Мен туралы 100 болмаса да факт...

Өзім жайлы ақиқат

Сәлеметсіздер ме! Бұл сайтқа кіргенім бүгін ғана. Бұның да өзіндік әңгімесі бар. Құрбымның туған күнің ұмытып қалып, іздеп қарағам. Сөйтсем құрбым осы сайтқа тіркеліпті. Дегенмен, туған күні белгіленбепті... Өкінішті((( Сөйтііііп, мен де тіркеліп көрейінші деп, алғашқы қадамымды жасадым. Жазбаларды түгел дерлік оқымадым. Қызықты тақырыптарын ғана оқыдым. «Блог» дегенді көріп, «Мен туралы 100 факт» еншісіне кіріп, бас жағындағы жазбаларды оқыдым. Қызықты екен. Оқып отырып, менің де қызығушылығым оянып кетті. Негізі жұмыста отырғанмын))) Сонымен, өзім туралы 100 ақиқатқа жетпейтін сауалнамамды бастайын:

1. Аты-жөнім – Сагидоллина Айнур Нурболатовна.

2. 1996 жылы БҚО Орал қаласында маусымның 30 жұлдызында дүниеге келіппін

3. Ұлтым Қазақ. Көзім көк болғасын ба, орысқа ұқсатады...

4. Егіздің сыңарымын, бірақ сыңарым өмірде жооқ(((

5. Кішкентайымда тентек болатынмын, өйткені үйдің кенжесімін.

6. Сол тентек кезімде көп жыласам керек, әпкем шайқап жатқанда қолымды тартып қалып шығарып жіберіпті. Бірақ Аллаға шүкір денем сау.

7. Бала бақшада, әлі есімде, қойылымдарға көп қатысатынмын. Пысық болғам ғой. Тақпақ, өлең дегендерді тез жаттаппын.

8. Білім жолын аталмыш қаланың 33 ОЖББ мектебінен бастадым. (1-сыныпта староста болдым 1күн ))))) айттым ғой тентек болдым, бір қызды мазақтаймын деп, тағымнан құлап қалдым))) Отырарды бағындырмақ түгілі, маңына да жоламаппынғой)))

9. 1-сыныптан бастап-ақ жүрек ауруына шалдықтым. Көп қиналдым. Күндіз-түні ұйқы жоқ. Не анамды ұйықтатпадым, не өзім де ұйықтамадым. Сол сыныптан бастап ДШ дегенге жоламайтынмын. Бірақ қатты жүгіретінмін.

10. 3-сыныпта әпкелеріме қызығып, қоярда қоймай «би үйірмесіне» жазылдым. Содан не керек би хоббиіме айналды. Дәрігерлер қарсы болғаннын өзінде, саумын деп анықтама жаздырып алып жүрдім. Өйткені спорт қой олда.

11. Содан не керек, бидің жанкүйері болып жүріп, мектептен тыс жұмыс орталығының «жас тігінші» үйірмесін қоса алып жүрдім. Неше түрлі ойыншық тігетінбіз. Шыны керек, сол дүниелердің қайда қалғанын білмеймін.

12. Әр түрлі жобаларға, жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иемденіп жүрдік. Сол күндерімді қазір аңсаймын. Бақытты балалық-шағым. Ең есте қалғаны. Мен ауырғаннан сәл толықтау болдым. Соған қарамастан биге қатысып жүрдім. Тіккен киімдеріміз сыймай қала беретін. Әбден концерт боларда: «Айнур тамақ ішпе, сыймай қалад»,- дейтін бәрі))) Сөйтіп билеп болғасын барып тамақ ішетінмін.

13. Биге 9-сыныпқа дейін қатыстым. 6 жыл мен үшін аз болды. Өйткені «Хареогроф» болу арманым еді. 9-сыныпта МАБ деген шықтығой, соған дайындаламын деп, арманымнан бас тарттым деп айта алмаймын, өйткені 9 бітіріп саз колледжіне түсем ғой деп едім. Бір мұғалім арманымның күл талқанын шығарды. Бірақ ол кісіге өкпем жоқ.

14. 9 бітіріп оқуға тапсыруға үйдегілер қарсы болып, амал жоқ 10-ға жеттік. 10-сыныпта белсенділердің қатарында болдым. Тағы да үйірмелер, жастар бірлестігі, көптеген жиналыстар, жиындар. Дегенмен бәрі қызық болды.

15. Сөйтіп жүріп 10-ның жартысына келгенде, бір кедергілер болып, дорбамды жинадым да, нағашылармының ауылынан бірақ шықтым.

16. Бұл жерде маған қатты ұнады. Не дегенмен Қаратөбе ғойй))) Бұл өңір нағашыларымның ауылы болды. Мектепті үздік оқыдым. Тағы да бимен айналыстым. Кішкентай балдырғандарға би үйреттім. Әрі концертті жүргіздім. Керемет кездер еді....

17. Осылай концерттің қызуымен жүріп, 11- сыныпқа қалай келгенімді білмей қалдым. Айтпақшы жүрек аурынан айықтым. Алла шүкір. Анда-санда сыр беретіні болмаса. Дегенмен 11-сыныпты аурухана табалдырығын тағы аттадым. Кім біліпті... Суықтың зардабының қатты боларын. Ол ауру туралы естімеген едім.

18. Не керек ҰБТ-ға дайындалам деп жүріп, ота жасаттым. Қатты қиналдым. Өйткені арманым ЖОО-на түсу еді. Дайындала алмадым. ҰБТ-ға 3ай қалғанда ғана кітаптан бас алмадым. Мұғалімдер таңдау пәніме қарсы болды. Не керек «Ағылшынды» таңдап шықтым.

19. Әттең-аймен ҰБТ да келіп жетті дорбасын арқалап. Аяз ата құсап таппақ айтқанға емес, ең болмаса дайындығым үшін кәмпит берсе екен. Қайдам, кәмпит ала алмадым. «Мә саған!» – деп 93 балды маңдайыма жабыстырды да қалды. ШОК! Болғансынғооо)))) Сондағы таңдау пәнім үмітімді ақтамай, 13 – ақ балл беріп тұр екен. «Рахмет» дедім де бар баллды қалтаға жиып алып, ауылға аттандық. Ауыл у-шу! Ең жоғарғы ұпай болып Құдай сақтады. Ауыл мәз әйтеуір. Бірақ өзім мәз емеспін. Сөйтіп, думандатып, қалаға ата-анамның қасына, баяғыда арқалаған дорбамды арқалап, бір жола келдім.

20. Оқуға тапсырғанымда қасымда ақыл айтар жан болмады. Ағаттық жасап, таңдаудан қателесіп, Аһ ұрып үйге бас еңтелеп қайтып келдім.

21. Қаламызда «агроколледж» бар болатын. Не керек құжаттарымды жинап, сол колледжге беттедім. Жалғыз бару ойымда жоқ әрине, ауылдағы құрбымды ертіп, екеуміз де Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің студенттері атандық.

22. Студенттік кезге өкпе жоқ әрине, бірақ мамандыққа «бауырым» тартпады.

23. Не керек колледжді де үздікке бітіріп, қолға қызыл дипломды алып, шулап-шулап, думандаттық та үйге қайттық.

24. Бірақ ең жақын деген құрбыларымды осы колледжден таптым. Аллаға шүкір достарым көөөөөп. Ал мектептен келе жатқан жан құрбым біреу-ақ. Ол менің Сабринам!!!!! Арманының ортасына келді. Дәрігер болам деп еді. Шүкір оқып жатыр.

25. Сөйтіп, диплом алғаным не керек, ала сала қайттан бір ауруға тап болдым. Кезекпен келіп шаршатты әбден. Мені қойш ата-анама обал.

26. Аяқ-қолдың қадірін түсіндім. Тағы да суық қой сол!!! Аяғымды баса алмай қалдым. Әйтеуір у-шумен ауруханаға да жатып шығып, емделіп шықтым. Содан не керек, үйде жаттым демалдым. Бірақ бұл ісім жарамасы анық деп, «Жұмыспен қамту орталығына» беттедім. Тіркелдім. Сөйтіп «Жастар практикасымен» жұмыс орнына уақытша тұрдым. Не керек, Диплом жарады. Қазіргі таңда осы жұмысымда отырған сәтім бар!

27. 21 жасыма келіп, біраз нәрсені ұқтым. Айтпай кеткенім көөөп. Мен 8-сыныпты аяқтағанан бастап еңбекке араластым. Ең алғаш көзілдірік сатумен айналыстым. Одан балмұздақ саттым 4 жылға жуық. Сөмке сатумен де айналыстым. Кейін балалар киім дүкеніне орналастым. Осылай жүріп уақыттың қалай зымырағанын байқамай да қалыппын. 21 жас міне биыл ғана құшағын ашып кіріп келді.

28. Мінезіме келетін болсақ, жан-жағымдағы адамдардың айтуы бойынша «тым мейірімдімін». Оны өзімде растаймын. Көмек сұрап келіп тұрған адамның бетін қақпаймын. Қаға алмаймын. Өйткені өзім көмек сұрағанда, маған ешкім құшақ ашпады. Қандай қиын екенін білемін.

29. Ақылды емеспін, өйткені жарытып оқығаным жоқ. Дегенмен кітап оқығанда жөн көрем. Әдеми шығармалар, фантастика, лирика болсын оқи беремін. Және де хадистерді оқығанды жақсы көремін.

30. Қырсықпын. Еркемін. Ойымды айта аламын. Бетке айту қасиетім тағы бар. Ренжуім екі талай. Ренжісем де ұзаққа бармайды. Қалжындағанды қатты жақсы көремін.

31. Жайдарман, КТА, Әзіл әлемі, Алдараспан дегендерді сүйіп қараймын.

32. Жұлдыз ФМнің тұрақты тыңдарманымын. Жасұлан мен Анардың жанкүйерімін))) бұл радио пайда болғалы бері радионы жиі тыңдаймын.

33. Қазақтың әндерін сүйіп тыңдаймын. Қуандық Рахым, Жалғасбек Әбдіхановтің әндерін жақсы көремін. Ұшқын Жамалбектің шығармалары ұнайды. Жалпы қазақ эстрадасындағы барлық әншілер ұнайды.

34. Жерлесіміз Тұрсынбек Қабатовты қатты жақсы көремін. Әзілдері ойға қонымды. Шын өмірдегі оқиғалар. Кейді өзімізді көріп жатамыз.

35. Инстада Абдал Нурсултанның жазбалары ұнайды. Яғни имандылықты арқа тұтам. Мұсылман болғаныма Аллаға шүкір. Оғаш қылықтарым жоқ. (кішкентай кезімдегі тентектіктеріме өкінем)

36. Тағы не айтсам болады..... Досқа адалмын! Өтірік айтқанды ұнатпаймын. Ашық адаммын. Тез бауыр басып кете алам. Бірақ ұнамайтын қылықтарын байқасам, айтуын айтамғой ол кісіге. Егер дұрысталмаса арамызды үзе алам. Дөрекілікті ұнатпаймын.

37. Айтпақшы тамақ пісіруге құмармын. Ауылдан үйренгенім көөөөөп! Тәтті тағам пісіруді хоббиге айналдырдым. Әр демалыс сайын бірдеңе пісіруге құмармын.

38. Тағы сұрақтарыңыз болса, жазбам ұнап жатса пікір қалдыруларыңызды сұраймын!!! Әр адамның ойын білгім келеді... Сонымен 100 факт болмаса да, мен туралы ақиқат осы!!! Менің өміріме ҚОШ КЕЛДІҢІЗ!!!

Мен туралы 100 факт 9.10.2017 жариялады
116,265 сұрақ
295,203 жауап
152,913 пікір
61,091 қолданушы