Интернет қолданушы үшін 13.02.2018 жариялады

1. Интернетте сайт ашу үшін ең алдымен мақсатын және тақырыбын таңдаймыз.

2. CMS басқару жүйесін таңдаймыз, яғни қандай бағдарламада сайтты жасаймыз.

3. Сайтымыздың дизайнын таңдаймыз.

4. Сайтқа ақпарат саламыз.

5. Сайтымызды интернетке жарялаймыз.

6. Сайтымызға аудитория жинаймыз, яғни қолданушы жинаймыз.

1. Интернетте сайт ашу үшін ең алдымен мақсатын және тақырыбын таңдаймыз.

Негізі интернетте сайт ашу қиындық тудырмайды, ең бастысы қандай мақсатпен жәнеде тақырыппен ашасың?

· Ақпараттық сайт.

· Онлайн магазин.

· Әлеуметтік желі .

· Жеке өзіңнің блогың.

     Айта берсек сайт ашуға арналған тақырыптар көп, бірақта сізге солардың ішінен өз салаңызды таңдағаныңыз дұрыс. Өйткені қандай тақырыпта ашасыз сол бойынша сайтыңызға ақпарат саласыз жәнеде сайтқа сол ақпарат бойынша қолданушы жинайсыз. Менің айтайын дегенім сізге сайтыңызда қаншалықты пайдалы ақпарат болса соншалықты танымал және пайдалы болады.

2. CMS басқару жүйесін таңдаймыз, яғни қандай бағдарламада арқылы жасаймыз.

     СMS басқару жүйесі дегеніміз жалпы түрде айтқанда дайын бағдарламалық скрипт, яғни сіз осы басқару жүйесі арқылы сайтыңызды дайын турде аша аласыз және олар интернетте тегін. Олардың түрлері көп мысалы ең танымал және басқару жағынан қарапайым турлері.

· Joomla

· WordPress

· Drupal

· Opencart


      Менің негізгі көбіне қолданатыным Joomla өйткені басқармасы қарапайым және түсінікті, әрине жақсы және жаман жақтары бар бірақ осы уақытқа дейін көптеген жобаларымды Joomla-да жасадым жәнеде ең ерекшелігі бұл басқару жүйесінің интернетте керекті дизайндері, бағдарламалары, скриптері жәнеде әр түрлі тақырыпқа арналған дайын сайттар бар.

3. Сайтымыздың дизайнын таңдаймыз.

    Сайттың дизайнына келетін болсақ қандай CMS басқару жүйесін таңдадыңыз соған арнайы шаблондар интернетте әр түрлі тақырыпта және арнайы бағдарламалар көп. Бірақ бізге кез келгенін таңдамай ең ішінде көзге түсетін қолданушыға көрікті және әдемісін таңдауымыз қажет. Өйткені сайтың дизайны қаншалықты әдемі болса соншалықты қолданушы жиналады.

4. Сайтқа ақпарат саламыз.

    Сайтымызға ақпарат салу ең негізгісі қандай тақырып таңдадық сол бойынша ақпарат толтырамыз. Қандай салада өз біліміңіз жақсы сол бойынша ақпарат толтырыңыз сонда сайтыңызды танымал және қолданушы көп жинайсыз.

· Қажеттілік.

· Сұранысы көп.

· Пайдалы.

· Қолданысқа жарамды.

5. Сайтымызды интернетке жарялаймыз.

    Сайтты интернетке жарялау үшін хостинг және домен сатып немесе тегін аламыз.

Хостинг дегеніміз — ғаламдық желіде статикалық IP-адрестері бар, интернет сайттарына өз жадынан орын бөліп беретін физикалық аппарат, яғни сервер.

Домен дегеніміз—бұл сіздің ғаламдық желіде тіркелген хосттың атауы (мысалы google.kz codeo.kz секілді). Егер де толығырақ келетін болсақ, домендік сервердер арқылы сіздің сайтыңызды таба алады. Ең басты қызметі сервердегі сайтқа апаратын жол IP-адрестертен тұрады мысалға 18.132.57.126 бұлай қолдану ыңғайсыз болғандықтан түсінікті тілде яғни есте қалатындай етіп жасады.
Домендік дәрежелер:
1-ші дәрежелі домен. .kz .com .org .net
2-ші дәрежелі домен. mail.ru google.com
3-ші дәрежелі домен. support.google.com
4-ші дәрежелі домен. soft.user.mail.kz — ары қарай кете береді.

6. Сайтымызға аудитория жинаймыз, яғни қолданушы жинаймыз.

     Сайтқа қолданушы жинау негізгі жолдары:

· Әлументтік желілерге сайтымызды жарялау арқылы.

· Ең танымалды форумдарға жарялау арқылы.

· Интернет жарнамалар арқылы.

· Танымалды іздеу жүйелеріне енгізу арқылы

   Достар сіздерге айтатын кеңесім қазақша тіліндегі сайттарды дамыту саласында жұмыстанайық.

НАЗАР АУДАРҒАНЫҢЫЗҒА РАХМЕТ.

Құрметпен бағдарламалаушы Асет Джариев.

1 пікір

Бұл жазбаны расыменде бір сайт ашуға нұсқаулық жазылған ба деп ашсам!!! Ойлаған дүние болмапты. Еш етпес көш жүре түзеледі!!!!
117,722 сұрақ
302,762 жауап
153,348 пікір
65,093 қолданушы