Отандық өнім және ЖШС "Алтын дән" компаниясы

Елімізде өнеркәсіптің енді-енді қарқын алып келе жатқанын ескере отырып, мен бүгін сіздерді тағам өнімдерін дайындайтын Қазақстандағы ірі компаниялардың бірімен таныстырғым келеді. 1998 жылдан бері тамақ өнеркәсібіндегі тұтынушылардың басым бөлігі тұтынатын макарон, ұн және сүт өнімдерін жоғары сапада дайындайтын Шымкенттік ЖШС "Алтын дән" алпауыт компаниясын естіген боларсыз. Компанияның негізгі өнімдеріне тоқталсам: елімізде сұранысы жоғары макарон, ұн және сүт өнімдерінен түр-түрлі өнімдер өндіреді. Жақсы сіңімділігі және тез дайындалу сипатына ие болғандықтан макарон өнімдерінің бүгінгі таңда нарықта тұтынушылар саны өте көп. Сүт пен ұн өнімдерін айтпасақ та белгілі. Тұтынушылары өте көп дәл осы өнімдерді дайындайтын компания тұтынушыларға химиялық дәмдеуіш қоспаларынсыз, дәмді әрі жоғары сапалы өнімдерін ұсыну арқылы өз өнімдерімен бүгінгі нарықта еліміздің барлық сауда орындарын жаулап алғаны белгілі. Меніңше бүгінде біздің елімізге осы компания сынды отандық өнімдерді өндіретін алпауыт компниялар ауадай қажет. Тек қана тағам өнеркәсібінде ғана емес, басқа да салалар бойынша халықтың сұранысы жоғары, елімізде өндірілмейтін өнімдерді қолға алу керек секілді. Шетелдік емес отандық өнімдерді мейлінше қолдап, олардың санын арттыру керек!
Бұл компаниянының тәулігіне 500 т өнім өндіретін қуаттылығы бар. Өнімнің 50%-ы Қазақстанның қалаларына тараса, қалғаны Иран, Тәжікстан, Ауғанстан, Өзбекстан мен Қырғызстан секілді көрші елдерге тарайды. Бірақ та компания басшылығы мұнымен тоқтап қалмай Еуропа нарығына да шығуға ниетті. Мұнда айран, сүт, қаймақ, ірімшік, құрт тағамдарын дайындауға күнделікті тоннаға жуық сүт келіп жетеді. Сүт өнімдерінен тұтынушылардың сұранысы жоғары 2,5% және 3,2% пайыздық сүт және 2 тәулікте 48 тоннаға жуық 9 түрлі макарон өнімдері өндіріледі. 240 т бидайдан 1-ші және 2-ші сұрыпты ұн өндіріледі.
Компания сұранысы ең жоғары тағамдарды сапалы түрде өндірумен қатар 1200-ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Мұндай компаниялар бизнес ашқысы келетіндерге жап-жақсы үлгі бола алады.
#ОтандықӨнім #АлтынДән #Римма Тәжібаева #ХалықМаркасы #РиммаТажибаева
Бизнес, Идеялар 8.12.2016 жариялады
116,025 сұрақ
294,324 жауап
152,839 пікір
60,310 қолданушы