Бөгеннен ұшқан бұлбұл

Бөгеннен ұшқан бұлбұл

Әр жолы,асқар шыңға атылып тым,

Жатыр жырың,мен өмір отын ұқтым.

Мәңгі өлмейді,асқар – ақын,алып тұлға,

Бейнесі Зейнолла ақын Шүкіровтың.

Шынберген Сүлейменов

Бір жұлдыз болып жанам мен,

Бір жұлдыз болып қалам мен.

Зейнола Шүкіров

Әдебиет айдынында өзінің жеке желкенің құрып,өрге жүзген күнінен жырқұмар қауымды жалықтырмаған кең тынысты ақындарымыздың бірі – Зейнолла Шүкіров

Зейнолла Арал ауданы Бөген елді мекенінде туған.

-Зейнолланың үлкен әкесінде бала болмаған,атасы мен әжесі бір перзентке зар болып жүрген кезінде,түсіне ақ сақалды қария еніп аян береді.

-Қолынды жай балам,ер балалы боласың,атын Шүкірмағанбет қой.

-Міне осы Шүкірден Зейнолла 1927 жылы өмірге келеді.Анасы Зейнолланы туғанда оның кіндігі тіспен кесілген екен.

-Тіспен кесілген кіндік туралы «Кесілген кезде кіндігім анамнан кеттім ажырап»деген ән жолдары еске түседі.Екі жағындағы құдайы көршілері бірі – қайшы,екіншісі – пышақ іздеп жүргенде,ортада бір кеуана кіндікті тіспен қиып жібереді.

-Міне Зейнолла әлдейді естіп,бесікте шалқып өседі.Зейнолла ер жетіп алғаш мектеп табалдырығын аттайды.Өз замандастарымен бірге 4 сыныпқа дейін оқиды.Ол сабақта алғыр,зерек,зейінді,өз қатарынын алды болады.

Сол күні күн күркіреп,ауа райы күрт бұзылады.Анасы мазасыздана береді.9 жасар Зейнолла өрістен қайтқан асау тайлақтан құлап,өмірлік мүгедек болып қалады. Бел омыртқасы зақымданып,сал ауруына ұшырайды. Бұл жағдай әжесіне қатты батады.

5-6 сыныпты немере ағалары,бауырлары мектепке арқалап әкеліп оқытады. Зейнолла тағдырдың салған ауыртпалығына мойымай,қайсарлықпен қарсы тұрды.Төсек үстінде жатқан қаламына қол созады.Себебі,өмірлік нәрін де, дәмін де,нанын да,сол қаламнан табады.Ақынның өлеңдері теңіз,отан,сағыныш,табиғат туралы.

Ақын туралы қазақ халқының ақын-жаушылары былай дейді. «Зейнолла талант.Еріккеннің ермегімен ақындықтын алтын алмасынан дәметкендер екі бел аспай жатып – ақ ентігеді,шоңқияды.Сондайлар өлең сөздің,өнердің жолбикелері ғана. Ондайларды халық танымайды да,оларға көз қиығын салмайды да... Қасірет пен тақсірет шеккен ғаріптер мен майыптар шарасыздан ермек – жұбаныш іздеп жүріп,жазушы да боп кетеді екен деген сияқты жел сөзбен сыпсыңдардың Зейноллаға үш қайнасы сорпасы қосылмайды

.(Мұзафар Әлімбаев, «Ғазиз жүрек» Зейнолла Шүкіров жайында естелігінен)

Ал журналист,әдеби сыншы Айжарық Сәдібекұлы Зекен жайында; «Халқымыздың аяулы перзенті Зейнолла Шүкіров асылы тегін кісі емес еді.Ол жарты ғасыр ғұмырын сартөсекте ауыр азаппен өткізсе де,саудың ісін үлгертіп кетті.Оның сүйегі жерде,Арал қаласының іргесінде құндақтаулы жатқанымен асқақ рухы мәңгілікке аттанарында періште қанатты қыранға айналып кеткендей болады да тұрады менің көңіліме.Ардақты ақын рухы сол сонау жеті қат көктің шексіз тұнғиығына самғап жетті білем.Ол Алланың сүйген құлы ғой,мәңгілік мекені сол жақта,пейіште болар.Сәби болып туып,періште болып өмір сүрген ғажайып Адамның сол қыран қанатты рухын мындағы біздер қастерлеу беруге бармыз ғой!

Бармыз ғой,қайран Зекем – ау!

(«Дарияның тұмасынан жыр боратқан»,естелік кітабынан)

Бөген елді - мекеніндегі мектепте және де Арал аудандық мәдениет үйіне осы теңіздей толқыған ақынның есімі берілген.

Малияр МЕҢДІБАЕВ

Елді мекендер 14.10.2017 жариялады
116,265 сұрақ
295,203 жауап
152,913 пікір
61,092 қолданушы