Ақ парақтағы ойлар 16.10.2016 жариялады
Халқымыз кашан да кайырымдылықтан кенде болмаған, жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған. Бұл қасиет оның болмысының ажырағысыз құрамдас бөлігі болса керек. Ата-бабалардың игі дәстүрін ұрпақтары жалғастырып келеді. Қазіргі таңда «Қайырымдылық концерттер» жиі болады. Оны кім ұйымдастырып жатыр, қалай ұйымдастырып жатыр оған сіз зейін саласыз ба? Міне, Отандық жұлдыздардан сұрағанымда ешқайсысы бас тартпай бірден келісім беретінен айтып өтті. Тек сұраған соң әнін, тілегін айтып кететін ескертті. Ал, театр актерлерінен сұрағанымызда, басшылықтың белгілеуі бойынша міндетті түрде «Қарттар үй», «Балалар үйі» және ауруханаларға барып, белгілі бір қойылым қоятындықтарын жеткізді. Бүгінгі таңда бұл тақырыпты қозғауыма себеп болған оқиғалар да жетерлік, концерт қойып қаржылай көмекті бермей кеткендер немесе өнер адамдарымен етене араласқысы келетіндер яғни кез келген адам концерт қоя алады. Бұл пікірмен келіспейтін де боларсыз, бірақ қайырымдылық жасасын жасамасын емес. Қайырымдылық дегеніміз ол концерт қою, ақша беру ғана емес. Қолыңнан келген істі жаса, жолдан өте алмай тұрған оқушы,зейнеткер немесе көзі көрмейтін кісіні жолдан өткіз олда бір қайырымды іс. Тіпті ішіңіз пысып не істеріңізді білмесеңіз қараусыз қалған ата-әжелерге барып үйін жинап, тамақ істеп беріңіз. Тек ойқы-шойқы ұйымдастырылған концерттен аулақ болыңыз. Қазақстан Республикасының заңдарында «Қайырымдылық» туралыда заң бар. Қайырымдылық Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 402-V ҚРЗ сәйкес күшіне енген. Осы Заң қайырымдылық саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. Жалпы 7 тарау, 32 баптан тұрады. Соның ішінде айта кетерлігі 7-тарауда, яғни қорытынды ережелерде 31-бапта жазылған. Қазақстан Республикасының қайырымдылық туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
117,167 сұрақ
299,122 жауап
153,130 пікір
63,643 қолданушы