Қызықты деректер 5.11.2017 жариялады
«Көроғлы»күйінің шығу тарихы

Дәулеткерейдің «Көроғлы» күйінің аңыз-әңгімесі Орта Азия халықтарының арасында кеңіне таралған «Көроғлы» дастанының оқиғасымен тамырлас болғанымен,күйдің шығу себебі күйші өмірінің бір кезеңімен байланыстыра айтылады.

...Бірде ауылы аралас,қойы қоралас жатқан,төсекте басы,төскейде малы қосылған түркімен ағайындарға Дәулеткерей қонақ болып қайтыпты дейді.Сонда ауылдастары алдынан шығып,ел ағасының олжасын қызықтамақ ниет білдірсе керек.Бұған оң шырай танытқан Дәулеткерей: «Уа,ағайын,ендеше сөзіме құлақ сал! Түркімен ағайынның көңілінде көлеңке жоқ екен.Мал беріп еді,жолда өліп қалар деп ала алмадым.Бірақ құр қол қайтқаным жоқ.Осы сапардан бір белгі болсын деп,еш өлмейтін,тозбайтын күй шығарып қайттым!» - депті жадырай сөйлеп.Сондағы күйі осы «Көроғлы» күйі екен.

Мадияр Мендібаев
117,374 сұрақ
300,539 жауап
153,171 пікір
64,118 қолданушы