Пайдалы кеңестер 8.01.2018 жариялады

Құс шаруашылығы — ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең қарқынды дамып келе жатқан саласы. Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік береді.

Құс шаруашылығымен айналысамын деушілерге мемлекет тарапынан қолдау бар. «Агробизнес–2020» жобасы аясында инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің №9-3/726 бұйрығына сәйкес) субсидиялаудың басым бағыттарының бірі – құс шаруашылығымен айналысатын үлкен өнеркәсіптерді салу және кеңейтуге бағытталған.

Субсидиялау жылына 20 мың тоннадан бастап құс етін өндіретін объектілерді, 100 миллионнан аса жұмыртқадан өндіретін жұмыртқа бағытындағы құс фабрикаларын, сондай-ақ жылына 3 мың тоннадан артық күрке тауық етін өндіруге арналған объектілерді құру және кеңейту; асыл тұқымды репродукторды (бройлерлік, жұмыртқалық, суда жүзетін құстардың, күркетауық шаруашылығын) құру бағыттары бойынша жүргізіледі.

Қола түсті кең кеуделі күрке тауықтар өздерінің жоғары көрсеткіштерімен ерекшеленеді, дұрыс тамақтанатын болса, аталығының салмағы 9-11кг. дейін жетеді. Орташа есеппен күрке тауық балапанының туғаннан кейінгі 13 аптадағы салмағы 4,4 кг., 17 аптадағы салмағы – 6,6 кг. болады.


117,647 сұрақ
302,152 жауап
153,341 пікір
64,866 қолданушы