Мен ҚАЗАҚПЫН! 4.10.2016 жариялады
Бөрілер неге ұлиды?   
 
Ерте, ерте, ертеде, бөрілер ұйымшылдығымен, қайтпас қажырлығымен жердің жүзін жаулапты. Бөрілерге бетпе бет келіп жеңе алмаған жаулары қулыққа басып, бөрілердің күшігін жылы-жұмсаққа, дайын тамаққа көніктіріп, сүйек тастап үйрете бастапты …сүйек мұжып әдеттенген күшіктер бөйкүйезденіп, алсқа жортып, аң аулаудан ерініпті. Көз аясы тарайып, ауылдан ұзап шығудан жүрексінпті. Көп жортқан, көпті көрген нағыз бөрілердің шерткен сыр, айтқан әңгімелеріне құлақ төсемейтін бопты. Тегінен ажырай бастаған күшіктердің күбір сыбыры күнделікті күйкі тірліктен аспапты. Бара-бара, бөрі тұқымның ұсақтағаны сонша, сүйекке әуестенген күшктер қолға үйреніп, боқ жемесе басы айналпты …ата тегін ұмытпаған, рухы мұқалмаған бөрілер баба жолын қуатын, бөрі мұратын орындайтын күшіктердің озгеріп бара жатқанын сезініп, тау басына шығып алып, сақтық дабылын қағып, бар дауыстарын соза айғайлапты. Ашынған бөрінің дауысна елең ете түскенімен, күшіктер үйреншкті әдеттерінен аса алмай, бір біріне ырылдаса тап беріп, осы күнге, осы халге қалғандықтарын бір бірінен көріп, таласа беріпті …ақыры, бөрілер екіге бөлініп, бір тобы тойған жеріне, енді бір тобы туған еліне кетіпті. Содан бері, бөрілер биікке шығып, тегінен жеріген күшіктер тырагедиясы қайталанбасын деп көкке қарап ұлитын болған екен.

Тереңнен толғанып қазақы жүркпен оқыңыз тағдырыңыз неге ұқсайды екен?
#maulenjanbolat
117,722 сұрақ
302,762 жауап
153,349 пікір
65,094 қолданушы