Темекіні таста, жаңа өмірді баста!

темекі, темекі тастау

Темекі тек оны шеккен адамның ғана емес, қасындағы тұрған адамдардың да денсаулығына зиян келтіреді. Мұндай жағымсыз әдеттен арылудың жолы бар ма?

Темекіден бірден бас тарту оңай емес. Дегенмен, өзіңіздің денсаулығыңыз үшін мұндай жаман әдеттен арылудың жолдарын қарастырған жөн. Ол үшін ең алдымен адам өзінің ішкі сезімін, ерік-жігерін күшейтуі керек. Яғни, темекіге деген тәуелділікке қарсы тұра білуі керек.

Темекісіз алдағы күндерім қалай өтер екен деп ойламаңыз. Осы жаман әдеттен арыламын деген алғашқы күннен бастап темекіні мүлдем шекпеңіз. Темекісіз кемінде үш күнге шыдайтын болсаңыз, онда бұл әдеттен арылуға толық мүмкіндігіңіз бар.

Күнделікті темекі шегетін уақытыңыз таяп, ойыңыз соған ауа беретін болса, басқа нәрсемен айналысып, көңіліңізді аулаңыз. Мысалы, досыңызға қоңырау шалып қызықты бір оқиғаны айтып беріңіз. Бір орында тұрып жүгіріңіз, сағыз шайнаңыз, алма немесе басқа жемістерді жеңіз.

Темекіні тастауға өзімнің күшім жетпейді деп ойласаңыз, медицина көмегіне жүгініңіз. Дәрігермен ақылдасып, оң нәтиже беретін дәрілерді жаздырып алып қолданыңыз.

Темекі шекпеген 2-3 күннің ішінде сіз денсаулығыңыздың күшейіп, көңіл-күйіңіздің көтеріліп, тыныс жолдарының жақсарып қалғанын байқайсыз. Бойыңыз жеңілдеп, еріншектік әдетіңіз де сейіле бастайды.

Қатты ашуланып ызаға булыққанда жеңілдікті темекіден іздемеңіз. Бұл сіздің әлсіздігіңіз бен жаман әдетпен күресе алмауыңыздың белгісі.

Бір аптаны темекі шекпей өткізсеңіз, өзіңізді үлкен жетістікпен құттықтап қойыңыз. Отбасыңызбен бірге таза ауада серуендеңіз.

Жаман әдетті бастау да, оны тастау да адамның өз қолында. Денсаулығыңызға нұқсан келтіретін емес, күш-жігеріңізді, ішкі қуатыңызды күшейтетін әдеттерге бейім болыңыз.

Данышпан Салауатты өмір салты 10.01.2015 жариялады

4 пікір

Шынымен де темекі зиян. Оны тастау керек. :)
Тексеру үшін жазылған пікір.
Айтуға оңай...
Бірақ шын ниеттенгендер тастай алады. :)
115,541 сұрақ
292,615 жауап
152,700 пікір
58,824 қолданушы