Электронды жайнамаз(Электронный жайнамаз) туралы толық ақпарат

Жайнамаз — мұсылман баласы намаз оқығанда төсейтін көлемі 1.5*0.5 м кілемше.

Заманауи техника

Электронды жайнамаз бұл заманауи технологиялардың қолданылуымен жасалынған, намаз оқып үйренемін деушілерге қосымша. Яғни, баяғыша қағазға жазып оны оқып жаттауды жеңілдету ретінде жасалынған дүние. Намаз оқып үйренушіге итерактивті түрде бейнелі намаздың үлгісін көрсетіп тұратын құрылғы. Қарапайым тілмен айтқанда, 5 уақыт парыз болған намаздарды қалай оқу керектігі көрсетіп тұратын құрылғы. Мысалы таң намазын таңдайсыз, наушник киіп құрылғыдан қалай қимылдау керектігін көріп тұрасыз.

Электронды жайнамаздың бағасы?

Бағасы әртүрлі 4 мың теңгеден бастап 10-15 теңгеге дейін барып жатады. Айырмашылығы өндірушіге, сапасына, түсініктілігіне(яғни, қалай қолданылуы оңай), көрнектілігіне байланысты. Төмендегі суретте, менің пікірімше, қазірге ең оңтайлысы.

Электронды жайнамаз Асыл арнадан жарнамасы болған

Бұл модельдың ерекшелігі әрбір намаз ішіндегі әрбір іс-қимылды көрсетіп тұрады. Қорапшасы да әдемі, сыйлыққа тартуға да ұялмайсың. Араб тілін не үшін қосқанын түсінбедім. Мүмкін намаз білмейтін арабтар бар шығар :D . Жалпы тағы қазақша, орысша тілдерде сайрайды. Бір кемшілік тапқаным, ол арзан ресейдің батарейкаларын салсаң істемейді. Қымбаттау, есі дұрыс бақандай 3 батарейка салсаң ғана істейді. Және комплектіде батарейка болмайды. Мүмкін зарядканы ойластыру керек шығар.

Сатып алу

Діни заттар сататын дүкен сөрелерінен таба аласыз. Мысалы, Қазақстан бойынша үйіңізге дейін жеткізуі бар дүкендер (salsabil.kz, barakat.kz)


Салауатты өмір салты 6.07.2017 жариялады
116,053 сұрақ
294,506 жауап
152,845 пікір
60,451 қолданушы