Поэзия 18.01.2015 жариялады
Қыстағы байсалдылық былай қалып,
Жайықтың суы жатыр ылайланып.
Бұлқынған сағынышпен жүректердей,
соғады жарға толқын шыр айналып.
Толқынын Ақжайықтың тамашалап,
қиялдар жетелейді қарасам-ақ.Кейде үнсіз,
кейде долы – ерке мінез
,өзіңе осы кейпің жарасады-ақ!
Жайығым – ата қоныс, игі мекен,
ақ бурыл толқындарың жүйрік екен.
Құшасың құмарлана жағалауды,
өзіңді о да бір кез сүйді ме екен…
Кей сәтте байсалдысың, ақылдысың,
кей сәтте сескендірер батыл күшің
.Қаншама ұмтылсаң да кең далаға,
аса алмай жаға-жардан жатырмысың?!
Тебіреніп жүрегіңнен жыр арнадың,
көп мезгіл жылылығын ұға алмадым.
Мен саған үміт артар сөз бермедім,
сонда да ынтық болдың, өзгермедің.
Мен болып жүректегі жыр, арманың,
бейнемді көңіліңнен шығармадың.
Жанымның өзге болды ұнатқаны,
өмірлік жүрегімде ол тұрақтады.
Көз тартар болмаса да ол дана жігіт,
сол ғана бақытым деп жанады үміт.
Сан қилы тағдыр жолын сезбеген ем:
мен жүрмін ой-қиялым өзгеменен.
Сен жүрсің ынтық болып күлкіме бір,
не деген ғажап еді шіркін өмір!..
Сыбырлай сүйіп самал жел,
толқытты жанды несіне?
Жұпарын шашып көгал белшақырды кімді төсіне?
Өзенге әсем өң беріп
жас қайың жайнап өсуде.
Жағада қайық тербеліп,
күтеді кімді есуге?
Мүлгиді неге жас тал да,
күткендей ынтық сырларды?
Алтын ай қалқып аспанда,
айналам неге нұрланды?
Құшағын кімге тұр ашып,
айлы түн мұнша сағынып?
Самалға жас қыз сыр ашып,
аңсады кімді жабығып?
Арманға толы жас жаны
тіледі кімді елжіреп?
Ұқпайды неге басқаны
өзімшіл асау өр жүрек?!

1 пікір

Бұндай нәрсені Сұрақ-Жауапқа қойған дұрыс.
117,728 сұрақ
302,835 жауап
153,350 пікір
65,121 қолданушы