Сіз қайсысын таңдайсыз?

Барлығымыз кезінде  мектепке барғанбыз. Құркүйектің басталарына 1-2 апта қалғанда базарда нағыз соғыс болып жатады. Базарда халық арасында танымал, мектепке қажетті ұсақ-түйектерді арзан бағамен сататын дүкен болатын. Тамыздың соңғы күндеріне қарай дүкеннің алдында адамдардан құралған кезек сыртқа шығып, жұрт шуылдасып тұратын. Осы ұзақ кезекке қалмас үшін өз басым таңертең ерте шығып баратынмын, оның өзінде кейде әрең үлгеретінмін.  Себебі мен секілді бірінші болғысы келетіндер қала бойынша жетерлік, сондықтан келгеннен кейін тез арада адамдар жиналып қалады.  Мектепке дайындық десе, осының бәрі есіңе түсіп кетеді.  Балаларына мектеп киім, сабаққа құрал-жабдық  алуға келген ата-аналар қайбір жерде болсын тиімді және сапалы нәрсеге ақша жұмасағысы келеді. Осы процесстегі ең қиын кез балаға ұнаған мектеп формасы не т.б. анасына ұнамай қалады немесе керісінше. Сірә, сапасына қарайтын ата-ана баласының қалауын көп жағдайда ескермейді. Амалы жоқ балалар таңдалған киімді мектепке киіп баруынан басқа амалы қалмайды. Бұрын дайындық осындай тізбекпен жүретін. Ал қазір жақсы болды, неге десеңіз бастауыш сыныптарына біртекті форма және оны арасында үкіметтен тегін алуға болады. Біртекті киім үлгісі болғанның тағы бір жақсы жағы оқушылар арасында сыртқы киіміне қарап бөліну азаяды. Өзіме бұл мектеп формасы ұнайтын, үйдегі кішілер алған кезде, менің де кигім келетін. Ең басты айтып кетуге тұрарлық жағы - өнім Қазақстанда жасап шығарылған. Көбінесе елге киім-кешектер Қытайдан әкелініп жатады. Қытайдан жасалған киімдерден отандық өнімнің артықшылығы, Сапа>Баға. Қытайдан келсе сапасы төмен киімдердің сапасы  бағаларына сай болады, арзан болғаны не қажет, егер өнім сапасы төмен болса. Қалай айтсақ та, отандық өнімнің аты Отандық. Халыққа барынша сапалы өнім ұсынады. Осындай мектеп формасы, костюмдер шығаратын кәсіп орындардың бірі ТОО «Жібек Н. Т.». Сауда әлеміне келгеніне көп уақыт болмаса да, халық арасында жоғарғы сұранысқа ие. Жоғарға сұанысқа ие дегеніміз- өнімнің сапалы және қол жетерлік екенін көрсетеді. Алдағы уақытта ТОО «Жібек Н. Т.» Қазақстандағы ең ірі өндіріс орындарына болатынына сенімдімін. «Отандық 100 бренд» атты жоба барысында сапалы отандық өнімді пайдалануға мүмкіндік беріп жатқан Римма Тажібаева көп алғыс. Жұмысыңыз өрлей берсін! #Халықмаркасы #РиммаТәжібаева #РиммаТажибаева #менХалықМаркасынТаңдаймын  #intellectincubator

Бизнес, Идеялар 8.12.2016 жариялады
116,265 сұрақ
295,203 жауап
152,913 пікір
61,090 қолданушы