Қазақ тілінің және қазақстанның болашағы туралы

Барша қазақстандықтарға сәлем. Мен Қытай азаматымын, жасым 19да. Есімім Мақсат Досымбекұлы. Қазақ тілін жүйелі түрде оқымағандықтан қателіктер кетіп жатса айыпқа бұйырмассыздар. Мен балабақшаны қытай тілінде оқыдым, сонан жалғасты 1,2-жылдықты(класты) қазақ мектебінде оқыдым,(қазақ мектебі болғанда да қостілді мектеп, қазақ тілінде тек "Ана тіл"деген бір пән ғана,қалғандарының бәрі қытай тілінде оқытылады) 3-жылдықтан бастап қытай мектебіне түстім, себебі білесіздер мұнда қытай тілі тіпті болашақтырақ, қытай тілісіз өмір сүру қиын. Cодан тартып қазір жоғарымектепке (университет) дейін қытай тілінде білім алып келемін.

Ұлттық намыс болғадықтан ана тілімді ұмытпауға және үйренуге тырыстым. Қазір шүкір осындай дәрежеде жазып тұрмын. Қазақстанда қазақ тілінің осал хәлде екенін білемін, ғаламтордан жиі атажұрт туралы ақпарат алып турамын. Бұл жағдайдың себебі меніңше өзімізде, өзге ұлт өкілдерінде емес (яғни орыстарда емес). Өзіміздің тапқыршылығымыз кемшіл, немесе тапқырлануға ми жүгіріткен жоқпыз.

Мысалға: "ғаламтор" сөзі бар "интернет" дейміз, "мұражай" сөзі бар "музей" дейміз, "бақша" сөзі бар "парк" дейміз…… Айта берсең өте көп. Біз өз тілімізді екінші сортқа өзіміз "түсіріп" қойған сиқтымыз. Жарнама қазақ тілінде болса ешкім оқымайтындай орысша шығарамыз. Жоқ, барлық салаларда қазақша болу керек, ең бастысы оқу-ағарту саласында. Алып қарасаңыз, орыс тіліндегі өте көп сөздер өздерінікі емес, ағылшын тілінен алынған. Бірақ тек ала салмай өзгеріс енгізіп өз тілдеріне сәйкесті етіп алды.

Мысалы: "драйвер" деген сөз ағылшын тілінде "driver" деп жазылады "жұайвр" деп оқылады. Өзгеріс өте әлбетті. Ал біз тіке орыс тілінен ала саламыз, тіпті 9 әріп енгіздік өз тілімізге өзге тілден алып. Мысал етіп қарайтын болсақ: ағылшын тілі бір нан, орыстар алып шайнады, біз орыстар шайнағанын алып жұта салдық. Іс жүзінде бізде нанның өзін алып шайнап жұтуымыз керек еді. Шешушы амал:

Біріншіден, оқу-ағарту саласын түзеу, яғни қазақстанда білім алғандар мейлі қай тілді мектептен білім алған болсын міндетті түрде қазақ тілін білуі керек.

Екеншіден, "мемлекеттік тіл" "ресми тіл" деп екіге бөлмей, "мемлекеттік тіл" ұғымын бәсеңдетіп жаңадан біртұтас "ортақтіл" ұғымын таратып нәсихаттау керек. ("мемлекеттік тіл" "ресми тіл" ұғымы жоғалмайды әрине бар) Ортақтіл қазақша болады, санымен бірте-бірте ресми тілде қазақша болуы керек.

Үшіншіден, телеарналар толықтай қазақ тілінде берілуі керек. (себебі қазақша бір беріп оны орысшаға аударып қайта бір беру, ол уақытты және адам күшін ысырап етеді) Ал өзге ұлттар көп орналасқан аймақта жерлік телеарна қос тілді болуға рұқсат. (Сондай-ақ радио да осылай)

Төртіншіден, қазақтар көп орналасқан өңірде маңдайшалар, көше жол атаулары, жарнамалар тек қазақша болу керек(Мысалға: Қызылорда облысы) Ал өзге ұлттар көп аймақта қос тілді болуға рұқсат.

Бесіншіден, орталық қазақ тілі зерттеу бөлімшесін ашу. жарнама сөздерді, жаңа сөздерді орыс тілінен алабермей өз тілімізден тапқырлау. Түсініксіз "тіке аударма" дан арылып, мәдениетті түсінікті аударма жасау.

Алтышыдан, ілеспе аударманы дамыту. Республикалық ілеспе аударма институтын құру, арнайы осы саланың мамандарын сапалы түрде дайындау.

Жетіншіден, ғаламторды реттеу. Тораптарды (сайттарды)барынша қазақшаландыру, сөзсіз өзге тіл болуы керек жағдайда біріншідеп қазақша нұсқасы ашылу керек. Қосылсаңыз таратыңыз!

Рахмет! Мақсат Дсымбекұлы ҚХР Қорғас ауданы 2016-жылы 20-Қараша
Мен ҚАЗАҚПЫН! 20.11.2016 жариялады

2 пікір

СМС дегенді келте хат деп аударғандарыңыз қатты ұнады!
Я, осылай әдемі, жағымды етіп аударған сөздерді көрсем сүйсіне қуанамын. "интернетті" "ғаламтор"деп аударсақ, "сайтты" "торап"деп аударсақ, "әлеуметтік желі қолданушысын" "тораптас(ымыз)"деп аударсақ тіліміз тіпті оңай, тіпті түсінікті болмай ма еді. Біз өзіміз қазақ тілі әлемдегі ең бай тілдердің бірі деп мақтанаміз, ал ісжүзінде біз тілімздің қызықтысын байқаған жоқ сиақтымыз. Оны қазбалау керек, тапқырлау керек.
116,265 сұрақ
295,203 жауап
152,913 пікір
61,090 қолданушы