Ақ парақтағы ойлар 1.12.2016 жариялады
Жел әдемі гүлді кездестіріп оған ғашық болады. Ол нәзік самалымен гүлді желпігенде, гүл де өз махабаттын білдіріп, хош иісін сыйлайды. Гүлдер адам сияқты. Оларды жақсы көретінін сезеді. Олар да өзінше қуана алады. Гүлден әдемі, гүлден нәзік нәрсе бар ма екен мына жалғанда. Мұңайса да барлығын өз ішінде сақтайды. Сырт келбетінен бір мін таппассың-ау, сірә. Өмірден алған сабағы, бастан кешіргені, мұңы мен қайғысы, қуанышы мен сүйіспеншілігі бәрі-бәрі ішінде. Тек бір өкініштісі, керекті күтім жасап, аялап күтпесең солып қалады. Солып қалмауы үшін не істесең де бәрі бекер. Табиғаттың заңдылығы, бұл. Гүлдің ғұмыры қысқа. Алайда, сол қысқа ғұмырында барлық жауапкершілікті ақтап шығады. Артына ұрпақ қалдырып та үлгереді. Өмірінің тым қысқалығына қарамастан айналасындағыларды қуанышқа бөлейді. Жанына ләззәт сыйлайды.
117,327 сұрақ
300,258 жауап
153,150 пікір
64,002 қолданушы