"Қазіргі шынайылыққа түкіргенім бар"

Ассалаумағалейкум, жалған өмірді жалпағынан басып жүрген жақсылар! Түнгі ой мазалап, ақ қағазды шимайлатпаса болмайын деп тұр. 

"Қазіргі шынайылыққа түкіргенім бар"

Қазір танысың болмаса, басыңның рөлі ойнамайтын заман екеніне көзім жетіп келе жатыр. Жо-жоқ, жетіп келе жатыр емес, көзім жетті. Қазір өз күшіммен мақсатыма жетемін деген біреудің сөзін естісек езуге еріксіз күлкі келетіндей. "Өз күшіммен жеттім" деген сөздің астарында, астарлы ашылмаған ақиқаттың қайнар көзі жатқандай. О, бей-кем дүние-ай! "Уфф" деп бір күрсініп алып өмірімізді жалғастыра береміз-ау) Бетіңе күліп қарағанның, өтірік айтып үйренген ауыздан жылы, жылы сөздер жанға майдай жағып, балдай тәтті боп көрінгенімен, ол сөздердің астарында не жатқанын білмейсің. Сондықтан жылы сөйлегеннің жетегінен еріп, күліп қарағанның етегінен ұстап кете бермейік! Тіпті қазір "өзіңе сен" сөзіне сенуден қалдық. Өзіңе сенуің сенерсің-ау, қастарыңда "өзгеге сенетіндер" қаптап жүргенде "өзіңе сену" өз жайына қалып қоймасына кім кепіл?! (с) Аспанға ұмтылатын жігіттен)

image

#түнгі#ойлар#шешімі#жоқ#сұрақтар#шынайылық

Ақ парақтағы ойлар 10.04.2017 жариялады
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,461 қолданушы