«БҰҰ моделі - Жаңа Жібек Жол 2017» Халықаралық конференциясы өз мәресіне жетті

imageБиыл Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия мемлекеттерінің БҰҰ-ға мүше болғанына 25 жыл. Осыған орай, бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде БҰҰ «Академиялық ықпалдастық» бағдарламасының Жаһандық хабы ретінде Орталық және Оңтүстік Азия аумағындағы «БҰҰ Жаңа Жібек жолы моделі» (MUN-NSW 2017) атты ірі халықаралық студенттік конференцияның ашылу салтанатты өтті. Конференцияға Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің делегаттары, сондай-ақ АҚШ, Италия, Франция және т.б елдердің студенттері қатысуда.

«БҰҰ моделі» - бұл ой талқылау және студенттік конференция режимінде өтілетін танымал әлемдік бағдарлама. Бұл жаңа идеялар, пікірлер, әсер тудыратын, өзін-өзі дамыту мен пікірін білдіруге бірегей мүмкіндіктер беретін, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, ой-сана мен жаңашыл ойлануды танытып әрі дамытатын үздік мектеп саналады. Халықаралық деңгейде өткізіліп отырған конференцияның негізгі мақсаты – студенттердің бойына көшбасшылық және дипломатиялық қарым-қатынас қасиеттерін сіңіру. Семинар-тренингте студенттер өзін-өзі ұйымдастыруды, уақытты дұрыс пайдалану, болашақ мансаптарын халықаралық дәрежеде қалыптастыруды үйренді.

Салтанатты пленарлық отырысқа БҰҰ өкілдері, шетел елшіліктерінің дипломаттары, Алматы қаласының әкімдігі қатысты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ БҰҰ «Академиялық ықпал» жаһандық Хабына және Орталық Азиядағы тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО өңірлік Хабына жетекшілік жасайды. Осы орайда университет ректоры Ғалым Мұтановмұндай әлемдік деңгейдегі жауапты іс-шараның әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында өткізілуінің маңыздылығын атап өтті.

АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Марк Муди бірнеше жылдар бойы АҚШ үкіметінің қолдауымен өтіп жатқан форумның мән-маңызын атады. Студенттердің тұрақты даму құндылықтарын үнемі қолдайтындықтарын жеткізді.

Ал, конференцияға қатысушы шетелдік студент-жастар ұйымдастырушыларға өз алғыстарын жеткізді.

Конференция моделі барысында студенттер БҰҰ құрамына кіретін мемлекеттердің мүдесін қорғайды. Олардың басты міндеті таныстырылатын мемлекеттердің ұлттық ерекшеліктерін сақтай отырып, көкейкесті әлемдік мәселелер хақында өз ұсыныстарын алға тарту. Яғни, әр студент өзіне берілген елді жан-жақты зерттеп, оның өзекті мәселелерін, оны шешу жолдарын талқылады. Конференция жұмысы «Бас Ассамблея», «Қауіпсіздік Кеңес», «Адам құқығы», «БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік кеңесі» сынды секциялардан тұрды.

Аталмыш конференцияға Қырғыз елінен қатысып отырған «Қырғыз-Түрік Манас» университетінің студенттеріТолгоной Туратова мен Бегимай Кенжебекова:«Қырғыз жастары мен қазақстандық жастардың ұқсастығы көп. Екі ұлттың да жастары жалынды, пейілдері кең, қонақжай болғандықтан, Қазақстанды еш жатырқамай, жақын тартып кеттік», - дей келе, өзге ұлт өкілдерімен танысып, тәжірибе алмасып жатқандықтарын қуана жеткізді.

Үш күн ішінде студенттер БҰҰ мемлекеттерінің толыққанды құзіретті делегаттары рөлінде ой білдірді. Кеңесте қаралған мәселелер бойынша тың ұсыныстар білдірген студенттер «Ең үздік делегат», «Ынталандыру жүлдесі» және «Ең үздік меморандум» аталымдары бойынша дипломдармен марапатталып, қатысушы делегаттарға сертификаттар табыс етілді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Студенттік баспасөз орталығы

Ғылым 15.05.2017 жариялады
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,459 қолданушы