Дене тәрбиесі өзгерістерді талап етеді?

Спорт және дене тәрбиесінде қазақша сөз терминдерінің Төтенайдың Базарбегінен кейін жетімсіреп қалғаны рас. Соңғы кезде әркім өз ыңғайына қарай аударамын, деп әр түрлі балама сөздермен быламық етіп жіберген. Спорт және дене тәрбиесіндегі қолданысқа ену керек қазақша бұйрық сөздерді тым қысқартып, бай сөз қорымызға нұқсан келіп отыр.

Спорт және дене тәрбиесі саласында жүрген жанашыр жандардың мұң-мұқтажының бірі қазақша терминдер. Осы проблеманы шешу заман талабына сай келеді. Бұл жалғыз менің емес, бүкіл қазақ тілді дене тәрбиесінің мамандарының ізгі-тілектері, деп қабыл алыңыз!?

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ӨЗЕКТІ, ШЕШІМІН ТАППАҒАН МӘСЕЛЕЛЕРДЕН ОЙ ҚОЗҒАСАМ...

Қазіргі таңда білім саласының бірі денешынықтыру пәнінің кенжелеп қалғаны рас. Сонымен қатар осы кезде қолданыста жүрген сабақ барысындағы қазақша бұйрық сөздердің мамандар арасында көп талқыға түсіп жүр. Орыс тілінде қолданыста болған бұйрық сөздердің тікелей мағанасынан алынып, қазіргі шұбар тілді қазақша бұйрық терминдер ешбір сын көтермейді.

Мысалы: орысша «Кру-Гом!» бұйрығы қазақша «Ай-Нал!» деген сөзбен баланың құлағына мән-мағанасыз сіңіп жатыр. Орыстың «Вокруг» сөзінің түбірінен шыққан «Кругом» бұйрығы қазақшаға да сол сөздің түбірінен арқау алып аударылған. Ал бізде «Айнал» деген сөзге зер салсаңыз, тоқтамай айнала беру керек, немесе неше рет айналуы керектігі атап көрсетілуі қажет. Менің ойымша осы бұйрықтың қазақша балама аудармасы «Кері-Бұрыл!» деп аталуы қажет. Орыстың «На месте шагом-Марш!» бұйрығы қазақша екі түрлі болып, әр маман өз ыңғайына қарай қолданып жүр. Мысалы: «Бір орында-Адымда!», «Бір орында жерді –Тепкіле!». Адым-деген сөз қазақта жай қадамнан алшақ болуы керек емес пе? Ал анау жерді «тепкіле» деген сөз адамның күлкісін келтіреді.

Біз балаға сабақ барысында бағыт-бағдар беріп, қимыл-қозғалысты өз бетінше жасауға баулитын маманбыз. Осы бағыт-бағдар беру арқылы баланың ой-өрісін қозғап, аяқ-қолдарына, дене бітіміне іс-әрекет жасауға үйретеміз. Сол бойына сіңген қимыл-қозғалыс дағдысы арқылы, баланың болашақта қай спортқа қарай бағыт беруге болатынын анықтауға болады. Осы салаға бір түбегейлі болмаса да, азды-көпті реформа қажет ететін кез келген сияқты. Соны өзіңіз бастама етіп, қолдау көрсетсеңіз???

Кезіндегі орысша атауы бар: «Физическая культура», «Физическое воспитание» екі бағытты қамтитын сала сияқты еді. Ал бізде қазір осы екі сөздің қазақша үш атауы қолданыста жүр. Атап айтар болсам: «Дене шынықтыру», «Дене тәрбиесі», «Дене мәдениеті».

«Дене шынықтыру»-бұл жаттығулар кешені, жаттығулардың құрлымы, қозғалыс дағдылары-күш, икемділік, иілгіштік, ептілік, жылдамдық т.б.с.с. қасиеттерді дамытатын процесс. Қосымша: күн, су, тамақ, ұйқы, гигиена, психологиялық тұрғыдағы дайындықтардың бағыты болса екен.

«Дене тәрбиесі»- бұл адам баласының дүниеге келген сәтінен бастап дене бітімінің дұрыс қалыптасуына көмектесу, одан әрі қарай қимыл-қозғалыс дағдыларына үйрету арқылы болашақта салауатты өмір-салтына баулитын мамандық болса.

«Дене мәдениеті»-бұл бір бағыт. Бодибилдинг, армреслинг, фитнесс, аэробика, шейпинг, спорттық билер, брейк-дэнс т.б.с.с. белсенді дене қимыл-қозғалыстарына баулитын бағыт болып аталса.

«Физрук»- сөзі халықтың сана-сезіміне жағымсыз сөз тіркестерімін қатар аталып жүргені, ащы да болса шындық. Соңғы кездері әлеуметтік желі, баспасөз беттерінде осы мамандақ иесі педофил сөзінің антонимі болып бара жатыр ма, қалай өзі. Сабақ барысында бала өліпті, таяққа жығыпты, деген жағымсыз жәйттер белең алып бара жатыр. Осы орысша мамандық иесінің атауын біржолата лексиконымыздан өшірейікші??? Қазір бұл салаға кім келмей жатыр: отставкаға шыққан күш құрылымының бұрынғы қызметкерлері, күзетші т.б.с.с мамандық иелері немесе педагогикаға бес қайнаса сорпасы қосылмайтын «адамдар»... Сырттай білім алып, аяғын мектепке басқан адам өзгенің баласын емес, өз басының кем-кетігін түгендеу үшін келетін мамандық болды ғой. Арнаулы орта білімі бар, екі жыл еңбек өтілі бар мамандар сырттай оқу бөліміне түсетін еді осыдан 20-25 жыл бұрындары. Осы кемшілікті қазір ретке келтірмесе, кейін кеш болары хақ!

Әр елде біздің мамандық иелерін әр түрлі етіп, сый-сияпатпен атайды: «Сэнсэй», «Сабоним», «Коуч». Ал неге бізде осындай оқушы мен ұстаздың арасын байланыстыратын сыйлы сөз жоқ!? Спорт және дене тәрбиесі бағыттарында екі ғана мамандық иесі болып, қазақша атауға ие болса екен. «Жаттықтырушы» - спорт түрлері бойынша, «Бапкер» - орта білім беретін мектептерде, арнаулы және жоғары білім ордаларында қолданысқа ие болса екен. Осы мамандық иесі атанушы үшін баланы, спортты, кәсібін сүйген адамның қолынан келетін іс екенін студенттік кезден дайындаса екен, деген ізгі ниет бар. Жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтар сияқты спорт және денешынықтыру пәндерінің мамандарын даярлайтын алма-матерлердің сандарынан сапасы аздау болып тұр. Ешқандай материалдық базасы, не дені дұрыс мамандар жоқ жерден қандай ұстаз шығады. Қазақтың қара шаңырағы «Қазақтың спорт, дене тәрбиесі және туризм академиясының» қабырғасынан бүкіл Қазақстанға жетерлік мамандарды жеткілікті етіп дайындауға неге бомайды?

Осы аталған білім ордасының қабырғасынан тек екі мамандық иелері дәріс алып шықса екен... Ол «Жаттықтырушы»-күрес, бокс, футбол... және «Бапкер» орта мектеп, арнаулы және жоғары білім орындарындарының бакалавр; магистр мұғалімдері мен оқытушыларының дипломдарына осылай жазылса. Ал «Дене мәдениетін» жүргізуге арнайы-ақылы курстарын ашып, нұсқаушыларына (инструктор) лицензия немесе сертификат берілсе.

Жаттықтырушы мамандық иесі өзі таңдаған спорт түрімен қатар жаттықтыру процесін жүргізумен бірге психолог, менеджер, төрелік т.б.с.с. қажетті салаларды игерсе.

Ал бапкер мамандығы бойынша спорт түрлерінің - қол добы, футбол, баскетбол, волейбол, бадминтон; ұлттық спорт түрлері бойынша – тоғызқұмалақ, қазақ күресі; басқа спорт түрлері бойынша - гимнастика, шахмат, жеңіл атлетика сияқты спорт түрлерін жетік меңгертіп және осы спорт түрлері бойынша төрелік жүргізетіндей етіп баулыса. Ол кезде мектеп қабырғасындағы өсіп-өнген оқушылардың қимыл-қозғалыс дағдысы артары сөзсіз еді.

Қазіргі денешынықтыру сабақтарының аптасына 3-рет өткізілсін деген Үкіметтің қаулысы құптарлық жаңалық. Бірақ сол сапалы өтіп жатыр ма, өсіп келе жатқан өскелең ұрпақ сапалы қимыл-қозғалыс дағдыларын жас мөлшеріне қарай алып жатыр ма, деген сұрақ туындайды, Мысалы, мыңнан астам оқушысы бар орта мектептің спорт залында бірінші-екінші ауысымда, алты сабақ бойы, бір мезетте, бір 45 минуттық сабақ кезінде 2 немесе 3 сынып қатар сабақ өтеді. Бұл дегеніңіз сабақ процесінің сапасыз өтіп жатқандығының белгісі. 25-30 оқушыдан құралған сыныптар әр түрлі размерлі залдарда (9х18; 24;12) қандай қимыл-қозғалыс дағдысын меңгереді, қандай сабақ тығыздығы жайлы айтуға болады. Аптасына үш рет сабақ өтуге болар еді, егер мектептің екі спорт залы немесе спорт сарай болса. Үкіметтің тарапынан арнайы қаулы шықса екен: Әрбір Қазақстандағы білім ордаларының екі спорт залымен, мектеп жанындағы спорт алаңдары заман талабына қарай жабдықталсын деген. Оның орнына қазіргі экономикалық кризис алқымнан алып тұрғанда, сол бұрынғы аптасына екі рет сабақ қойылса, әрі мемлекеттің қаншама қаражаты үнемделер еді, әрі балаларға сапалы қимыл-қозғалыс дағдылары үйретілер еді.

Мектеп қабырғасында қызмет атқаратын бапкерлердің материалдық қызығушылығы тікелей оның атқарған жұмыстарының қортындысы мен жеткен жетістіктері арқылы байланыстырылса екен. Мысалы, бапкер бір оқушыны бір спорт түрінен қаланың немесе ауданның чемпионы етіп дайындаса қазіргі өмір тіршілігіне қарай пайыздық үстеме жалақысына сыйақы төленсе, әрі ол осы көрсеткіштерін екі жыл сайын жаңартып отырса. Ал командалық спорт түрлерінен дайындаса, оның пайыздық үстеме сыйақысы да жоғары төленсе. Осындай жетістіктерді бапкер облыс, республикалық, халықаралық жарыстардың деңгейінде оқушылар дайындаса, төленетін сыйақы көлемін ұлғаятындай етіп қарастырса. Сонда барып мамандардың жұмысқа деген қызығушылығын оятып, балалармен тікелей қарым-қатынаста болар еді. Дене тәрбиесі пәніндегі сырттан келген «Ауырдың-үстімен, Жеңілдің-астымен» жұмыс жасайтындардың өздері-ақ ат-тондарын алып қашар еді... Ал қазіргі категориялық жалақы төлеу, әрі әр бес жыл сайын дәлелдетіп отыру, ол біздің мамандық иелерін бес жылдық ұйқыға итермелейді. Осындай өзгерістермен Үкіметтің қаражат көзін де үнемдеуге болмас па, әрі қимыл-қозғалыс дағдыларының сапасын көтеруге болар еді, салауатты өмір салтын іс жүзінде халық арасында пайыздық көрсеткішін асыруға болар еді деген ой туындайды...

Президенттік сынақ – жайлы ой қозғасам... Дене тәрбиесінің бапкерлері жұмыс барысында көптеген қиындықтарға тап болып отырады. Нормативтік көрсеткіштер қазіргі оқушылар үшін жоғарғы спорттық нәтижелермен пара-пар. Қабылданатын норматив түрлері жүзу, шаңғы, мылтық ату ауыстырылса. Оған ешқандай материалдық база қарастырылмаған. Мысалы, секіртпемен секіру-1 минут ішінде 120 рет секіру (ұл-қыз); Төменгі керме (130 см. биіктігі) қыздарға – 1 минут ішінде 30 рет; 30 метрге дейін әрі – бері (челночный бег) жүгіру – 4 рет немесе 6 рет деп уақыт межесі көрсетілсе. Сосын осы сынақ түрін қарлы және қарсыз аймаққа арналған екі түрін шығарып, Үкімет тарапынан қолдау қарастырылса деген ізгі тілек бар.

Сонымен қатар қазіргі дене тәрбиесінің бапкерлері оқушылармен практикалық жұмыс орнына, қағаз басты жұмысқа ауытқып кеткен. Өйткені мұғалімнің дайындаған оқушыларының жетістіктері емес, оның қағаз жұмысындағы тыңғылықтығы сөзге арқау болып отыр. Мұғалімнің жұмысында қағаз сөйлейтін заман болды ғой...!!! Осыны да бір жүйеге келтірсеңіз!?

Қазақстанда 14 облыс, екі қала бар. Қазақ тілінде сабақ беретін дене тәрбиесінің бапкерлері менің шамалап есептеуімше 4000-ға жуық маман қызмет атқарады екен. Осылардың жұмысын жеңілдету және бір стандартқа сай мақсатында жылдық күнтізбелік жоспары мен сабақ жоспарын 1-11 сыныптарға арналған типографиядан жыл сайын сапалы етіп шығарып отырсақ. Авторлық құқығымызды айқындап, оны облыстық білім беру басқармалары арқылы мұғалімдер санына қарай сұраныс арқылы баспаханадан жіберіліп отырса. Орта есеппен әр мектептегі бапкер өзі сабақ жүргізетін сыныптарға бір-бір күнтізбелік, сабақ жоспарларын алуға жеті мыңдай қаражат жұмсайды екен. Орта есеппен осы екі жоспар түрлерінен 28 миллиондай қаражат табуға болар еді.

Осы мәселелермен өзіңізден қолдау сұрап, ақыл-кеңесіңізді естуге хат жазып отырмын.

Ізгі ниетпен: Дене тәрбиесінің 30 жылдық еңбек өтілі бар Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылының, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің бапкері Бауыржан Толыбайұлы Әуелбаев.

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕРДІҢ ОРЫС ТІЛІНЕН ҚАЗАҚШАҒА АУДАРМАСЫ

Дайындаған: Дене тәрбиесі пәнінің бапкері Бауыржан Толыбайұлы Әуелбаев

Орыс тілінде қолданыста болған

Қазақша аудармасы

Строй

Колонна

Развернутый строй

Спортивная ходьба

Строевая ходьба

Становись!

Равняйсь!

Смирно!

На месте шагом марш!

По порядку номеров рассчитайся!

На первый-второй-рассчитайся!

Правое плечо-вперед!

Прямо!

Направо!

Налево!

Кругом!

Вращайся!

Интервал

Круговые движения

Круг

Направление

Направляющий

Вращение

Один круг бега

Руки вверх

Руки вниз

Руки в стороны

Ладони раскрыты

Ноги скрестить

Ноги вместе

Челночный бег до 30 м.

Ускорение

Финиширование

Высокий старт

Нижний старт

Основная стойка

Ноги на ширине плеч

Ноги шире плеч

Выпад вперед

Наклон вперед

Наклон назад

Приседание

Отжимание

Подтягивание

Подтягивание на перекладине

Общий развивающие упражнения

Тройной прыжок

Сап

Лек

Кеңейтілген сап

Спорттық жүріс

Саптық жүріс

Сапқа тұр!

Сап түзе!

Тік тұр!

Бір орында-жүр!

Реттік санмен-сана!

Бірінші-екіншіге-Сана!

Оң иық-алға!

Тіке!

Оңға-Бұрыл!

Солға-БұрылІ

Кері-БұрылІ

Айнал!

Ара қашықтық

Айналмалы қозғалыстар

Шеңбер

Бағыт

Бастаушы

Айналу

Бір айналым жүгіру

Қолдар жоғары

Қолдар төмен

Екі қол екі жаққа

Алақандар ашық

Аяқтар қайшылап

Аяқтар бірге

30 м. дейін әрі-бері жүгіру

Екпіндету

Мәреге жету

Жоғарғы сөре

Төменгі сөре

Негізгі тұрыс

Аяқ алшақтығы иық деңгейінде

Аяқ иықтан кең

Алға созылу

Алға еңкею

Артқа шалқаю

Отырып-тұру

Қолмен денені көтеру

Тартылу

Кермеге тартылу

Жалпы жетілдіру жаттығулары

1.Үш аттап секіру 2. Үш қарғып секіру

3. Үш адымдап секіру

Салауатты өмір салты 15.05.2017 жариялады
116,035 сұрақ
294,371 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы