Ырым - тыйым туралы.

Қазақ ырым, тыйымдарды еріккеннен, не болмаса біреулер сенсін, немесе сенбесін деп ойлап таппаған. Бұл ырым-тыйымдардың бәрі халқымыздың сан ғасырлық өмір жолындағы жинақталған, сұрыпталған тәлім тәрбиеге, адамдық қасиеттерге, жаманнан сақтандыруға, жақсыға талпындыруға,т.с.сияқтыларға жол көрсететін құрал есебінде жинақталған. Сондықтан оны орындамау немесе орындау деген сұрақ туындамау керек, тек орындалу ғана керек. Сонда біз мықты ұлт боламыз. Менің бұл айтып отырғаным қазақ халқының өз төл ырым-тыйымдары туралы. Ал сырттан енген мысық,пысық, өйтсең сабақтан екі аласың, пәлен-пәштуан деген мәйда-шүйделер туралы сөзім жоқ.
Сөзім бәтуалы болу үшін біді-екілі ырым-тыйымдарды келтіре кетейін. Мысалы:

1. «Түнде тырнақ алма»-деп жатады, бұлай деуге себеп, Адамның жаны тырнағының ұшында ілініп тұрады деген сөзден шықса керек, әрі түн қараңғылық уақыты болғанг соң тырнақ қиқымы ас-суға араласып кетпесін деген ойлардан айтылған.

2.»Түнде суға барма»-деген тыйым бар, бұл судағы бар жәндік түнде жағалауға тыныстауға шығады, әдетте су әкелуге баратын нәзік жанды әйелдер солардан шошынып қалмасын деген оймен айтылған.

3. «Әкесі бар адам бас ұстауға болмайды, жаман болады»-дейтін тыйым бар, Бұл қазір сенің шаңырағыңның басы әкең, не әкеңмен таласып оның өлгенін тілегендей болма дегенді ұқтырғаны.

4. «Нанды аяқпен баспа, жаман болады»-деген де ырым бар, бірлі-жарым жатақ ауылдар болмаса қазақтың негізгі шаруашылығы мал болғандықтан егін салмаған, міне сондықтан ұн қай уақытта болса да қат болған, міне сол қат дүние шашылып төгілмесін, ысырап болмасын деген оймен айтылған. Мінекей, осы сияқты барлық ырым -тыйымның өз түсіндірмесі бар.

Данышпан Қазақ салт-дәстүрлері 19.01.2015 жариялады
115,533 сұрақ
292,582 жауап
152,690 пікір
58,892 қолданушы