Ақ парақтағы ойлар 5.11.2017 жариялады
Егерде сіздің ата - анаңыз күнде бірге болса, онда сіз сондай бақытты жансыз. Азанда ас үйден əкеңіздің əзілінен күлген анаңыздың күлкісінен оянып кетсеңіз, онда сіз сондай бақытты жансыз. Қатты ренжісіп қалса да, бір-біріне қабақтарын шытса да, көздері: "Мені кешірші" деп тұрса, сіз сондай бақытты жансыз. Егер əкеңіз сізге:" Сенің шешең жаман адам!" деп айтпаған болса, сіз бақытты жансыз. Егер сіздің отбасыларыңызда "мен" емес, "біз" деген ұғым қалыптасқан болса, онда сіз сондай бақытты жан екенсіз. Егер сіздің əкеңіз өмірінде анаңызға қол тигізбеген болса,онда сіз  сондай бақытты жансыз. Сіз шын мəнінде өзіңіздің қаншалықты бақытты жан екеніңізді білмейсіз... Осы бақытыңызды Құдай айырмасын. Ата - анаңыз мəңгі бірге, өмір айдынында қол ұстасып сіздің бала жүрегіңізді мұздатпас үшін,  махаббат жалындарын сөндірмесін деп тілеймін.
117,720 сұрақ
302,755 жауап
153,348 пікір
65,091 қолданушы