Өткенімде жазылған ойым жайлы ойым..

Осы күндері жаным жалғыздықта.. 2 жыл, 10 ай бұрынғы бір блогым осылай аталыпты..

Ол кезде.. Ол кезде жас едім, ой мен көзқарас басқа еді..  Ойланып қарасам, ол кезде барлық нәрсем өз жайында, төрт құбылам тең болыпты..

Енді түсінудемін.. Бала болыппын ол кезде...

Ол кезде көп нәрсені өз еркіммен жасай алмайтын едім..

Қазір ше?!

Қазір оң солымды танитын, өз-өзіме жауап бере алатын, отағасы болар шамадамын.. Бірақ, сол блогты жазған уақытымды, "қиналып" жүрген кезімді, біреуден көмек күтіп жүрген шағымды сағынудамын.. қызыыық...

Ойым жинақталмай жазылған бұл жазбамның қорытындысына келсем:

дәл осы шақты бағалайық! Бір берілген мүмкіндік қайта берілмеуі мүмкін.. Мүмкін, алдағы өміріміз бізге басқа да тосынсыйлар дайындап қойған шығар. Мүмкін, алда өмір болмас... Бәлкім, бүгінімізді ертең сағынармыз...

https://surak.baribar.kz/blog/409/
Ақ парақтағы ойлар 14.11.2017 жариялады
116,265 сұрақ
295,203 жауап
152,913 пікір
61,091 қолданушы