Актобе коркем мекен

Асылбек Іскендірұлы

Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаевқа ризашлығымды білдіремін.

Бүгінде құтты мекеніміз Ақтөбе қайтадан түлеп, экономикасы мен әлеуметтік саласы қарыштап дамып келе жатқан еліміздегі өңірлердің бірегейі. Соңғы 2-жылда облысымызда атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар мен оң өзгерістерді айтып жеткізу мүмкін емес.

Осы жаңалықтардың бәрі облыс басшлығының тізгінін Бердібек Машбекұлы Сапарбаев ұстағалы жеделдетіп іске асырылуда деп айтар едім. Дана халқымыз айтқан «Мың қосшыға-бір басшы». Басшымыз Бердібек Машбекұлы іскер, көргені көп, ұйымдастыру қабілеті жоғары, халқына жақын азамат екен.

Мен Бердібек Машбекұлымен кездесіп, жүздескен адам емеспін. Облыс бұрын қалай дамыды, қазіргі жағдайын көріп, салыстырып отырмын. Облыс әкімінің қолға алған ауқымды істерінің бірі Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қолдап, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытуға негізделген ауқымды қайырымдылық бастамасы. Осы бастаманың аясында 2016-2018 жылдары жалпы құны 50,0 млд. теңгеге бағаланған 125 жобаны жүзеге асыру көзделген. Алғаш рет 28-29 қыркүйекте Ақтөбеде «Туған жер» республикалық форумы болды. Форумның Ақтөбеде өтуі Президентіміз Н.Назарбаевтың облыста «Туған жер» жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға берген оң бағасы деп білеміз.

Елбасы, кешегі 4.10.2017ж. Ақтөбе сапарында ірі өндіріс орындарын аралап, жаңадан салынған әлеуметтік нысандармен танысты. Ақтөбе – Қазақстанның ең бір өркендеп, өсіп келе жатқан өңірі деді. Тоғыз жолдың торабында орналасқан Ақтөбенің болашағы зор, миллион тұрғыны бар қалалар қатарына айналатын мүмкіндікке ие деген.

Айтайын дегенім, Бердібек Машбекұлы марапаттан кенде емес шығар. Үкіметте үлкен лауазымды қызметтер атқарған, білдей 3- облысты басқарған, оларда үлгі боларлық жақсы іздері қалған. Ақтөбе өңіріне жасаған ауқымды жұмыстарын көріп, Бердібек Машбекұлын еліміздегі жоғарғы марапат «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына лайық азамат дер едім.

Бұл менің жеке пікірім, азаматтық позициям. Жиналған жерлерде үлкендер, жастар тарапынан Сапарбаевтың қызметіне ризашылығын білдіріп жатқанын естимін. Бұрынғы облыс әкімі Елеусін Сағындықовтың Ақтөбе газетінің 11.10.2017. санында «Туған жер – әркімнің қасиетті мекені» деген мақаласы шықты. Ол осы мақаласында туған өлкемізді соңғы жылдары қайта жаңғыртып, биікке шығарған Бердібек Машбекұлына шексіз алғысыды айтамын деп жазған. Менің пікірімді қолдайтын басқа да облыстың тұрғындары бар деп ойлаймын.

Асылбек Іскендірұлы

Зейнеткер, Ақтөбе қаласы

Снайперский 162
Өз ойым 5.11.2017 жариялады
116,265 сұрақ
295,203 жауап
152,913 пікір
61,095 қолданушы