Жасөспірім жан жарасы

Жасөспірім жан жарасы

Үйге келгенде ақырын ғана есікті ашып кіріп, кіреберісте аяқ киіміді шешіп, қонақ бөлмеге қарай бағыттадым. Бөлмеде ешкім жоқ екеніне көзім жеткеннен соң, ас үйге үлкен үмітпен аяқ бастым. Бос . Үйде не анам, не әкем жоқ. Шыны айтсам үйреніп қалғанмын. Анам медбике, ал әкем компания бастығы болып жұмыс істейді. Анамның айтуы бойынша жиі іс-сапарға кететін әкемнің маған уақыты жоқ. Ал анам екі ауысыммен жұмыс істейді. Осының барлығы әрине менің қамым үшін керек. Жалпы әкемді бала кезімде ғана көргенмін. Түсінемін әрине, кішкентай емеспін ғой. Бірақ  қанша тырыссам да кішкентай кездегі өкпемді ұмыта алмаймын.... Сонымен анам екеуіміз жалғыз тұрамыз деп айтуға да болады.

 Ойға терең батып, анамның жазып кеткен хатын көрмей қалыппын. Әрине, күндегі әдетінше анам мен жоқта үйге келіп, жинастырып, тамақ жасап тоңазытқышқа салып кеткен екен. Жұмысында жіберетін үзілісте үйге келіп ұйықтамайды да. Балам үшін деп аузынан жырып, ішкен асын жерге қояды. Мамамның осы ісіне таң қаламын. Оны тастап кеткен адамнан бала тауып, оны асырап, тәрбиелеп, бағып қаққаны несі? Эх... ана жүрегі бауыр еті баласын ешкімге және ешқандай қиянатқа қимайды ғой. Күйінемін әрине....  бірақ не шара жасай аламын?

Жалпы анам Мәриям өте жақсы адам. Жас кезінде әдемі болған. Жұмысбасты және балаларды жақсы көреді. Жасы небәрі қырықта болса да, өз жасындағы әйелдерден егделеу болып көрінеді. Әкем бізбен болған кезде әрқашан езуінен күлкі кетпейтін анамның жүзінен өң кетті. Күннен күнге солып, бұрындары әдемі болған бетін әжім басып, келбет қашты. Өте аз ұйықтайды, сол себепті көз астында қара ісіктер пайда болды. Бірақ мен үшін анам бәрібір барлық арулардан әдемі, себебі ол әйел мені тоғыз ай және тоғыз күн құрсақта көтеріп, он екі сағат толғатып, мені дүниеге алып келді. Мен ешқашан ол әйелдің алдында қарызымды өтей алмаймын. Ең ғажап әйел.

Маған келетін болсақ: Есімім Арман. Неліктен бұлай атады? Бәлкім туғанымда анамның керемет арманы болған шығар? Қалай қойса да бұл есіммен өмір сүреміз де. Өзім жайлы сөйлегенді онша ұнатпаймын, алайда адамдарды танығанды жақсы көремін. Егер менен біреу бұл өмірде сен не үшін келдің деп сұраса, мен бақылау үшін келгенмін деп айтушы едім. Қоғамдағы орным бақылау тек қана. Шынын айтсам маған өмірге араласу мен үшін ыңғайсыз. Мен әрдайым қателіктерді көріп, байқап отырамын. Маған бұл ұнайды, және мен бұл қасиетпен ешнәрсе істей алмаймын.

Осындай ойларға шолу жасап шәйдың суып қалғанын да байқамадым. Кешкісін біраз уақыт қараңғы бөлмеде теледидар көріп отырдым да, сабақ қарап өз бөлмеме кеттім. Күн қиын өткеннен соң ба, қатты шаршап, басым жастыққа тигеннен, есіктің тыныш ашылғанын естімей ұйықтап қалдым.
Ақ парақтағы ойлар 8.12.2016 жариялады
116,265 сұрақ
295,203 жауап
152,913 пікір
61,090 қолданушы