Шағын қаржы ұйымдарының өсімқорлық қызметтері тоқтатылса екен!

Өте үлкен көлемдегі өсіммен қарызға ақша беру–экономикамыз үшін қасірет десек артық айтқандық емес. Бұл жөнінде экономист мамандардың көптеген зерттеулері де бар. Негізінде, несие ұйымдары бизнестің дамуына қызмет етулері тиіс және Банктердің негізгі мақсаты бизнесті несиелендіру болып табылады. Бұл әрине, игі іс. Ал енді, жоғары пайызбен өсімге қарыз беру, бұл мүлдем басқа нәрсе. Банк пен шағын қаржы ұйымдары қызметінің ара жігін ажырата білген жөн. Онсыз да қаржылық сауаты аз xалқымыздың мұндай ұйымдардың қызметі туралы әлі мұрындарына иісі де бармағаны бесенеден белгілі. Мұндай қаржы ұйымдарының қатарына қазіргі таңда елімізде жаңбырдан соңғы саңырауқұлақтарша қаптап кеткен "Манмэн", "Сисилон", "Кредитон", "Үлес", "Алтеңге", "Кредито", "Кредит 24", "Займер", "ЗингКазаxстан", "Ай-кредит", "Деньги в кредит", "Доскредит", "Деньги клик"«Турбомани», т.б, көптеген қаржы ұйымдарын жатқызуға болады. Осындай ұйымдардың қызметі қадағаланып, тексеріліп, экономикамыз бен xалықтың жағдайына қандай әсерін тигізіп жатқандығын анықтап жатқан бірде-бір мемлекеттік ұйым немесе сарапшылар жоқ. Аталған қаржы ұйымдары өз бетімен қарапайым, орташа табысы бар xалықтың қалтасын қағып, маңдайын қырнап, онсыз да көңілі мұң шертіп жүрген елдің еңсесінен әбден езіп, басып жатқаны көрініп-ақ тұр. Десек те, әлі күнге дейін бірде-бір xалық қалаулылары бұл туралы тіс жарып, талқыға тастап, шешімін табуға тырысып та баққан емес. Жоғарыда кейбіреулері ғана аталған қаржы мекемелерінің көпшілігінің дені Ресейлік компаниялар (Манимэннің отаны). Осы айтып отырған Ресейдің өзінде жоғары пайызбен өсімге қарыз беретін мекемелердің қызметін тоқтату, ең болмаса олардың пайыздық мөлшерлемелерін ақылға қонымды шектеп, реттеу мәселесі бірнеше рет көтерілген болатын.

Банктердегі пайыздар бойынша төлемдер қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің көрінісі болып табылады және оның белгілі бір лимиті, яғни шегі бар. Ал шағын қаржы мекемелерінің пайыздарының араны тойымсыз, шегі жоқ. Мұндай қызмет түрі не xалқымызға, не экономикамызға түк пайдасы жоқ және мұндай зұлым қызмет түрін тоқтату үшін күресерлік жағдай туындап отыр.

Қай дінде болмасын өсімге ақша беруге тыйым салынғанын бәріміз де жақсы білеміз. Мұндайды зұлымдық деп санаған. Өсімге ақша беру қызметіне көптеген мемлекеттермен тыйым салынғаны да белгілі. Негізінде, өсімге ақша берудің есірткі саудасымен салыстырғанда айырмашылығы өте үлкен емес. Есірткі саудасынының да жоғары пайызбен өсімге ақша берудің де түбіндегі мақсаттары біреу ғана.

Антикалық дәуірден бері негізсіз несиелендіру тақырыбына тұтастай еңбектер көптеп жазылды. Адамдардың дағдарыс кезіндегі әлсіздіктерін есірткі сатушылары да, өсімге ақша берушілер де мейлінше пайдаланып отыр. Біздің елімізде есірткі саудасына тыйм салынған, ал енді өсімқорлыққа заңды түрде жол берілген. Неліктен, не үшін мұндай екі түрлі стандарттар қабылданған?Әлде өсімқорларды біздің елде қолдап, оларға қорған болып отырғандар бар ма?

Неліктен нақты осы Қазақстан Республикасында әліге дейін билік басындағылар аталған зұлымдыққа қарсы мәселені көтермей отыр? Неліктен басқа мемлекеттерде өсімқорлыққа тыйым салынған, ал біздің елімізде тіпті бұл мәселе жайлы әлі ешкім тіс жармай, көңіл бөлмей үнсіз ғана қызыққа қарап отыр. Қайталап айтсақ, өсімқорлық пен есірткі саудасының бір-бірінен айырмашылығы жоқ. Бұл экономикамыз үшін өте жаман әсерін тигізетін зұлымдық дедік. Өйткені, өсімқорлық қызмет –не жұмыс орнын көбейтпейді, не бизнесті дамытпайды (бизнесті бірнеше жүздеген пайыздары бар несиемен жүргізу мүмкін емес). Мұндай қызмет түрінен тек қана санаулы адамдардың қалтасы қалыңдап, xалық болса жаппай кедейленуге ұшырайды. Сонымен қатар, қоғамның наразылығын тудыра отырып, келіспеушіліктерді көбейтеді, адамдар арасындағы әлеуметтік айырмашылықты жандандырып, бай мен кедей арасындағы алшақтықты ұлғайтады, ал оның нәтижесі қылмысқа әкеліп соқтырады емес пе?

Неліктен Қазақстанда осы күнге дейін өсімқорлыққа заңмен тыйым салынбай келеді? Бұл сонда МММ сияқты жаңа тренд пе әлде?

Енді Ресейдің тәжірибесінен аздаған мысал келтіре кетейік. Мұның бәрі қайдан бастау алып жатыр?

Я.М. Миркин -қаржы нарығы комитеті бойынша сауда-өндіріс палатасының басшысы.

Тіпті қараудың өзі қорқынышты сала бұл -шағын қаржы мекемелерінің қызметі (Ресей экономикасында).  2012 жылы олардың саны 2,4 мыңға жетіп 1,8 есеге өскен. 2013 жылдың қарашасында тағы да 1,7 есеге артқан. Осындай көрсеткіштерге жүгіне отырып, Қазақстан да қаржы бассыздығының жалпы трендінде тұрғанын сенімділікпен айтуға болады.

Кіріптарлық несиелендіруге Батыс мемлекеттерінің барлығы да тыйым салған. Бірақ не үшін оған Қазақстанда рұқсат етілген? Осындай келімсек «наркобарондарды» кім қолдап, қызметін іске асыруға ықпал етіп, ҚР экономикасын құлдыратуға үлес қосып отыр? Әрине, ауқатсыз, орташа табысы бар азаматтардың мойнына бірнеше жүздеген жылдық пайыздардың артылғаны және жалпы қаржы сауаты жоқ, заңмен қорғалмаған қарапайым бұқараны қысылысты жағдайларда (бақытсыздыққа мақсатталған ақша) несие инесіне отырғызу, қылмысты арттырып, көпшіліктің наразылығын тудыруымен қатар, бизнес-үдерістерге тигізер пайдасы да жоқ, не жұмыс орнын ашумен айналыспайды. Олар тікелей өсімқордың баюына ғана қызмет етеді. Нәтижесінде негізгі діндерге өлім жазасымен теңдей енгізілген мұндай әзәзіл сұлба, сайтани әрекет тіпті Геродоттың өзімен де сипатталған.

Бізде мұсылмандардың да, христиандардың да мемлекеттік мерекелік күндері бар. Бірақ солармен қатар өсімқорлық сияқты ауыр күнә норма болып табылады. Неліктен? Не үшін өлтіруге тыйым салынған дағы, ал «өсімқорлық» деп аталатын ауыр күнә кемелденіп, бір немесе бірнеше адамдар мен кіші топтардың баи түсуі үшін, тіпті мемлекеттік экономикалық мүдделерді де ысырып тастап, өзіне тәуелді жәбірленушілерінің қатарын көбейтіп келеді?

Ондай болса, неліктен біздің елімізде есірткі саудасына, жезөкшелікке, кісі өлтіруге тыйым салынған, ал түбегейлі жауыздық деп қарастырылатын өсімқорлыққа заңды түрде жол берілген? Риторикалық сұрақ!  Негізінде өсімқорлық зияннан басқа ештеңе арттырмайды. Өсімқорлық – дағдарыс кезіндегі мемлекеттің денесінде пайда болған зең. Олар қоғамның әлсіз, ауқатсыз, төлем қабілеттілігі нашар, яғни қуатты экономиканың жетіспеушілігінде кез келген соқыр тәуекелге баратын мүшелерімен қоректенеді. Өсімқорлар, егер өздері қаласа, мемлекеттің өзін тұтастай өздеріне бағындырып алуы мүмкін, өйткені дағдарыс жағдайында олар наразы болған борышкерлердің өте кең бұқаралық ауқымын басқарады. Өз басым кез келген мемлекет экономикасының іргетасы болып табылатын банктердің (әппақ және мамықтай жұмсақ несие мекемелері) қазіргі кезде белең алған өсімқорлыққа шыдап қарап отырғандықтарына таң қаламын. Бәлкім, олардың да осы өсімқорлықтың астында тұрған жеке мүддесі бар шығар? Немесе...... Немесе....

Өзіме белгілі болғандай, Манимэн Ресей Федерациясының банктік жүйесінен болады. Қысқасы ары қарай ауыз ашпай-ақ қояйын!

Өсімқорлыққа тыйым салыңыздар шы!!!

Қаржы мәдениеті 17.04.2017 жариялады
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,461 қолданушы