кем?"

"Анамды енді түсіне бастағандаймын..."

"Жеке құс-ұшағың болғанға не жетсін?"

"Қалауын тапса, қар жанар. Шөл даладан да судың көзі табылар..."

"Кітапты жарып шығамын..."

"Жуынуға әркімнің-ақ бар таласы..."

"Кейде адамнан гөрі жануармен досб олған жақсы..."

"Біз әкеміз үшін үнемі бала болып қалмақпыз..."

"Мен кірді жайып алайын, біраз тоса тұрыңдар..."

117,722 сұрақ
302,762 жауап
153,348 пікір
65,093 қолданушы