Балқаш көлі туралы аңыз

Балқаш көлі- Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі.Ол Алматы,Талдықорған,Жезқазған,Жамбыл облыстарының жерлерімен шектесіп жатады

Көлдің қазіргі атауына байланысты халық ішінде бұрыннан айтылып келе жатқан аңыз бар.Бұдан көп ғасырлар бұрын көлдің батыс жағалауын бір бай мекендеген екен.Оның Балқия атты аса көрікті қызы болыпты.Ол тек көркімен ғана емес,ақылымен де,адамгершілігімен де ел аузына ілігіпті.Сүйікті қызды әкесі ғана емес,бүкіл жұрт еркелетіп Балқаш деп атайтын болыпты.

Жасы он жетіге толғанда Балқия алыс елден келген Ерден атты бір жас жігітке ғашық болады.Алайда қазақтың көне әдеп-ғұрпы бойынша ата-анасы қызды бала күнінде атастырып,бай қалың мал алып қойған екен.Мұны естіп-білген қыз бен жігіт жасырын қашпақ болып келіседі де,бір ыңғайлы келген түнде екеуі екі атқа мініп тайып отырады.Ертесіне екі ғашық бір қалың қамыстың ішіне келіп дем алуға тоқтайды.Мұнда олар ойламаған жерден қырсыққа тап болады.Тал түсте аттарына қамыс ішіндегі қабандар тап береді.Ерден аттарды құтқарам деп жүргенде,қабанның азу тісі денесіне ондырмай ауыр жарақат салады.Балқияның сүйікті жігітін өлімнен арашалап қалуға шамасы келмейді де асыл жарын жерлеп,өзі де сол жерде өлмек болады.Ал бұл кезде қабаннаң үркіп қашқан екі ат қыз бен жігіттің туған ауылына келіп бір-ақ тоқтайды.Ыза болған қыздың әкесі жігіттерге қашқындарды ұстап әкелуге әмір береді және оларды халық алдында қарабет қылып жазаламақ болады.Қашқындарды іздеп шыққан жігіттер ат тұяғының ізімен жүріп отырып,қыздың тығылған жерін табады.Қуғыншыларды көрген соң,әкесінің қатал мінезін жақсы білетін Балқия,қолға түскеннен өлімді артық көріп,биік жардан көлге бір-ақ секіреді де су түбіне кетеді.

Бұл ауыр оқиға,трагедия сол маңдағы елге түгел жайылып,бұдан былайғы жерде көлді өздері еркелетіп айтатаын,сүйікті жас арудың атымен халық Балқаш деп атап кеткен екен.

Мадияр Меңдібаев
Қызықты деректер 5.11.2017 жариялады
116,025 сұрақ
294,324 жауап
152,839 пікір
60,310 қолданушы