Программистер мақаланы не үшін жазуы керек ?

Hire Great Writers

Кейде жазғаным кімге керек болар екен деп ойлайсың, былай істейікші: дәл осы сәттен бастап сіз мақаланың соңына шейін оқыңыз, ал мен сізге арасында өте қызықты ойларымды жеткізіп отырайын. Мақала жазудың мәні әдетте тек қана өзіңің не істеп не қойғаныңды сулу сөздермен суреттеу емес, көп жағдайда өзіңнің қандай да бір нәрсені үйрену барысыңдағы өзіндік қайталауларың, және үйрену барысынан алған кейір бағыттарыңды сараптап басқалар үшін бөлісу болып табылады.

Мақаланы жазудағы мақсатым бір үздік блогердің артықшылығы тек блог жазу және айтатын ойын нақты әрі түсінікті жеткізу ғана емес және олардың басқалар мен де тез тіл табысатындығы, олар мәселені басқа қырынан танып, маңызды түйінді ұтымды ұстай алатындығы жәйінда болмақ.
 

Ал, не үшін мақала жазамыз?

Бір мақала жазу үшін әрине біраз уақыт кетеді, кейде бір сағат, кейде одан да көп, сол себепті көбісі copy ді бастап кетті. Ctrl+C ның дәуірі жүріп тұрған ғаламдық үрдісте, біз тағы да ұтылдық. Солайымен біздың ақпараттық технологиямыздың саңылақтары басқа елдердікінен ұтылып қалды. Бізде жақсы программистер бар, көп десек те болар, ал арасында қаншауы блог арқылы өзінің тәжірибесін білімін бөлісіп жүреді? Аз! Сайтта Біздің қолданушыларымыз сіздің қай технологияны істеткеніңзбен шаруасы да жоқ, оларға тек жылдам жұмыс істейтін, сыртқы көрінісі керемет болса болғаны, ал ішкі дүниесіне ешкім назар аудара бермейді. білмейді де басын да ауыртпайды.

Бұдан шығатын салдар мықтының не үшін мықты болуы, нашардың нашар қалпында қалуына алып келеді. Мықтылар дейік, олар мақала жазу барысында алған білімін түйіндеуді үйренеді, мысал келтірсек, алгоритмды жинақтау, есептеуді оңтайландыру тағысын тағылар.... Стратегияларды пайдаланып есептеу әдістерін және осыларды пайдаланып клиенттік бағдаламаларға бір біріне әсер етпейтіндей өзіндік өзгертулер енгізе алады. Ал бұндай әдістерді сізде білгіңіз келеді, әрі мықтыдан сұрайсыз сонда сізге оның айтқаны стратегияны пайдалану керек дейді. ал бұл сізге берілген жауап. Шет елдерде жазылған небір керемет бағдарламаларды жобалау модулдері бар...
Бұл мысалды неге айтып тұрмыз, оқу білім инемен құдық қазғандай десек әне солар осы қиын-қыстау жолдарды басынан өткізіп ұлы еңбектерді жарыққа шығарды.

Бұл барыстар сіздің не үшін керемет жазылған бағдарламалауға арналған кітаптарды оқи алуыңызға себеп. Сол сияқты мықты адамдар өздерінің тәжірибелерімен әлі бөлісіп келеді(PS: біз ондайға жете қоймадық). Егер де сізде мықтылар қатарына қосылғыңыз келсе сізде сол үйрену барыстарыңызды басқаларға бөлісуіңіз керек. Не үшін екенінің қарапайым жақтарына тоқталып өтейік:

Біліміңіздің артуы ол қайталаудан тұрады, техниканың жетілуі де сіздің сонымен қаншалықты шұғылданасыз соған қарайды, сіз бір мақаланы жазуды қолға алдыңыз дейік онда сіз сол білімді үйренуіңіздегі барысты қайталадыңыз деген сөз. Ал жазыу барысында тіптен ұмытылмайтындай есте қалады.
Ал сіздегі бөліскен қандай да жазбаңыз, ол басқаларға да керек болары сөзсіз. Сіз бұнда өзіңіздің кодтарды жазу барысындағы оқыған білгеніңіз басқалар үшін қажеті жоқ деп ойламаңыз. Бүгін оықмағанмен басқа күндерде бір өзің сияқты адамның қажетіне жарайды.
Басқлардың бағасы. Басқлар жағынан кейде ауыр соққылар келуі де мүмкін. Мысалы пікір түрінде болсын басқалай болсын. Оның несі айып, мысалы Linus те Linux тің бірінші нұсқасын шығарарда көптеген қиындықтарға тап болды, ядросына нені талдау керек дегендей ойлар мазалаған. Көп жағдайда басқалар жағынан ұқсамаған пікірдің қалыптасуы сіздің біліміңізді жетілдіруде қозғаушы күш те бола алады. Сіздің мықтылар қатарына қосылғыңыз келмейме? Әрине келеді деп ойлаймын...

 

Жазушылықты әдетке айналдыру
Copy және заңсыз көбейту

Мақаланы жиы жазуға әдеттенгенен бастап, басқалар жағынан Copy да басталып кетеді. Сосын күндердің күнінде өз блогыңызға жазылған мақаланын болгтан блогқа көшіріліп ең соңында автордың кім екені де білінбей қалатын кездер де табылады. Әрі іздеу жүйесіндегі мақаланың орны артқа қарай ығысатыны да бар. Ол енді SEO жағына да байланысты болу керек. Сол кезде сіз жарнамалаудың да небір әдістерің үйренесіз. ол да бір білім. осы кезде тіптен қызық бола түсуі мүмкін.
Біз кейде оның жазғандарын түсініп болмайсың нашар баяндайды дегенді де айтып жатамыз. Бірақ мен ойласам ондай айтудың қажеті жоқ, ол ізденді, жазды, бастысы біреуден көшіріп алмады, соның өзі керемет емес пе....Бастапқыда мен көшіруге қарсы едім. Ойласам көшірудің өзі сіздің мақалаңызға мақаладағы ойңызды кеңінен таратуға септігін тигізеді, әрине ақпараттық дәуірде жасап жатқан біздер оның алдын ала алмаймыз.
Copy оқырман үшін қайталанған мазмұндар болып есептеледі, әрі оған қызығушылығын да төмендетеді. Бағдарламаның заңсыз көшірілуі тегін нәрсенің көбейуіне, соны жасаған коммерциялық ұйымның алға басатын қадамын шектейді, құлшынысын азайтады.
 

Мақаланы қалай жазу керек
Тақырыбы өте маңызды

Мақала жазушылар үшін өзектісі мақала ойын нақты түсінетіндей етіп баяндау. Ал бұнда тақырыпта осының бір бөлшегі. Кейде мынадай тақырыптар болсын. "3 күнде Javascripti үйрену" немесе "Javascripti те бағдарламалаудың негізге қағидалары". Алғаш үйреніп жатқандар үшін алдыңғы тақырыптың сізді елең еткізуі мүмкін, бірақ уақыт өте келе соңғысының маңызы арта түседі.

Кіші тақырыптар

Мақала жазғанда да үлкен кіші тақырыптарға бөліп баяндаған абзал. Мазмұн айқындала түседі егер HTML де болса h1 h2 h3 терге бөле жүру керек, markdown үлгісі болса (github және біздің жүйеміз қолданады) #үлкен тақырып#, ##орташа тақырып##, ###кіші тақырып### сияқтылармен ажыратыңыз. Бұл мазмұнды тиянақты баяндауға септігін тигізеді.
 

Мазмұн

Мазмұн ұғыныңқы болғаны абзал. Кейде баяндайтын мазмұныңыз көлемді болуы мүмкін осы кезде сіз кішігірім бөліктерге бөліп жазсаңыз басқалар оңай түсінтін болады. Қиын бөліктеріне ескерту жасап отырыңыз.
 

Жазатын ештеңе жоқ па?

Ештеңе етпейт сіз бағдарлашы болу жолыңызды қалай бастадыңыз, осыны жазыңыз, ол да басқалар үшін құнды дерек көзі, әрі қате жолда босаңыз басқалар түзету жасап та отырады.
 

Соңында сабырлылық керек.

Көптеген мақалалар бастабында оқырмандары көп бола қоймайды. Уақыт өте келе жақсы жақылған мақалаларды қолданушылар өзі ақ іздеп тауып алмақ. Одан алаңдаудың қажеті жоқ. Өзіңіздің блогыңызбен бірге арнаулы Көп қолданушылар шоғырланған орталыққа жәриялаңыз. Ойламаған жерден оқырмандарыңыздың саны да арта түседі. Біздің жүйе сол орталықтың біріне жатады. қоланушылар сұранысы артса жүйенің әлеуеті де артып отырады. Әрі біз үздіксіз дамытып отырамыз. Әсіресе даму үстіндегі сайт қадам ақарындап басылады.
 

Қорытынды

Көп жағдайда біздер осы технологияның қайнарын іздеу жүйелерінен алатынымыз анық. Орыстар болсын, Ағылшындар, Қытайлар болсын осы салада өздерінің ресурстары бай, бірнеше жылдардан бері үздіксіз адамдар еңбек етіп келеді. Әрине сіз де өзге ұлттың тілін білесіз. Ақпаратты солардан алып үйреніп те қалған боларсыз. Әрине ешкімнің қарсылығы жоқ, дей тұрғанмен кейде қазақ тілндегі ақпараттық ресурстарды менсінбейтін бауырларымыздың сөзін естіп намыстанады екенсің. Райымбек бауырымыздың сөзне сай сондай жағдайды болдырмас үшін қандай да бір нәрселер істеуіміз керек деп ойлаймын. Алдында ITBlog деген болгтұғырды көріп қалдым, жарты жлдан бері ешқандай мазмұн қосылмаған. Неге? сұраныс жоқ па ? әлде шаршады ма, әйтеуір себебі соларға ғана айқын. Codeo.kz және www.9v.kz осыдан былайғы мазмұндар көбейе беруін, IT саласында еңбек етіп жүргендердің көптеп мақалар қалтыруын үміт етемін. Қазір қазақ тілінде IT ға байланысты сұрақтар мен жауаптар тым аз, мұның басты себебі өзге ұлттарда осы ресурстың қомақты болуында, әрі осы мамандарымыз тіл жағынан кенде емес. Сол себепті керекті ақпаратты солардан алатыны. Ал осылайымен жүре берсек сол күйінде қаларымыз даусыз.... неде болсада бірдеңелер істей жүрейік....

Мақаланың түп нұсқасы : www.9v.kz/article/25
Компьютерлер туралы 18.01.2015 жариялады
115,849 сұрақ
293,674 жауап
152,787 пікір
59,778 қолданушы