Хельба қазақша (Хильбе, бедебас, бойдана)

Хельба - көбінесе, евразия құрлығының оңтүстік жағалауларында қолданыста кең тараған өсімдік. Шай ретінде 100 ауруға шипа. Гректер, үнділер және араб халықтары мәдениетінде кең тараған.

Сатып алу

Мұсылман тауарларлары дүкендерде сатылымда бар. Мысалы, salsabil.kz немесе barakat.kz

Қалай қолданылады?

Бір стақан қайнақ суға 1 шай қасық хельба дәндерін салып суығанша күту керек. Қосымша ретінде бал(оңтүстікте - әсел) қосуға болады. Бірақ суығанда ғана. Себебі ыстық суға бал қосса зиян.

Қандай әсері бар?

Негізі бүйрегіңіз сыр берсе, және өз жұмысын толық атқара алмаса көмек ретінде ішуге болады. Қызуды басатын әсері бар. Кішкентай балаларға 5 жастан беруге болады. Әйел адамның төсін өсіреді деген сөз, гормондардың яғни эндокрин жүйесін қалыпқа келтіруге септігі зор, сондықтан кей жағдайда әйелдің төсін(емшек бездерін) үлкейтеді деген осыдан.

Суреттері төмендегідей

Хельба қазақша

Хельба дәндері қатты және сарғыш, кейде жасылдау болады. Қазақстанға Мысырдан немесе Үндістаннан әкелінеді. Дәмі сәл ашты, жалпы қыст аль хинди сияқты ащты емес. Ұнтақтап тамаққа специя ретінде қосса да болады.

Хельба гайморит кезінде қолданса басты ауыртуы мүмкін.
Пайдалы кеңестер 12.09.2017 жариялады
116,053 сұрақ
294,506 жауап
152,845 пікір
60,451 қолданушы