Халық саны бойынша көшбасшылардың бірі – Шымкент – онлайнда сирек қатысады

“Робот Займер” сервисінің аналитикалық орталығының зерттеуіне сүйенсек, Шымкенттіктер Қазақстанның басқа қалаларының тұрғындарына қарағанда, Интернетте қарызды 4 есе сирек алады екен.

Онлайн-кредит берудегі белсенділіктің төмендігіне қарай бетбұрысты сарапшылар ОҚО-да, тұтас алғанда, Шымкентте де, жеке алғанда, шағын қарыз берумен айналысатын оффлайн кеңселердің желісі көбірек дамығанымен түсіндіреді. Еңбекақыға дейін берілетін қарыздардың нарығы бойынша бүтіндей алғанда оффлайн қарыз берудің үлесі мұнда едәуір жоғары - 6,5%, ал онлайндікі, керісінше, — ең төмен (0,3%).

Бұл ретте ең белсенді онлайн қарыз алушылар Алматыда (25,98%), Астанада (15,47%) және Қарағанды облысында (8,77%) тұрады. Бұл жайт инфрақұрылымның өте жоғары дамуымен (банкоматтардың, Wi-Fi мен 4G-интернеттің болуымен) және мегаполис тұрғындарының әлеуметтік-тұтынушылық белсенділік дәрежесінің жоғарылығымен байланысты.

Батыс өңір тұрғындарының онлайн кредит алудағы белсенділігі төмендеу – мұнда интернетте қарыз алушылар ел бойынша орташа алғанда (16,7%), екі есе сирек (8,62%) кездеседі. Мамандар бұл жайтты өңірде ірі қалалардың жоқтығымен және Қазақстан бойынша халық тығыздығының ең төмендігімен байланыстырады. Нәтижесінде – қаржылық онлайн-сервистердің әлеуетті пайдаланушылары арасында ақпарат алмасу дәрежесі төмен болуда және геолокациялық жарнамалық интернет-науқандар өткізуге аз көңіл бөлінуде.

«Онлайн қарыздар нарығы қаржылық инклюзияға және халық проблемасының шешілуіне ықпал етеді. Нәтижесінде, ол қарқынмен өсуде. Біз қарыз алушылар саны бойынша мегаполистер мен халқы тығыз облыстардың тұрғындарының көш бастап тұрғанын көріп отырмыз, бірақ өсім уақыт өте келе қазір онлайн кредит беру үлесі едәуір төмен өңірлерде де орын алады деп пайымдауға негіз баршылық», - деп атап өтті Индира Кенесарықызы, «Робот Займер» ЖШС бас директоры.

Іс-шара | Пресс-релиз 19.06.2017 жариялады
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,461 қолданушы