Жастар шылым шегу дұрыс емес!

Шылым шегу дұрыс емес!

Газет –журнал беттеріндегі түрлі-түсті көз тартатын жарнамалар,тез машиналардағы шылым шегу жарнамалары лоардың ер жетіп шылым шегу керектігіне хабарлама беріп тұрғандай болып көрінеді.Темекі өндірісі жасөспірімдердің шылым шегуін қаламайтынын қанша айтып ант ішсе де олардың өз құжаттары ұзақ мерзімді уақытта шылым шегуге қызықтыруы,өмір сүруі үшін шылым шегудің зардабынан қаза болған адамдар орнына жаңадан шылым шегушілерді толықтырылып отырылады.Осы жаңа шылым шегушілер қатары негізінен жас өспірімдер болып көрінеді.

Күн сайын шылым тартатын 10 000 адамдар өмірін үзеді.

Көптеген елдерде шылым шегу жастар арасында жоғары.Шылым шегу жасөспірім кезінде одан да ертерек бастайды.Егерде жастар 20 жасқа дейін шылым шекпесе,бастауына да күмән бар.

Жастар неге шылым шегеді?

Шылым шегудің жастарға әсер етуінің бірнеше күрделі және байланысқан әсерлері бар.Зерттеу жылдары мынаны көрсетті; жоғары дәрежеде темекі өнімдерінің өндірілуі,ата-ананың шегуі,құрбы құрдастарының темекі қолданылуы әрбір жасқа әсерін тигізеді.

Жастар көбінесе жаңа тәртіп түрімен тәжірбие жасайды,бірақ олар ұзақ мерзімді салдарын қарастырмайды.Олар үшін шылым шегу тәуекелділігі алыстау көбінесе психологиялық басымдылықпен салыстырылады.Көбінесе жастар никотиннің өзіне тәуелді ететіндігін,шылым шегуді тастаудың қиын екендігін ескере бермейді.Олар үлкендерге қарағанда шылым шегуді тез қоюға болады деп ойлайды.Біраздан соң психологиялық басымдылыққа қарағанда никотинге тәуелділік басым екенін байқайды.Жасөспірім болмысын жасауда жарнаманың рөлі үлкен.Жарнаманы шылым шегушіні сәулетті,әйгілі,тәуелсіз,ержүрек,әр түрлі оқиғаларға әуесті адам етіп көрсетеді.Өздері шылым маркасын таңдауда сол маркадағы кейіпкердей сезінеді.Жарнамалар жастардың шылым шегу өте кең тарағанын айтып сендіреді.Ғылыми зерттеу институттарында шылым шегудің адам ағзасына зиянды ененін айтуда.Тәжірбиеде көрсетілгендей никотин қанға сіңіп алғашында тамырдың кеңейіп сосын тартылады .Әсіресе жіңішке қан тамырлары зардап шегеді.Алдымен никотин жүрек тамырлары ми тамырларына әсерін тигізеді.3-4 сигаретті шеккеннен соң жіңішке қан тамырлары тарылып қан ағымы тежеледі.Бұл құбылыс яғни қан тамырларының тарылуы қысылуы шылым шекеннен соң 20-30минутқа дейін тамырлары әрқашан тұрақты қысылуда болады деп қортынды жасауға болады.

Шылым шегу көбінесе тамырлардың ауруы(облитерирующий эндартериит) соқтырады.Алдымен аяқ тамырлары зардап шегеді ол ауруды (перемежающая хромота) дейді.Бұл ауруда қан тамырлары қысылу кеңейту қабілеттілігінен айырылады.Қол-аяқтың қанмен қамтамасыз етілуі жүрген кезде жұмыс істеген кезде қанағаттырылмайды.Емдеу әрқашан өз нәтиежесін бере бермейді.

Шылым шегуді бастау оңай,бастарту қиын.

Қанекей шылым шекпейік! Туыстарымыздың,достарымыздың,өзіміздің денсаулығымызды сақтайық!

Салауатты өмір салты 5.11.2017 жариялады
116,035 сұрақ
294,369 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы