Таусылмайтын махаббат 7.02.2018 жариялады

Хатымды не деп бастарымды да білмеймін. Бұл тек іштегі мұңды ақтару ғана. Сізге хат жазу түгілі, маныңызға жолаудың өзі қорқынышты. Сірə, біздің таныстығымыз қателік болған секілді. Жəй ғана сұрайын, "Есіңізде ма, сол күн?". Мен мұңға батып отырғанда, қол созып құтқарып қалдыңыз. Бірақ құтқармауыңыз керек еді. Бұл батпаққа қарағанда, сіздікі тым терең болған сияқты... өкінішті... Соншама күнəға өзіңізбен қоса мені де ілестіріп алдыңыз. Мен оны ешқашан ұмыта алмайтын шығармын. Есіңізде болмаса, мен-ақ айтайын...

Екеуміз "агент" арқылы таныстық. Талай жұпты қосып, біраз жұпты айырдын-ау... Агентте "статус" деген болатын. Менің статусымда "тоска" деп тұрса керек, сіз "Не болды, қарындас?"- деп бастадыңыз. Мен сізді өзіммен құрдас деп менсінбей, "ештене" деп сəл қаталдау түрмен жауап қаттым. "Қойыңыз, қарындас. Көңіліңіздің көтерілуін қаласаңыз, мына нөмірге ########### хабарласыңыз "- деп, бір нөмір бердіңіз. Нөмірді тердім. Тұмшаланып отырып шаршаған соң, берген номірге хабарластым. Өте көңілді жан болып шықтыңыз. Не керек, көңілім орнына түсті. Сөйтіп, өмірімде сіз пайда болдыңыз. 9-сыныпты бітірген кезім, жұмыс жасайтынмын. Сым құрылғы(телефон) арқылы күнде сөйлесетінбіз. Бітпейтін "ахаху-сахаху". Ең алғаш сіздің маған "балапан" деген сөзіңізден бастап ғашық бола бастадым. Кейін қалай жүріп кеткенімізді де байқамай қалыппыз.10-сыныпқа келдім. 10-ның екінші тоқсанына келгенде, ауылға бір себептермен көшіп кеттім. Арамыз суи бастады. Менде оқу, сізде жұмыс дегендей. Сирек сөйлесетінбіз. Бірде сөйлесіп жатқанымызда, меннен "пəктік" туралы сұрай бастадыңыз. Мен оның не екенін де білмейтінмін. Əупірендеп жүріп, оны да түсіндірдіңіз. Жасөспірім қыздың миын улай бастадыңыз. Кішкентай сəбидің өзі білмейтін нəрсеге құмар болмаушы ма еді. Сөйтіп арамызға шайтан түсті. Меннен берілуімді сұрайтынды бастадыңыз. Соол үшін талай жанжалдасқанбыз. Не үшін "КЕТ!" демеді екем. Сол күніме өкінемін. Өкінгенмен не пайда? Көндірдіңіз. Жаңа жылда бірге боламыз деп шештік. Қуанышыма орай ол болмай қалды. Кездестік, бірақ сіздің басқа жоспарыңыз пайда болып, "Достарыммен бірге ауылға кетуім керек"- деп, үлкееееен қонжықты қолыма ұстатып кете бардыңыз. Сонда қуанғанымды сезбедіңізде ғой...Уақыт зулап өте берді. Мен ауылыма қайтып бардым. Күн артынан күн, ай артынан ай өте берді. Арамыз тағы суи бастады. Сөйлесуіміз азайып кетті. Сөйлессек болды, меннен фото сұраумен болдыңыз. Жəй фото болса ғой, күніне сан мəрте жіберер едім. Сіз менің жалаң денемнің суретін сұрайтынсыз. Жібермеумен күн созып жүргенімде, шайтанның арбауына түсіп, қалай жібергенімді де білмей қалдым. Бір жағынан махаббаттың ащы суына масайып та жүрген едім. Сөйтіп арамыз жақсара бастады. Мен 10-ды тəмəмдадым. Қалаға келдім. Жұмысыма қайта оралдым. Ол жерде мен намазхандарға жолықтым. Ашық-шашық киінетін қыз, қалай өзгергенін білмей қалды. Мен сол күніме қатты ризамын. Сол кісілерді маған Тəңірім жібергендей. Түгел жауынып жүргенім жоқ. Дегенмен,бір кездері санын жалтыратқан қыз, тізеден төмен киіп, кеудесін жауып жүретін болды. "Ұятым" қайта оянғандай болды. Ол кезде біз фото үшін сөйлеспей кеткенбіз.11-ге аяқ басқанымда, денсаулығым сыр беріп, аурухана табалдырығынан бір-ақ шықтым. Неге екенін білмеймін, бірақ мен СІЗДІ ІЗДЕДІМ, АҒА! Жатталған цифрларды теріп, сізге қоңырау шалдым. Сізге қанша ренжулі болсам да, сізді іздеумен болдым. Тұтқаны көтердіңіз. Көңілім көтеріліп, қайта сөйлесе бастадық. Не керек ол ұзаққа бармай, тағы да хабарсыз қалдық. Бір уақыттары "Мен үйленгелі жатырмын"- деп естірттіңіз. Үстіме біреу салқын су құйғандай күй кештім. Не істерімді білмей қалдым. Оған да көндім. (Мені талай алдағансыз, бұған дейін). Нөміріңізді өшірдім. Өзім де талай симка ауыстырдым. Бірақ ештене шықпады.Осылайша, 11-ді бітірдім. Қолыма аттестатты алып, қалаға арман іздеп келдім. Арманым орындалмады. Сіз оқыған колледжге барып, мен де тапсырдым. 1-курс оқып жүргенімде сіз есіме түстіңіз. Үйленгеніңізді ести тұра, сізге жазуды жөн көрдім. Ол уақытта "Whats apр" пайда болды ғой. Сіз де бар екенсіз. Сізбен сөйлесе келе, үйленбегеніңізді, ол жай ғана ойын болғанын естіп, қатты қуандым. Қайта араласа бастадық. Группадағы құрбыларыммен таныстырдым. Бақытты күндеріме қайта оралғандай болдым. Əдетіңізге қайта басып, бақытты уақытты тозаққа айналдырдыңыз. Айтпақшы, менің сүйікті құрбымның ауылдасы əрі бұрынғы жігіті сіздің жұмыстасыңыз болып шықты. Сөйтіп, фото үшін арамыз тағы суи бастады. Осымен сізбен сөйлеспеуге бел будым. Бірақ буған белдігім ұзаққа тұрмады. Неге? Неге есіме түсе бересіз? Білесіз ба, сіздің қылықтарыңыздан кейін жігіт атаулысына сенуден қалдым. Маған "ғашықпын" деп келген жігіттердің бəрінің кеудесінен қақтым. Біреулерге жүрегімді ашып көрдім, бірақ еш нəтиже бермеді. Мен сізді ұмыта алмадым. 2-курсты бітіріп, сүйікті құрбымның ауылына бардым. Ауылдастары қонаққа шақырды. Улап-шулап сонда бардық. Бір жігіттің маған дөрекілеу сөйлегенін аңғара бастадым. "Қалайша, танымайтын адаммен солай сөйлесуге болады" деп өз-өзіме сұрақ қоя бастадым. Үйге келген соң, құрбымнан оның кім екенің сұрадым. Құрбым манағы жігіт бұрынғы жігіті екенін айтты, сіздің жұмыстасыңыз екенің білдім. Бірақ неге ол кісі маған дөрекі сөйлегенін ұға алмадым. Құрбымнан сұрағанда, мен туралы бірдене естігенін, бірақ туған күнімде оны айтқысы келмейтінін жəне сізді ұмытуымды сұрады. Не керек сол күн есімнен кетпей қойды. Арада біраз уақыт өтті. 2017 жыл келді. Ауылға барғым келді. Нағашым такси тауып беріп, ертесіне ауылға кететін болып шештім. Шығам деген таксиім шықпай қалып, есесіне басқа машина тауып берді. Жомарттық қой... сөйтіп ауылыма жеттім. Көңіл күй керемет. Көзді ашып-жұмғанша кетер күнім таяп, басында шықпай қалған таксиім бұйырып, сол кісімен қалаға қайттым. Ауылдағы сыныптасымның ағасы болып шықты. Үйіме аман-есен жеткізді. Мен практикамды бастадым. Практикада отырғанымда, бейтаныс нөмірден "Сəлем" деп хат келді. "Сəлеметсіз бе, кім екен?"- деп жауап қаттым. "Ал сіз кімсіз?" Демесі бар ма? Сөйлесе келе сол таксист екенін білдім. Дұрыстап танысып, сөйлесе бастадық. Бір кездері маған сезімін білдіре бастады. Оған да тура бір жыл болыпты. Сізді ұмыта алмасам да, осы кісіге жүрегімнің кілтін ұстаттым. Жауабын ұзатпай, келісім бердім. Сөйтіп "Ханзадамды" тапқандай болдым. Жүре келе осы кісіге бауыр басқанымды сезе бастадым. Сізден 100 есе артық болып шықты. Тағы да махаббатқа беріліп жүргенімде, инстаграмнан бір қыздың тойда жүрген фотосына көзім түсті. Сенер-сенбесімді білмедім. Сіз екенсіз. Оның алдында мен сізді базардан көргенмін. Сол қызбен бірге. Сөйтсем, келіншегіңіз екен ғой. Өзімнің сүйгенім болғасын аса мəн бермедім. Іштей бақыт тіледім де жүре бердім. Бір кездері құрбыларымызбен жиналып, əңгіме-дүкен құрап, өткен-кеткенді еске түсірумен болдық. Бір құрбым сіз тұралы сұрамасы бар ма? Ескі жараның аузын қайта тырмаладық. Сүйікті құрбым сіз туралы айтпауымызды сұрап, сізге ашулы екенін айтты. Сөйтіп ауылда болған оқиғаға қайта оралдық. Құрбымның айтуы бойынша, сіз мен жіберген суреттер туралы жұмыстасыңызға айтыпсыз. Ол тек екеуміздің арамызда болған еді ғой, ағасы. Екі бетім қызарып, құрбымның ары қарай не айтқанын естімей қалдым. 1 минут есімнен танып қалғандай болдым. Құрбым сыныптасынан естісе керек, сыныптасына ұрысып мені жақтапты. Сыртымнан жүрегім кең, əркімге көмектесіп жүргеніммен, іштей алай-дүлей боп жатқанымды кім білсің? Жүрегімнің тілініп жатқанын кім сезінсің? Отырыстан үйге қайтып келе жатқанымда ата-анама не бетіммен қарап келгенмін, болашақ жарыма не деп айтарымды білмей, өз-өзімді жеп келдім. Ата-анам ұйықтап жатыр екен, төсегіме жаттым да жігітіме хабарластым. Жылап кешірім сұрадым. Ол дым білмейді ғой, түсінбей қалды. Сөйтіп бəрін басынан бастап түсіндірдім. Ар-ұяты жоқ қызбен жүргенің айттым. Өз-өзімді кінəлəумен болдым. Сүйгенім сабырға шақырып, оның өткінші екенін айтып жұбатты. Кеудемнен ауыр жүк түскендей болды. Сүйіктімнің түсіністікпен қарағанына қатты қуандым. Бірақ мен сізді ешқашан ұмыта алмаймын. Осы қылықтарыңыз үшін өкінетін боласыз, "Н" мырза. Сізді бір Аллаға тапсырдым. Кім білсің,тек менің емес талай бойжеткеннің көз жасына қалған боларсыз. Бұл өмірде мен сізді кешіргенмін. Кек сақтайтын адам емеспін. Аллаға шүкір сүйгенім бар, қасымда!Құрметті, "Н" мырза! Сіз бұл хатты оқымайсыз, əрине. Оқығанмен сіз екеніңізді байқамайтын да боларсыз. Ел білсін деп жазып отқаным жоқ. Қазіргі көр соқыр жігіттер мен қыздардың көзін ашқым келді. Құрметті, сіңлілер! Махаббаттың суына көп масая бермей, əуелі жігітті толығымен танып алып, сеніміңізге кіргеннен кейін ғана қадам басуларыңызды сұраймын. Мен пəктігімнен айырылғаным жоқ, бірақ арымды таптаттым. Ата-анама қарауға бетім жоқ, бірақ қарамасқа амал да жоқ. Қазір мен өзгердім. Ақылыма ақыл қосылды."Ештен кеш жақсы" - демей ма? Мəңгі ішімде сақтап жүргеннен, сыртқа ақтарайын деп шештім.Қанша сөксеңіздер де, айыптасаңыздар да өз еркілеріңіз. Мен ақталмаймын. Болған іс болды. Ал мен жаңа өмір бастадым...Қош бол, менің алғашқы махаббатым!!!
117,722 сұрақ
302,762 жауап
153,349 пікір
65,094 қолданушы