Мен елімнің гүлденуі үшін не істей аламын?



Арқауы ерен ерлік дастанының,

Қайраты елге әйгі жастарының.

Желбіреп көк байрағы тұрған шақта,

Жұлдызы жарқырайды аспанының.


Кез-келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады.

Қайсар рух пен қара күшті қару етіп,еркіндік үшін күрескен бабаларымыздың ерлік жолындағы күресі бүгінгі таңда айбыны аспан тіреген тәуелсіздік тұғырын биіктетті.Жұмыр жердің иен бөлігін иемденіп,жер көлемі жағынан дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында тұрған Қазақстан Тәуелсіз Республикасы деген атақты бұдан аттай жиырма үш жыл бұрын күллі адамзаттың санасына құйды.

Қазіргі таңда қазақ елі жан-жақты өркендеп, дамып келе жатқан алып елге айналып жатыр. Сондай елдің төсінде өмірге келіп, қазіргі таңда өмір баспалдағынан өз жолын таңдағалы отырған мен сынды перзентке тәуелсіз елімнің болашағы жастар екені,солар жайында ақ қағазбен тілдесу бұйырған сынды.

Жастар еліміздің әлеуметтік, эканомикалық және қоғамдық өмірдің барлық салаларына қатыстылығы жағынан алғанда, болашағы зор қоғамның маңызды бөлшегі. Қазіргі таңда жаңа көзқараспен қарайтын жалынды жастардың еліміздің жаңару үдерістеріне белсене қатысып келеді. Еліміздің бүгінгі жастары жаңа жағдайда заманауи мемлекеттің жасап жатқан сындарлы саясатының арқасында алысқа қол сермеп, әлемдік деңгейдегі ұстанымды игеріп, келешектің кілтін өз қолдарына алуда.

Үкілі үміт таймасын халқым басыңнан,

Мол бақыт күтем жас ұрпақ сенен жасырман.

Басқаны қайдам ұлылық күтем өз басым,

Басталған мынау бәйтерек жаңа ғасырдан-деп,жаңа даму ғасырынан үлкен үміт күтетін, жастарға бұйырғанын айтады.

image

«Жастар-болашаққа апаратын алтын көпір»,- дейді дана халқымыз. Әрбір өскелең ұрпақ жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы қажет. Біздің әлеуметтік- эканомикалық даму жолындағы қарқынымыз, жастардың қоғамдық – саяси өмірдегі ұстанымына олардың ертеңгі күнге деген сенімі мен белсенділігіне тікелей байланысты. Ендігі кезекте тәрбие мазмұны мен жастарды тәрбиелеу ісі олардың дүниетанымын қалыптастыру және ақпараттық- саяси мәдениетін көтеруге баса көңіл аударуға тиіспіз.

Әрбір қазақ жастары өздерін ұлтжандымын деп ұғынып,өн бойларында ұлттық намысын жоғары қою керек. Еліміздің бейбітшілік аспанында қазақ жастары тәуелсіз елдің айқын мақсаттарымен жігерленіп, тек қана алға ұмтылуға жұмыс жасаймыз. Ел сенімін, үмітін ақтау-жастардың қолында.

Халық, ел жастарға сенеді. Ал ол сенімді бүгінгі жастар қалай ақтауда? Әрине, бес саусақ бірдей емес, олай болса жастардың барлығына кінә тағуға болмайды. Десе де бүгінгі жастарға рухани байлық, таза ой, терең білім, адамгершілік, адалдық, қайрат, қала берсе, денсаулығымыз да жетіспейтін секілді. Біз бір қоғамның азғындау жолында тұрған сияқтымыз. Ойланып көрейікші, бізді қазіргі уақытты не қызықтырады? Елбасымыздың Халыққа Жолдауында ХХІ ғасыр білім ғасыры делінген. Олай болса, елімізді өркендету үшін білімді жастар керек, жақсы оқып, жан-жақты білім мен ғылым алуымыз керек. Ел ертеңі – біздердің, келер ұрпақтың қолында деп айтып та, жазып та жатыр. Елімізді көркейту, оны өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу-біздің борышымыз деп білем. Ал осы дұрыс жолдан тайып, нашақорлық пен маскүнемдікке салынып жүрген жасөспірімдердің саны өсуде. Неге денсаулығымызды, жанымызды таза ұстап, талғамымыздың биіктігін білдіріп, салауатты өмір сүрмеске? Бұған не кедергі, кім кінәлі? Бұған әр адамның өзі кінәлі. Өйткені біз келешегімізді ешқашанда қабылдағымыз келмейді. Пайғамбарымыздың хадистерінің бірінде: Ішімдікпен достастым дегенше, адамгершілікпен қоштастым дейтін ұлағатты сөзі бар. Бүгінгі батыстық әдеттерден арыла алмай жүрген жастар адамгершілікпен баяғыда қоштасқан. Ондайлар өздері өмір сүрген қоғамды қайтып көктетеді? Елінің қамын қашан ойлайды? Оны қалай қорғамақ? Осының бәрін ойлағанда қоғамды түсініп болмайсың.

Ел боламын десен, бесігіңді түзе,-дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек қой. Ал барлық жігер, қайрат, еліміздің болашағы тек жастардың қолында. Елбасымыздың Халыққа Жолдауында: «Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр» деп, жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын қылайық.

Мен елімнің гүлденуіне атсалысамын.


Мен ҚАЗАҚПЫН! 11.01.2017 жариялады
116,264 сұрақ
295,192 жауап
152,913 пікір
61,078 қолданушы