Галактика Сақшылары. Ғарыш "Кек Алушылары"

Төрт ай бұрын ғана жарыққа шыққан "Галактика Сақшылары" деп аталатын фильм әлемдік кассада 772 млн. доллар табыс тауыпты. Ал фильмге кеткен шығын саны 170 млн. доллар. Жалпы бұл фильмді бір рет кинотеатрдан, бірнеше рет ғаламтордан көрдім. СЖ-ға рецензия жазып кетпекпін.

Жалпы фильм желісі Питер Квилл деген баламен ұштасқан. Оның анасы өлген күні оны өзгеғаламшарлықтар алып кетеді. Бұл Йонду Оданта бастаған Рейвенджерлер болатын. Арада көзді ашып жұмғанша 26 жыл өтеді. Рейвенджерлердің белсенді мүшесіне айналған Квиллдің лақап аты Жұлдызды Лорд болды.



Бұл уақытта Рейвенджерлердің басты мақсаты сфера деп аталатын затты қолға түсіру болды. Ол Мораг деген елсіз ғаламшарда орналсқан-мыс. Рейвенджерлер Квиллді жіберсе, Кри деп аталатын ұлы жауыздар империясы Корат есімді монстрды сфераға жіберді.Фильм бастала салысымен күлкілі сахналар легі басталды. Корат пен оның сарбаздарынан құтылған соң, өзінің кемелес тұрғыны Беридпен бірге Ксандарға аттанады.

Фильмнің басты антоганисті - Ронан Айыптаушы. Кри халқының ежелден келе жатқан заңдарына бағынып, ал бағынбағандарды жазалауға құштар бұл жауыз Танос деп аталатын монстрға сфераны алып беруге уәде берген. Оның қол астында Гамора және Небула есімді екі қыз бар. Бұл екеуі Таностың асыранды қыздары. Олар сфераны иеленген Жұлдызды Лорд екенін, және оның Ксандарға қарай беттегенін біледі де Ксандарға Гамораны жібереді.

Ксандарда тағы да екі ерекше тіршілік иелері бар еді. Олар сөйлейтін жанат Роккет пен ағаш Грут. Олар нағыз кәсіби баскесерлер. Роккет 22 рет түрмеден қашқан-мыс. Осы сәтте бұл екеуінің Квиллге көзі түседі. Оның қалтасында 40 000 мың бірлік бар екенін анықтайды. Баскесердің аты - баскесер оны тонау жоспарын бастады.

Ал Квилл болса, Делдал деген кісімен сфераны сатамын деп келісіп қойса керек. Бірақ бұл іске Ронанның қатысы бар екенін білгенде Делдал бұл істен ұшты-күйлі бас тартады. Осы сәтте Гамора Квиллге шабуылдап, сфера үшін шайқасады. Бірақ сфера ешкімге де бұйырмайды. Бұл төртеуін Нова корпусы тұтқындайды, және Килн деп аталатын қатаң режимді түрмеде тұтқындайды.

 

Бұл түрмедегілердің көбісі Ронанның кесірінен отбасы мен үйінен, жақындарынан айырылған. Олардың ішіндегі атаманы - Дракс болатын. Ол Ронанның талай жақтастарын қырғаны үшін "Қиратушы" деген лақа атқа ие болған. Осы сәтте болашақ Сақшылардың басы түйіседі. Келесі күні "Түрмеден қашу" операциясы сәтті орындалып, олар түрмеден шығады. Әрімен қарай фильмнен көріңіздер!

Бұл фильмді Джеймс Ганн түсіргендіктен болар, нағыз комедия мен фантастика, сонымен қатар, лириканы да ала жүретін тісқаққан режиссер. Ол "үздік режиссер" атағын алса да артық болмас еді. Фильмдегі спецэффектілер өте мықты. Оскардан осы номинация бойынша номинанттар тізімінде. 22 ақпанда "Оскар" сыйлығын табыстау рәсімі өтеді. Сол уақытта көре жатармыз. Ал менің фильмге берер бағам - 9,5. Фильмдегі бірқатар кемшіліктердің де бар екенін ескеріп жасадым. Ендеше сіз де фильмді қарап бағасын беріңіз!

http://kset.kz/video/view/30643028?from=78814096

Кино 19.01.2015 жариялады
116,250 сұрақ
295,169 жауап
152,911 пікір
61,061 қолданушы