Ғылым 10.03.2017 жариялады


Химия ғылымының пайда болуы

Әлемдік ғылым бастауларында мұсылмандар тұрғаны баршаға аян. Сонымен химия да ғылымдардың көшбасшысы болып саналады.Химия- тікелей мұсылман ғалымдары тарапынан құрылған ғылым саласы. Химия ғылымын қалыптастырған және оны дамытқандар да мұсылмандар болып табылады. Химияның пайда болған алғашқы дәуірлерде-ақ мұсылмандар имбик деп аталған дистилятор құралын жетілдірді. Көптеген заттардың химиялық талдауларын жасады. Көптеген минералдар, сілтілер мен қышқылдарды анықтады. Азот қышқылы, күкірт қышқылы, калий, аммиакты су, амониак тұзы, нитраттар, калий селитрасы, спирт сияқты көптеген күрделі химиялық заттарды ашты. Сонымен қатар сублимация және сынапты ашты. Күкірт және нафтаның алынуын анықтады. Химия саласындағы танымал ғалымдардың бірі Жабир бин Хаййан болып табылады. Тәжірибелерінің нәтижесінде қолданбалы химияға көп жаңалықтар енгізді, жаңа әдістер шығуына және басқа да жаратылыстану ғылымдарында жаңа ой пікірлер тууына жол ашты.
Сода мен құмнан айна жасап шығарды.Сол кездері олар айна етіп қолданғандары біздің қазіргі әйнек екен. Мырышты көмірмен жағып, мырыш қышқылын және жаңа заттар қосып түрлі-түсті айналар жасады. Сондай-ақ дәнекерлеу мен жабыстыру пасталарын сол дәуірлерде жасап шығарды. Әр түрлі металдардың қолданысқа жарамды халге келтіру, болаттың жақсы өнделуін, тері иленуі, су өткізбейтін маталарды лактау, шыны жасауда манган-4-оксидін қолдану, тотығудың алдын алу, алтын түсті бояумен әрлеу, бояулар мен майлардың жасалуы т.б.

Дәрілер жайлы туынды жазғандар да және дәріхана ашқандар да мұсылмандар болатын. Ең атақты дәріханашы Зәкәрия ибнул Тайфури еді.

117,722 сұрақ
302,762 жауап
153,349 пікір
65,093 қолданушы