Мазасыз...

Мұны өмір дейді екен... Бүрге тепкен бүйірімнің салдарынан ауруханаға жатып қалдым. Сырын берсе де сынын бергісі келмейтін өлермендікті осында келіп көрдім. Ешкім өзін ауырып жүрмін демейді. Мұнысы жөн-ақ. Дәрігерді көргенде дәмеленіп қаламыз, тап бір біздің өміріміз соның ғана алақанында тұрғандай. Бір палатада 6 қыз-келіншек емделдік. Ота жасаған жандар шапқылап кетті. Ал маған қарсы жатқан тәте отасының өткеніне бір апта болса да әлі сүйретіліп жүр. Ішке жиналған сұйықтық толық шықпаған дейді. Сонда да үнсіз жүріп жанын жейді. Бүгін дәрігер келіп ем алып жатқан бес қызға үйлеріңе қайтасыңдар деген қуанышты жаңалық айтты. Төртеуінің қуанышында шек болмады. Қайту жайлы естігенде палаталас тәтемнен бұрын жанымда жатқан қыздың қабағы түсіп қалды. Үйіне асығып тұрмағаны жүзінен анық білінеді. Ал палаталас тәтем қаласа да үйіне қайта алмайды. Оның ем-шарасы әлі аяқталған жоқ еді. Осылай бес қыз үйге жинала бастадық. Бірте-бірте туысқанларымыз да келе бастады. Тек оның ғана алып кететін ешкімі келмеді.
Өз ойым 21.11.2016 жариялады
116,264 сұрақ
295,192 жауап
152,913 пікір
61,078 қолданушы