Таусылмайтын махаббат 8.12.2016 жариялады
Алғашқы махаббат

Тағы оның көздеріне қараймын, еріксіз. Мен ғашық болғым келіп ғашық болды дейсіз бе? Оның керемет сыңғыр күлкісі жаныма ерекше ләззат сыйлап, құлағымның құрышын қандырады. Ия. Мен оны жақсы көремін. Неге екенін білмеймін, бірақ сол жанға тартады да тұрады. Сірә сіз бұл сезімді түсіне бермейсіз қазір. Әрбір адам өмірінде бірінші рет ғашық болады, шын сүйеді. Жоқ тәнін емес, сырт келбетін емес, оның қылықтарын, жан дүниесін, барлық жан тәнімен сүйеді. Айтады, алғашқы маххабат ең қызықты да қуанышты болады деп. Сенбеңіз, ғашық болмаңыз. Себебі кеуденің сол тұсы өте қатты ауырады.

Міне 11 сынып бітіру кеші. Ол бүгін өте әдемі болып тұр. Жымиып анда-санда жанындағы құрбысымен сөйлесіп қояды. Көз ала алар емеспін. Шашында байланған бантиктері оған керемет бір әдемілік пен, балалық сүйкімділік беріп тұр..... ол.... ол маған қарады. Жүрегім дүрсілдеп, алақаным терлеп кетті. Көзімді қайда қаратарымды білмей, директордың қара костюміне тесілдім де қалдым.  Ол маған қарауын тоқтатты ма? Білгім келіп ішім күйіп барады. Бір жағынан кірерге тесік таппай, қиналып жатсам, екіншіден маған қарауын тоқтатпаса екен деймін. Жан дүнием екіге айырылып не істерімді білмей қалдым шын айтам. Бағанадан бері сөз сөйлеп тұрған директордың не айтып жатқанын да естіген жоқпын. Себебі.... ол .... керемет. Бойында бір міні жоқ. Менің оған деген сезімдеріммен ғашықтықтан есін жоғалтқан адамдай болып жүрмін.

Бұл оқиға қалай басталды деген сұрақ мазалай ма?

Менің есімде. Бұл оқиға 1985 жылдың Сәуір айында орын алған еді. Көктемнің керемет жайдары бір күнінде, тар және ыстық кабинеттің ішінде математика оқып отырған болатынбыз. Сынып жетекшіміз сыныпқа кіре салысымен барлығымыз орнымыздан тұрып амандастық. Балаларды келе жатқан олимпиядалар жайлы ескертті және сыныпқа жаңа оқушы келгені жайлы айта кетті. Жаңа оқушы болған соң барлығы сынып ішінде күбірлесіп кетті. Маған қызық емес, мен оны не істеймін деп қолымды сілтеп, Мақатаевтің Лашынға арнаған өлеңін оқып отыра бердім. Бірақ.... біраз уақыттан кейін Ол классқа кірді. Тізеге дейін түсіп тұрған мектеп формасы және шағаладай аппақ шілтер фартук. Қара шаштары әдемілеп екі жаққа буылып, бантиктер тағылған. Жүрегім аттан салып, кеудемнен ұшып кететіндей болды. Сол күні өзімді жаңа туғандай сезініп, үйге ертерек сұранып кеттім.

Сол күні неге оған барып таныспадым екен? деген сұрақ әлі күнге жанымды жегідей жейді. Бірақ тағдырыма ризамын. Бүгінгі балаларымның анасы және болашақ немерелерімнің әжесі болып, қартайғанда бірге шай ішіп отыратын алғашқы махаббатым жанымда. Аллаға мың да бір шүкіршілік тілеймін. Себебі мен бақыттымын.

Уақыт өтті, ал сезімдер сол қалпы қалды. Әлі күнге дейін өзімді оның алдында ғашықтықтан басын жоғалтқан жасөспірім сияқты сезінемін. Себебі ол әлемдегі ең керемет жар.

1 пікір

Махаббаттарыңыз баянды болсын. Не деген керемет оқиға? Сонда қалай таныстыңыз? Алғаш танысқанда қаншада болдыңыз
117,722 сұрақ
302,766 жауап
153,349 пікір
65,094 қолданушы