Өз ойым 26.03.2017 жариялады
Кешір, ақсақал

– Басеке, серіктігіміздің жобасының бітпей қалуына Жанар Адалқызы себепші, жұмысқа бес күн бойы келмеді. Екі күн кешігіп келді, онымен қоймай жұмыста егіліп жылап отыратынды тапты. Атасы қайтыс болды дегендей бірдеңені естіп қалдым- деді Жымсыңбай.

– Жанар Адалқызы. . . Құзарлы ауылынан бола ма екен?
– Йә, йә, сіз қайдан білдіңіз?

- О, топырағы торқа болсын, сен Жанарды жұбатып, көңілін сұрап қой, жобаны да тездетіп бітіруді ескерт, айтпақшы менің жеке өмірім туралы оған тіс жарушы бол ма?

Зорға тыныстап, кең, жұмсақ орындыққа шалқалап жатып:
– Е, жұмыстың қарбаластығынан нағашыма да бара алмаппын. Қайран ақсақал, көз жұмған екен-ғой! Кезінде үйінде тұрып оқыдым, қыстың қақаған аязында, мектепке шанамен жеткізуші еді. енді міне, өліміңе бармақ тұр ғой, немереңе де, қарайласа алмаппын. Кешір ақсақал, мені де түсінерсің, қаланың мән-жайын білесіз. Қарбаластық болса мынау жұмыстан әбден титықтап біттім. . . - деп күбірлеп жатып, басекең қорылдап тәтті ұйқыға кетті.

Естен Ерболұлы
117,722 сұрақ
302,762 жауап
153,349 пікір
65,094 қолданушы