Өз ойым 7.02.2018 жариялады
image

Қазақ әліпбиінің атасы,түркі тілтану ғылымының ағартушысы Ахметтің мұрағаты жаңа заманға,халқына қызмет етуде.Қазақ тілінің жасалуы мен графикасын одан артық зерттеген тұлға жоқ десек те артық болмас.

Қазіргі таңдағы өзекті мәселеге тоқталуымның себебі де осы Ахметтің тіл графикасына қатысымен ұласады.Мемлекеттік деңгейде көтеріліп келе жатқан графика мәселесі жайлы айтамын.Заман талабы деп қабылданып қойған мәселе жөнінде қанша пікірлер айтылуда.Мәселен,елбасымыздың айтуынша латын графикасына көшу жайлы ой сонау тәуелсіздікке ие болғаннан бері қарастырылуда десе,елге оның қазіргі технология мен білім беру үдерісіне екі жақты байланыс әкелетіні жайлы да ескеруіміз қажет. Егер халқымыз үшін бұл таңдау дұрыс, әрі тиімді деп танылып,30 елдің қатарына қосылуымызға әсері болса неге келіспеске деген ой көкейімде жүр.Әрине,шешім қабылданғалы біраз уақыт өткенімен халық саны қанша,пікір де сонша  көп екені анық.Латын графикасыны артықшылықтарын мұнан да әрі тізбелей беруге болады.Ұлт болашағы үшін үлкен жауапты қадам жасалды,қазақ елінің азаматы ретінде қолдап,алдымызға қойылған аса жауапты тапсырманы міндет деп санаймын.

117,824 сұрақ
303,596 жауап
153,363 пікір
65,473 қолданушы